Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia__1241_leumettanu.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12 Дәріс Жастар әлеуметтануы

Әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. А., 2005

  2. Политология. Учебное пособие. Под. Редакцией А. Нысанбаева. А.,1998

  3. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004.

Жоспар:

1.Жастар ұғымының анықтамасы.

2.Жастар әлеуметтануы ның зерттеу пәні.

3.Жастар әлеуметтанулық білім жүйесінде.

4.Жастардың қазіргі әлеуметтанулық концепциясы.

5.Жастар мәдениеті. Қоғамның саяси саласындағы жастар

Жастар социологиясы - қазіргі заманғы социологияда жастарды әлеуметтік қауымдастық ретінде теоретикалық және эмпирикалық негізде зерттеуші социологиялық білімнің жеке саласы. Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс. Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлар бар. Ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесников “ Студент социолог көзімен ” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасады. Бұл сындар министрлік пен ортада кері пікірін туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді. Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін “оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді. Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды. Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады. Мұндай ахуалдың итермелеуші күші (эпицентірі) Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы, өзіндік құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік, саяси солшыл радикалды топтар бірлестіктері 1968 жылдары – “студенттер ревалюциясы” деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты. Осындай өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей қоймады, бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып – сенген қағидалар бойынша өмір сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті. Кеңес Одағындағы жастар субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген қызығушылықтар көбейіп, шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары, әдеби және көркем андеграундтары, кеңестік эстраданың ресми және идеологияландырылған эстрадасына қарама – қайшы, түрлі әндер дүниеге келе бастады. Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт – насихаттан тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті: нашақорлық, жезөкшелік, құндылықтық вакуум, білім және мәдениет дағдарысы, біртіндеп тереңдей берген, үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене, тереңдей түсті, әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай қоғамтанудың жаңа, ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды. Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты 1970 жылдан бастап 1982 жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып отырды. Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы саласының бірі болып табылады. Оның мәні өте ауқымды, жастар категориясына қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды. Мұндай проблемаларға: әлеуметтік құрылымдағы жастардың орны мен рөлі (С.Н.Иконникова мен В.Т.Лисовский еңбектерінде қарастырылады); жас ұрпақтар арасында жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтену процесі (И.С.Кон еңбектері); жастардың құндылықтарға икемделуі; әлеуметтік өз - өзін сезіну мен өмір бейнесі; кәсіби бейімделу; жұмыссыздық проблемасы мен жастардың жұмысқа тұру мәселесі; әлеуметтік рөлдер мен жастардың әлеуметтік мобильділігі, әртүрлі әлеуметтік қабат өкілдеріндегі жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің ерекшеліктері, әлеуметтік белсенділігі мен белсенсіздігі (пассивтілік) себебі, әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері; жастардың әлеуметтік басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу жетістіктері, жастар және студенттік отбасы проблемасы т. б.

Жастар социологиясын зерттеуші атақты отандық социолог И.С.Кон зерттеу объектісіне мынандай анықтама берді: “Жастар – жас ерекшілігі мінездемелері негізінде біріккен, әлеуметтік жағдайы мен басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттеріне қарай жинақталған әлеуметтік – демографиялық ерекшеленетін топ. Жастық шақ белгілі бір фаза (кезең) ретінде, биологиялық тамаша өмірлік циклі бар, алайда оның нақты жас ерекшелігі ара қашықтығы, әлеуметтік статусы мен әлеуметтік – психологиялық ерекшелігі әлеуметтік – тарихи табиғаты бар, қоғамдық құрылысқа тәуелді, қоғамның мәдени әлеуметтену заңдылықтарына тән кезең болып табылады.”

Жалпы социология секілді жастар социологиясының пәндік ғылыми зерттеуінің үш деңгейі бар. Бұл жалпы - теоретикалық деңгейі жастарды макросоциологиялық процестер ауқымында зерттейді; арнаулы – теоретикалық деңгей жастарды жас ерекшелігі мен әлеуметтік демографиялық топ ретінде, өзіндік әлеуметтік және психологиялық өзгешіліктері, құндылықтары, күтулері тағы басқаларды зерттейді; эмпирикалық социологиялық зерттеу деңгейі нақты статистикалық материалдар беруін, қорытындылар мен теоретикалық жалпылау негіздерін жасауға болады.

Жастар социологиясы социологиялық білімнің біртұтас жүйесінің бір саласы болғандықтан оның басқа да салалары мен тығыз байланыста, жастарды тек әлеуметтік феномен ретінде оқымайды, сондай-ақ түрлі нақты әлеуметтік қарым – қатынастар формасында оқиды. Ол мәселен, дін социологиясы - себебі, жастарды діни көзқарастары мен ізденістері, діни институттар қызметіне қатысуы, секталар, шіркеулер, қала және ауыл социологиясы – жастардың қаладағы және ауылдағы құндылықтарға бейімделуі мен іс - әрекеттеріне салыстырмалы талдау жасалынады, денсаулық сақтау социологиясы жастарға әсер ету факторларына тоқталады.

1. Жастар социологиясы жастарды ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттейді, әсіресе, оның қоғамдық өндірістенудегі орны мен ролін, жас ерекшелігі шекарасын, қажеттіліктері мен қызмет ету әдістері, жас адамдардың әлеуметтену процесі, олардың әлеуметтік - кәсіби бейімделуі мен ұжымға үйренісуі, бейресми жастар бірлестігі мен таптық, гендерлік, этикалық, мемлекеттік және діни ерекшеліктері бар қозғалыстары өзгеше. Жастар социологиясы әлеуметтік өмірдің бірқатар проблемаларына қызығады, олар жалпы социологиялық болғанымен жастарды да қамтиды (білім, отбасы, неке, жыныс қатынасы), немесе жастардың ортаға бейімделуі (тәрбие ерекшелігі, оның формаларының тиімділігі, әдіс – тәсілдер, әлеуметтік, саяси дамуы тағы сол сияқты)

Жастар социологиясының зерттеу объектісі – жастарды, әлеуметтік өмір мен әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісінің феномені ретінде қарастырды. Бұл феноменнің ғылыми талқыламасы жалпы социологияға тән, үш өзара байланысты органикалық біріккен деңгейді зерттейді:

1) Жалпы теоретикалық, жастарды әлеуметтік феномен негізінде түсіну;

2) Арнаулы – теоретикалық, жастарды әлеуметтік-демографиялық топ ретінде қарау, оның сана –сезімінің және іс - әрекетінің ерекшелігі, жас мөлшері мен әлеуметтік – психологиялық мінездемелері, өмір бейнесі, құндылықтың икемделуі, саяси, мәдени және діни ұстанымдарын қарастырады.

3) Эмпирикалық жастар өмірінің түрлі саласындағы нақты социологиялық белгілерге сүйенеді.

Жастар социологиясының пәні: қоғам дамуындағы жастардың орны мен рөлін зерттеу, оның сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, құндылықтары, әлеуметтік күтулері, өмірлік көзқарастары, әртүрлі әлеуметтік салалардағы ерекшеліктерін қарастыру, өмірлік жоспарлары мен оны оптималды түрде жүзеге асыру жағдайын анықтау, жастардың әлеуметтік басқару мен әртүрлі деңгейдегі өзін-өзі басқаруға әлеуметтік белсенділігі және қатыспау себептері, моральдық – психологиялық дайындығын анықтау т. б.

Жастар көптеген әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі: психология, педагогика, демография, құқық, саясаттану, философия, тарих, социология.

Жастар социологиясының пәнін түсіну үшін оның социологиялық басқа да ұқсас, “шекаралас” ғылымдар саласындағы орнын саналы түрде анықтау қажет.

Қоғамның жас ерекшелігін зерттей отырып, жастар социологиясы мына салаларға келіп тіреледі, олар балалар, кәрілер, өмірлік цикл, ұрпақтарды зерттеу. Олардың ортақ проблематикасы (жас ерекшелігі шекарасы, жастық кемсіту (дискриминация) ұрпақтар ауысымы, өтпелі әлеуметтік статустар пәні, өмір жағдайының жалғасы), сондай – ақ, жас ерекшелігін зерттегенде, объектілер уақытының өзгерісін зерттеуге бағытталады (ретроспективті, лонгитюдті стратегия, қайталанбалы немесе панельді зерттеу, жағдайлар талдауы бар).

Алайда жасөспірімдік шақ зерттеу пәні ретінде өмірлік циклдің тек жас ерекшелігіне жатпайды, себебі сонымен қатар есею процесінің әлеуметтік аспектісі бар, олар әлеуметтік теориясы түсінігінде қарастырылады. Сондықтан, жастар социологиясы білім социлогиясы, мәдениет, отбасы социологиясы, тәрбие проблемасын қамти отырып, әлеуметтену, әлеуметтік бақылау мен өзін - өзі анықтау, өзін - өзі бөлектеу дағдарысы, статусын ауыстыруына байланысты өзгерістер.

Жастар социологиясы социологияның бірнеше салаларымен тығыз қарым – қатынаста: қала, ауыл, өнер, мәдениет, жеке тұлға, бұқаралық коммуникация, медицина және денсаулық сақтау, білім, қоғамдық пікір, ұйымдар, әскер, саясат, құқық, дін, отбасы, еңбек, басқару, дене тәрбиесі мен спорт.

Тағы бір ескеретін жәйт, жастар социологиясы социологиялық білімнің бір саласы ретінде барлық елде өзіндік статус пен титулға ие болған жоқ, себебі, жасөспірімдік шақты ең алдымен психология және әлеуметтік антропология зерттейді.

П. Сорокин 1916 жылы өзінің «Қазіргі заманғы отбасылар дағдарысы» еңбегінде дәстүрлі отбасылық байланыстардың үзілу процесін суреттей келе, жеке аспект ретінде ата-ана мен бала арасындағы дәстүрлі байланыстардың ажыратып, жасөспірімдерді тәрбиелеу және қамқорлыққа алу функциялары мемлекеттін қолына өтуі проблемасын ерекше бөліп қарастырды. Ол тәрбие мен оқыту отбасы міндеті болудан қалды» - деп жазды. Балалардың оқу, тәрбиелену мекемелерінің кең ауқымда болуы дегеніміз, тағы сол сияқты, негізде алғашқы тәрбиелеуші және «скульптор» отбасыдан алынып, баланың өз отбасы ошағында өткізетін уақыты да қүрт азайды. Отбасылық тәрбие мен оқытуды кәсіби ауыстыру П. Сорокиннің ойынша, өзінің жағымды жақтары бар, яғни баланың қоғамдық мотивтерімен қызығушылықтарды толық меңгерген, жан-жақты дамыған әлеуметтендірілген ұрпақ болып өсуіне өз септігін тигізеді.

П. Сорокин ертеректегі мақаласындағы «баланы, жеке тұлғаны» индивид ретінде қарастырудың тарихи бағытынан ауысып, «жас ұрпақты» қауымның мүшесі, білім институттарында «әлеуметтенген» статусы бар индивид ретінде талдау жасады. Енді оның әлеуметтік қалыптасуы қоғам тарапынан болатын мүмкіндіктер мен шектеулерге бағынышты.

Сол кездері баспаларда студенттер мен оқушы жастар проблемасы пайда бола бастады (А. Сперанский), оның ішінде әсіресе орыс студенттерінің тұрмысы мен материалдық жағдайы проблемаларына дәстүрлі назар аударыла бастады, ондағы бюджеттегі оқу мен оқудан тыс уақыттары талданды (А. Кауфман).

Әлеуметтік статистикада жұмыс істеуші жастар категориясы (10-12 жастан 20 жасқа дейін) сол 1897 жылы халық санағында анықталды. Жұмысшы жасөспірімдердің өндірістегі және тұрмыстық саладағы ауыр жағдайы, оларды үлкендермен салыстырғанда құқықтық қорғау мен қамқорлыққа алу мәселесі бойынша мақалалар жарық көре бастады. (И. Ян -Жул, А. Бернштейн-Коган). Бұл мақалалардың жалпы бағытталуы әлеуметтік қорғауды талап ететін және кемсітілген топтар, билік тарапынан қосымша қамқорлық қажет ететіндердің демократиялық түрде қызығушылықтарын талап ету болып табылады.

Жастарға деген жаңа қызығушылық 19 ғасырдың 1920 ж.ж. басқару қызметтерінде партиялық, кеңестік және қоғамдық ұйымдардың қалыптасыуымен байланысты дамыды.

Бұл 1920 ж.ж. жастардың еңбекке белсенділігі мен тәрбиелеу проблемасына аса назар аударылды, оның себебі, өндірістің техникалық артта қалушылығын жолға қоюдың прогматикалық қажеттілігі, еңбек мәдениетінің төмендігі, өндірістің ұйымдастырылуы, патша тәртібімен соғыстан кейінгі өндірістерді қайта жаңғырту секілді проблемалармен байланысты болды. Ал, жастар еңбек ресурстарының басым көпшілігін құрайды: әрбір бесінші 14-тен 22 жас аралығында, сондай-ақ негізгі бөлігі (28млн) ауылда болса, тек 14 млн. қалада. 20 жылдары тәрбиелеу теориясы мен практикасы саласында басшылықта ревалюциялық эксперименттер жасау өз шыңына жетті. Бұл кездегі ерекше қызығушылық психоаналитикалық әдістіктің дамуына әсер етті. Психоанализді әдістің дамуы билік тарапынан қабылданып қолдауға ие болды. Психоанализдің ғылыми зерттеу институты ашылып, балалар үйінде практика психоанализ әдістері негізінде құрылған экспериментальды тәрбиеленген топтар құрылды. Жастардың идеологиялық тәрбиеленуі билікке қарым-қатынасында, әсіресе жас өспірімдердің имандылық туралы (махаббат және жыныстық тәрбие проблемасы, әрбір адамға ұжымдық жауапкершілік пен өзін-өзі өлтіру проблемасы) ғылыми зерттеулерге сүйенген дискуссияларға аса мән берілді. Келесі бір толқын 1930 ж.ж. ортасында белең алды, алғашқы кеңестік жастардың есею өміріне араласуымен байланысты дамыды. Жастар социалистік тәрбие объектісі ретінде қарастырылып, партияның саяси идеалы астарында тәрбиелініп дайындалды.

2. «Жастар социологиясының» социологиядан жеке ғылым ретінде бөлініп шығуы 1960 ж.ж. «Жастар революциясы» кезеңімен байланыстырылады, әсіресе, жастар проблемасының өсуі, ұрпақтар жанжалы мен әлеуметтік өзгерістердегі жастар рөлдеріне қатысты дамыды. Бұл толқында К. Маннгеймнің «әлеуметтік прогрестің жаңа ұрпағы негізгі көзі» атты идеялары және М. Мидтің әртүрлі тарихи кезеңдердегі ұрпақтардағы мәдени ерекшелігі типтері жайлы идеялары атақты болды. Кейінірек (1970-1980 жылдары) еңбек нарығындағы өзгерістермен жоғары білімі бар жас адамдардың өсуімен байланысты. Батыс елдерінде жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын зерттеуге мән бере бастады (білімі, жастардың саяси таңдауы, еңбек нарығы, жастар субмәдениеті мен кәсіби бейімделуі). Жастарды тәрбиелеу аталарымен әкелерінің атақ дәрежесі идеологиясы негізінде үстемдік етуші нормалар мен құндылықтарды игеруге бағытталды. Жастар субмәдениеті мен бейресми жастар қозғалысы девиациялық іс-әрекет ретінде қарастырылды. Октябрят, пионер ұйымдарымен комсомол саяси партияның ресми құралы болды. Өз кезеңінде И. Сталин бұл ұйымдарды, профсоюздарды «партияның белдеуі» деп атады. 1968 жылы ҚСРО да ғылым Академиясының президиумында нақты әлеуметтік зерттеу Институты құрылып мемлекет социологтарға әлеуметтік тапсырма бере бастады, ол алдымен жастарды коммунистік тәрбиелеу проблемасына қатысты болды.

3. Жастар социологиясының әрі қарай дамуы идеологиялық тапсырмалар бағытында болып, көптеген нақты социологиялық зерттеулер жастарды коммунистік тәрбиелеу проблемаларына айналды. Институтта нақты әлеуметтік зерттеулер екі бөлімнен тұрды: «Білім берудің әлеуметтік проблемалары» (В. Н. Шубкин), және «Жастардың әлеуметтік қажеттіліктерін болжау» (И. В. Бестужев-Лада).

Жоғарғы комсомолдық мектептерде ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, жастар арасында рухани мен коммунистік тәрбие проблемасы бойынша сауалнама жүргізілді. ВШК социологтары ЦК ВЛКСМ ауқымында жастардың әлеуметтік-саяси және еңбектік белсенділігін анықтау мақсатында типтік әдістемелер құрылып, «Жастардың өмірлік белсенділігі көзқарасындағы моральдік бейімделу», «Жұмысшы табының колхоз шаруашылығында дұрыс толығуының қалыптасуы» тақырыбында зерттеулер жүргізілді.

Егер де «комсомолдық зерттеу», «тапсырыстық» идеологиялық мінездеме болса, онда басқа академиялық бағыттар жастар проблемасын объективті талдауға ұмтылды. Осы бағыт жастар социологиясының жеке ғылым саласы ретінде дамуына негіз болды. Оның ішінде әсіресе, бірнеше мектепті бөліп көрсетуімізге болады: Новосибирск (В. Шубкин), Свердловск (Ф. Р. Филиппов, М. Н. Руткевич, Л. Я. Рубина), Ленинград (В. Т. Лисовский, С. Н. Иконникова, А. В. Лисовский) және Эстон (М. Титма).

Новосибирск мектебі. «Проект 17-17», «Проект 17-25» деп аталатын В. Н. Шубкин бастаған 1936 жылы Новосибирдегі социологиялық зерттеу кейін Мәскеуде жалғасып жастардың өмірлік жоспарын зерттеуге арналады. Бұл есею өміріне араласу процесі туралы көзқарасты анағұрлым тереңдетуге көмектесті.

«Социалистік қоғамдағы жастардың өмірлік жолы» деп аталатын В. Н. Шубкин жүргізген зерттеу мен төрт батыс европалық елдерде (Чехословакия, Болгария, Венгрия мен Польша) жүргізілген зерттеулер жастардың еңбек нарығындағы сұранысы мен білім деңгейінің арасындағы сәйкес кемшілікке қорытынды жасады. Жастар арасындағы жеке топтардың өмірлік мүмкіншіліктерінің теңсіздігі туралы қорытынды социализм кезіндегі барлық әлеуметтік топтарда теңдік туралы көзқарасқа қарама-қайшы қағидалар анықталды.

Өмірлік мүмкіндіктер теңсіздігі өткір әлеуметтік проблема ретінде сол кезде қарқынды экономикалық даму әсерінен соғыстан келгендермен толған еңбек нарығында бос орын болмауы, жоғары білімі барларға жұмысқа тұруда қиындықтар туғызғаны белгілі болды.

1970-1980 жылдардың аяғында батыс жастар социологиясы жастардың әлеуметтік-кәсіби проблематикаға қайта бейімделуінің қарама-қайшылықтарын анықтауға бағытталды.

         Жастар — жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл 4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады. Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi — 6,3%. Жастар — бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс.

Жастар — қоғамның бiр бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi болып табылады. 2008 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады . Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады. Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды. Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi — бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %). Табысқа жету үшін үшінші бiр басым құрал деп корреспонденттердің 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн «жағдайлардың сәтті барысы» негiзгi құрал болып табылады. Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың болуын есептейдi. Сонымен бiрге, жастардың үштен бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм мен мамандықтар ала алады, кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбiреулерi білікті медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерінiң шығармашылық қабiлеттерін iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентінің өмiріне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады. Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еркiн сақтай алады. Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы. Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi. Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана «жоқ» деп жауап бердi. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады. Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Тұтастай алғанда, «Инноченти»/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта бiлiммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсіптiк-техникалық (орта арнаулы) біліммен қамту — 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары бiлiммен қамту — 19-24 жастағы халықтың 33,4%-ы. Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Субмәдениет ұғымы  Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.  Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.  Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр.

13-дәріс. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы

Әдебиеттер:

  1. Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002

  2. Смелзер Н. Социология .-М., 1994

  3. Тощенко Ж.Т. Социология –М.1998

  4. Фролов С.С Основы социологии – М,.1997

Жоспар:

1.Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының обьектісі мен пәні.

2.Девиантты мінез-құлық, девиация, деликвентті мінез-құлық категорияларының

мазмұны.

3.Позитивті және негативті девиация.

4. Әлеуметік бақылау девиантты мінез-құлықты реттеу механизімі ретінде.

5.Девиантты мінез-құлық теориялары.

1. Әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, кейде дұрыс жолдан ауытқып кететін ауытқымалы мінез – құлық - аномия орын алуы мүмкін. Әлеуметтік норма - адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет. Әлеуметтану ғылымының мақсаты әлеуметтік құндылықтарды зерттей отырып, әлеуметтік норманы орындау және орындамаудың әлеуметтік себептеріне талдау жасап, девианттық қылықтардың алдын алу шараларын мүмкіндігінше анықтау.

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлықтары көптеген ауытқушылықтарға ұшырап отырады. Бұл социологиядағы келесі ұғым девианттық мінез құлықтың көрінісі болып табылады.

“Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. (4-схема) Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.

Позитивтік девиация дегеніміз – бұл мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.

Негативті девиация дегеніміз - керісінше көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады. Латын тiлiнен аударғанда delinguens – «қылық», «кiнәлi» болуды бiлдiредi. Бұл термин бойынша, бiз тұлғалардың құқыққа қарсы мiнез-құлқы-тұлғаның нақты iс-әрекетi, қоғамда, заңда тұрақтандырылған норма-ережелерден ауытқу, бiреуге қоқан-лоққы көрсету немесе қылмысы бойынша жазасын тартатын азаматтардың нақты iс-әрекетiн түсiнемiз. Заңға қарсы iс-әрекет ететiн адам деликвенттi тұлға (деликвент) деп аталады.

2. Девианттық мінез-құлықтың себептерін социологтар бірнеше бағыттардан іздейді.

1. Адам бойындағы бірқатар кемшіліктерден - эгоизм, көре алмаушылық, өз мақсатын орындауға деген шектен тыс ұмтылыс, т.б.

2. Олардың биологиялық және психологиялық ерекшеліктерінен.

3. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайдан. (тәрбие, білім, қоршаған орта, жұмыс істеу мүмкіндігі т.б)

(4-схема)

Девианттық мінез-құлық

Кең мағынада Тар мағынада

Индивидтің қоғамдағы әлеуметтік нормаларға сай келмейтін кез-келген іс-әрекеттері.

Индивидтің мінез-құлығының әлеуметтік нормадан негативті ауытқуы.

Негізгі түрлері

Позитивті девиация

  • Өзін-өзі құрбан ету

  • Батырлық

  • Шектен тыс дарындылық

Негативті девиация

  • террорлық

  • ұрлық

  • ценизм

  • жемқорлық

  • қылмыс

  • маскүнемдік

  • нашақорлық

  • жезөкшелік

  • гомосексуалдылық

  • аномия

3. Ғалымдар ауытқымалы мінез - құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар. Біріншісі девианттылықтың себебін биологиялық факторларға қатысы бар деп есептейтін бағыт. Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен комформизм - бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп көңіл бөлінеді? деген сұрақ қояды. Бұған Дюркгейм былайша жауап береді. Біріншіден, девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңілін өзіне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын оған деген халықтағы, мемлекеттегі қобалжулықтың көтеріңкі болуымен байланыстырады. Басқа ғалымдар девиацияның себебін әртүрлі жолдармен түсіндіреді. Мәселен, ХІХ - ғасырдың аяғында итальян дәрігері Цезаре Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл концепцияны жақтаушылар көп болды. Мәселен атақты американдық психолог және дәрігер Уильям Шелдон да (1940) девиацияға байланысты адамның дене бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын. Мысалы, эндоморфты адамдар, яғни, біршама дөңгелектеу келген орташа толық адамдар әдетте көпшіл, елмен тіл табыса алатын жән өз басын бірінші орынға қоймайтын, басқаның иіне көнгіш болып келеді. Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді.

Праис ауытқымалы мінез - құлықтың себебі дене құрылысының ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдардың бұзылуынан іздейді.

Екіншісі, девианттылықтың себебін психологиялық факторларға қатысты деп санайтын бағыт. Зигмунд Фрейд адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы, есалаңдығы (психопат) теріс мінез - құлықтарды тудыратын себептер деп дәлелдейді.

Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі жоғарыда келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы мінез-құлықтардың басты себептерін әлеуметтік – мәдени факторлардан іздейді. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты болады деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың anomie деген сөзінен шыққан, заңның болмауы деген мағынаны береді. Аномия - әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары сәйкес келмеуі. Аномиялық жағдай заманның өтпелі кезеңдеріне болатын экономикалық деңгейінің, имандылық дәрежесінің төмендеуіне байланысты пайда болады. Аномия адамдардың механикалық бірлігінен органикалық бірлігіне өтуінің толық анықталмау нәтижесі. Аномия ұғымының мәнін Э.Дюркгейм «Суицид» еңбегінде толық ашып көрсетеді. Ол суицидтің: эгойстік, альтруистік, аномиялық түрлерін бөліп көрсетеді.

Девиантты әрекеттің әлеуметтік мәдени себептерін ашып көрсеткен Р.Мертон болды. Аномия ұғымы Р.Мертонның қөзқарасынша адамдардың мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары арасындағы алшақтықты білдіреді. Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе алмаған жағдайда туындайды.

Р.Мертонның индивидуалды бейімделу тәсілдерінің типологиясы

Бейімделу тәсілдері

Мәдени мақсаттар

Институттық құралдар

Конформизм

+

+

Инновация

+

-

Ритуализм

-

+

Ретритизм

-

-

Төңкеріс

+ -

+ -


Р.Мертон мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін жоғарыдағы кестеде бейнелейді: (1) конформизм (қоғамың мақсаттары мен құралдарын қабылдайды); (2) инновация, реформизм (мақсаттарды қабылдайды оған жету құралдарынан бас тартады. Байлық пен табыстың жаңа заңсыз жолдарын іздейді мысалы, рэкет) (racketeering).; (3) ритуализм (сол қоғамның мақсаттарын қабылдамайды бірақ жету құралдарын қабылдайды. Ол күндердің бір күнінде сәттілікке жететініне яғни, тағдырына сенеді мысалы, бюракрат ); (4) ретритизм, тұйықталу (мақсаттарды да оларға қол жеткізу құралдарын да қабылдамайды. Сол қоғамнан алшақтаған нашақор, маскүнем, қаңғыбастыққа бой бергендер); (5) төңкеріс (мақсаттар мен оларға жету құралдарынан бас тартып оларды жаңасымен ауыстыру. Қоғамдағы тәртіпті ауыстырғысы келетіндер: саяси радикалдар, діни ұйымдардың мүшелері, төңкерісшілер). Адамдар аномияға осылайша бейімделеді. Бұл көбіне девиантты әрекеттер арқылы жүзеге асады. Аталған әрекеттердің ішінде конформизм – ең қалыпты мінез құлық үлгісі болса, қалғандары ауытқыған мінез құлық үлгілері болып табылады. Р.Мертонның ойынша, қоғам қаншалықты тұрақты дамыса девиантты әрекет те аз орын алады яғни адамдар қоғамға конформды қөзқараста болады.

4. Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз ететін және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. “Әлеуметтік бақылау” - термин, оны айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын. Шет ел социологтары Ф.Знанецкийдің, Р.Лапьердің, Д.Мартиндейлдің, У.Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл социологтар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды: 1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар; 2) қоғамдық пікір; 3) әлеуметтік институттар. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке аясы болады. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады.

Тест сұрақтары:

1. Девиантты мiнез құлық дегенiмiз-

А)Ауытқыған мiнез - құлық

В)Қылмыстық мiнез- құлық

С)Заңнан ауытқу

Д)Заңды саналы мойындамау

Е)Әлеуметтiк стандарттан бас тарту

2. Делинквенттi мiнез- құлық дегенiмiз-

А)Қылмыстық мiнез- құлық

В)Әлеуметтiк стандарттан ауытқу

С)Заңнан ауытқу

Д)Ауытқыған мiнез -құлық

Е)Психиканың өзгеруi

3.Аномия дегенiмiз-

А)Мәдениеттiң бiрлiгiнiң бұзылуынан адамдардың өмiрлiк тәжiрибесi идеалды қоғамдық нормаларға сай келмеуiнен нақты әлеуметтiк нормалардың болмауы

В)Әлеуметтену туралы ұғым

С)Азшылық топтардың басым мәдениетпен бiрiгiп кетуi

Д)Қоғамның басқа мүшелерiмен салыстығанда табыстың болмауы

Е)Қоғамдағы басшылық етушi ережелерден бас тарту

4. Девиациялық мінез құлықты зерттеудегі әлеуметтанулық бағыт өкілдері

А) Э. Дюркгейм, Р.Парк, Р. Мертон

В) Ч. Ламброзо, С.Харчев, П. Сорокин

С) З. Фрейд, Г. Ананьева, О. Шпенглер

Д) О. Конт, М. Вебер, К.У. Биекенов

Е) П. Сорокин, З. Фрейд

5. Девиантты мінез құлық дегеніміз, бұл ?

А) Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормадан ауытқу

В) Индивидтер мен әлеуметтік топтар жиынтығы

С) Саналы абстракция

Д) Тәжірибелік жасанды білім

Е) Қатынастар жиынтығы

6.Индивидтің мінез-құлқының нормаға сай болмауы:

А) Девиация

В) Деструкция

С) Депривация

D) Делинквенция

Е) Аномия

7.Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің неше түрін бөліп көрсетеді?

А) 3

В) 4

С) 2

Д) 6

Е) 5

9.З. Фрейд тұлғаның психологиялық концепциясын нешеге бөлді?

А) 3

В) 2

С) 1

Д) 4

Е) 5

10. З. Фрейдтің түсінігінше девиациялық әрекет?

А) Адамның өзіндік «мені» мен қоғамдық менінің өзара қайшылығынан туындайды

В) Адамның психикалық ауруға ұшырауынан туындайды

С) Адамның түр келбеті қылмыскерлікке бейім болады

Д) Халыктардың орнығуы үрдісі

Е) Тәжірибелік жасанды білім

11.Дюркгейм қоғамдағы қандай мәселелерді зерттеді?

А) девианттық мінез-құлық

В) әлеуметтік стратификация

С) әлеуметтік роль

D) әлеуметтік әрекет

Е) әлеуметтік регресс

12.Дюркгейм бойынша суицид қоғамда көп орын алады:

Әйелдерге қарағанда ерлерде

Жастарға қарағанда кәрілерде

Кедейлерге қарағанда байларда

Қалаларға қарағанда ауылды жерлерде

Ересектерге қарағанда балаларда

13. «Суицид» еңбегінің авторы:

А) Э.Дюркгейм

В) М.Вебер

С) В.Парето

D) Г.Моска

Е) П.Сорокин

14. Э. Дюркгеймнің енгізген «аномия» ұғымының мәні қандай?

А) бұрынғы құндылықтар мен мөлшерлердің жойылып жаңасы қалыптаспаған кезеңді атайды

В) қоғамның құндылықты-құқықтық жүйесін белгілейді

С) тоқырау кезеңіндегі қайшылықтардың тереңдеуін көрсетеді

Д) адамдардың өмірге бейімделе алмауын білдіреді

Е) алғашқа қоғамдағы ынтымақтастықты бейнелейді

15. Формалді негативті санкцияға мысал болады

А)Түрмеге қамау

В) Қызметте көтеру

С) Мақтау сөз айту

Д) Қол соғу

Е) Жақтырмай қарау

14-дәріс. Еңбек және экономикалық өмір әлеуметтануы

Әдебиеттер:

  1. Дюркгейм Э. О разделенииобщественного труда. Методы социологии М, 1990

  2. Дорин А.В. Экономическая социология – Минск 1997

  3. Тощенко Ж..Т. Социология –М.1998

  4. Фролов С.С. Основы социологии – М,.1997

Жоспар:

1.Еңбекті және өндірісті зерттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің өзіндік ерекшелігі,

әлеуметтік тарихи ерекшеліктері.

2.Жұмыс, мамандық, жұмыс бастылық ұғымдары.

3.Қоғамның әлеуметтік кәсіби құрылымы.

4.Еңбектің әлеуметтік ұйымдастырылуы.

5.Э.Дюркгейм еңбек бөлініс туралы, Ф.Тейлор және Г.Форд көпшілік өндіріс туралы.

1.Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тақырыбы отандық әлеуметтану үшін жаңа және өзекті болып табылады. Өйткені еңбек нарығындағы жіктелудің жылдам процестері көп жағдайда әлеуметтік-еңбек қатынастарын анықтап береді. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту формалары мен түрлерінің сапалық өзгерістері болып жатыр, еңбек нарығы мен халықтың түрлі топтарының экономикалық мүмкіндіктерінің жіктелуінің сигментациясы жоғарылауда және жұмыс іздеу мен еңбек мансабының нарықтық стратегиясы қалыптасуда. Жұмыссыздықты реттеу өткір әлеуметтік мәселеге айналуда. Экономиканы реформалау жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына алып келді, жұмыссыздықтың жоғары түрдегі тәуекелділігі бар кәсіби топтар мен жекелеген аймақтар анықталды. Реформалардың табысты түрде іске асуы мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды талап етеді. Бұл мәселелер социологиялық тұрғыдан зерттеліп, экономикалық тиімділік талабына жауап беретін, Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың пайдалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы жұмысшылардың жүріс-тұрысының өзара қатынасы, экономикалық социология, еңбек социологиясы мен индустриалдық социология, мамандық социологиясы, еңбек қатынастары социологиясы сияқты социологиялық пәндердің назарын аудартады. Екінші жағынан жұмыспен қамту және еңбек нарығы мәселелері дәстүрлі түрде экономикалық пәндер тарапынан, оның ішінде ең алдымен еңбек экономикасы тарапынан қарастырылады.

Экономистерге қарсы социологтар, жұмысты іздеу себептерінің және таңдау негіздемесінің немесе барлық жұмыстан бас тарту шеңбері әлеуметтік қатынастардың көптеген салаларын қамти алатынын алға тартады. Мысалы, экономист “экономикалық адамның” жұмыс орнын таңдауда іс-қимылын өз табыстарын жоғарылатуды ойлайды деп түсіндіріледі (ағымдағы немесе болашақтағы табыстарын). Солай бола тұра, адам бос жұмыс орындары жайлы толық ақпаратқа ие болмайды және ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеуге көп уақыты мен күш жігерін жұмсамай, алдымен кездескен алғашқы ұсынысқа келісе салады. Ол нұсқаларды салыстырмайды және баламалы шығындарды есептемейді, яғни ол барлық уақытта рационалды емес. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, жұмыс тауып, бірақ кейін жұмыс ауыстырғандардың жартысынан көбісі жеке формальді емес ақпарат көздерін пайдаланған . Сонымен қатар, жұмыс таңдауға мәжбүрлеу (мысалы ата-аналар жағынан) және беделділік жағы әсер етеді, ал олар болса таза әлеуметтік факторлар болып саналады.

Сонымен қоса, еңбек нарығына билік өкілеттіліктері мен мәртебелік ұстанымдар, ақпарат алмасу болып жататын көптеген әлеуметтік құрылымдар ықпал етеді. Мысалы, социологтар дамыған капиталистік елдерде жұмыссыздық өсу үстінде екенін айтады, өйткені қоғамда жұмысы және келешегі барларға, кедейлер мен жұмыссыздарға бөліну тереңдей түсуде. Жаппай жұмыссыздар қоғамын төменгі сатыда қалып отырған халықтың үштен бір бөлігі ылғи жұмыссыз күйде қалып және мардымсыз әлеуметтік жәрдем ақыларға тәуелді болып қала беретінін ойға ала отырып, “үштен екі-үштен бір қоғамы” деп атайды [36].

Еңбек нарығы социологиясы жұмыспен қамту қатынасы проблемасын өзіндік теориялық базаға сүйене отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастары түрі ретінде анықтай отырып, оларға әлеуметтік байланыстардың, отбасылық және достық қатынастар желісінің, стратификациялық процестердің және басқа да әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың әсерін зерттеп біле отырып қарастырады. Сонымен бірге, оларды зерттеп білуде экономикалық ғылым тарапынан құрастырылған жұмыспен қамту, еңбек нарығы, сигментация және екі еселік еңбек нарығы сияқты ұғымдар, сонымен қоса теориялық тұжырымдамалар, атап айтқанда инититуционалды экономикалық теориясы қолданылады.

Жұмыспен қамту қатынасы жұмыс орындарын құру және жұмысшыларды жұмыс орындарына тарату іске асырылатын жағдайларды білдіреді . Ол халықтың еңбекке жарамды тобын шаруашылық іс-қимылға таратудың амалдарын қалыптастырумен байланысты іс-әркеттер жиынтығы. Жұмыспен қамту саласы жалдаушылар мен жалданушылар әрекеттерінің соқтығысуы саласы ретінде көрінуі мүмкін. Жұмыспен қамту қатынасы мынадай элементтерді қамтиды:

- жұмыс пен жұмыс күшін іздеу;

- жұмысшыларды жалдау және босату тәртібі;

- еңбек мәні мен мазмұны;

- оның төлем деңгейін және тиісті жеңілдіктің формаларын бекіту;

- кадрларды өндірістен тыс жерде және жұмыс орындарында оқытып дайындау;

- тік және көлденең күйдегі кәсіби мобильділік (орын ауыстыруы және жылжуы).

Ақы төленетін жұмыспен қамту саласы “еңбек нарығы” түсінігімен сипатталады. Ол өзіне бүкіл жұмысшыларды және белгілі бір аумақ, сала немесе кәсіби топ шеңберінде жұмыс орнында үміттенушілерді қамтиды. Еңбек нарығы қоғамдық сұраныстар мен меншіктердің құрылымына сәйкес іс-әрекет түрлері мен формалары, шаруашылық салалары бойынша қоғамдық еңбекті тарату мен қайта тарату механизмі ретіндегі қызметін атқарады. Нарықтың экономикалық құрамдас бөлігі ретінде еңбек нарығы, жұмыс берушілер (еңбекке сұранысты білдірушілер) мен жалданушы жұмыс күшінің (жалданушы жұмыс күшін сатушылар) мүдделерін келістіру механизмін ойға салады.

Еңбек нарығында қатынастар субъектісі болып табылатындар: жұмыс берушілер, жалданбалы жұмысшылар, жұмыссыздар, еңбек нарығы инфрақұрлымының элементтері (жұмыспен қамту қызметтері, еңбек биржалары, фирмалардың кадрлар қызметі, нормативтік-құқықтық сала, кәсіподақтар). Жұмыс беруші жұмыс күшіне сұранысты қалыптастырушы жақты, жалданбалы жұмысшылар мен жұмыссыздар - жұмыс күшінің ұсынысын білдіреді, инфрақұрылым элементтері осы екі жақтың өзара әрекеттесуіне жол ашады. Еңбек нарығы инфрақұрылымының (кәсіподақтар, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі, т.б.) басты қызметі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жұмыс күшінің бағасын, еңбек жағдайын, әлеуметтік проблемаларды әлеуметтік қорғау, еңбек барысында келіспеушіліктерді реттеуді шешу жайында өзара қатынасты реттеуден тұрады.

Сонымен қоса социологтар еңбек нарығының дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік механизмдерін қарастырады, ол өз кезегінде жұмыс күшінің ішкі және сыртқы мобильділігінің өзара әрекеттесуінің жүйесін білдіреді. Ішкі әлеуметтік мобильділік жұмысшының нақты бір мекеме шеңберінде жіктелімінің жоғарылауы және мәртебесінің өзгеруімен сипатталады. Сыртқы әлеуметтік мобильділік жұмыс күшін сырттан басқа ұйымдардан әкелумен байланысты. Өндіріс құрылымының өзгеруімен және жұмысшыларды бір саладан екінші салаға ауыстыруға байланысты салалық мобильділік болуы мүмкін. Ол топтасып ауысуды білдіреді. Сонымен қатар, аумақтық мобильділік (еңбек миграциясы), еңбекке қабілетті халықтың жұмыс іздеуде немесе еңбек мәртебесін және жұмыс істеу жағдайын жақсарту мақсатында кеңістік бойымен жылжумен байланысты.

Еңбек нарығының жұмыспен қамту және оның қатысушыларының жүріс-тұрыс сипатының әр түрлілігіне байланысты айырмасы бар ашық және жасырын түрлерін бөліп көрсетуге болады. Ашық нарыққа экономикалық белсенді халықтың бәрін жатқызады, яғни шындығында жұмыс іздеп жүргендер және дайындық пен қайта даярлауды кәсіби бағыттауды қажет ететіндер. Сонымен қоса экономиканың барлық секторларындағы бос жұмыс және оқыту орындары. Нарықтың жасырын бөлігі (немесе “жасырын” жұмыссыздар) - олар, формальді түрде мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейді, алайда өндірістің қысқаруына немесе оның құрылымының өзгеруіне байланысты өндіріске зиянсыз жұмыстан босатылған болуы мүмкін. Қазақстанда және басқа да посткеңестік елдердегі жасырын еңбек нарығының қалыптан тыс ұлғаюы (шектен тыс көбейіп кетуі) - нарықтық қатынастардың орнығу кезеңінің ерекше белгісі болып саналады. Ол кездерде мекемеде қысқару болғанда, мұндай жолмен мамандарды сақтап қалуға тырысты.

Жалпы 70-ші жылға дейін жасалып келген еңбек нарығының үлгілері еңбек нарығын біртекті деген көзқарасқа және мекемелер, салалар мен аймақтар арасында жұмысшылардың ашық еркін ауысып отыруына негізделген еді. Институционалдық бағыттың өкілдері еңбек нарығының біркелкі еместігін атап көрсетті. Олардың көзқарасы бойынша ішкі және фирмалық құрылымдар - біртекті емес жұмыс орындары мен өзіндік жалақы деңгейі бар кластерлер болады. Олар әлеуметтік институттардың жұмыспен қамту саласындағы индивидтердің жүріс-тұрысына әсер етуіне басты назар аударды. Айталық, мысалы, мемлекет пайдалы тапсырыстарды (әскери) орналастыру арқылы немесе еңбек заңына өзгеріс енгізу арқылы тікелей немесе жанама түрде жұмыс орындарының ашылуын немесе жұмыспен қамтутың ерекше түрлерінің қалыптасуын (әйелдер үшін толық емес жұмыспен қамту) ынталандырады. Жұмыс күштерінің еркін жылжуы және еңбекке біркелкі ақы төлеу бар ортақ нарығы жоқ деген болжам ұсынылған болатын. Мамандықтар, мекемелер, салалар мен аймақтар арасындағы шекаралары мен кедергілері бар, оларда еңбек ақы төлеуде, еңбек жағдайлары мен мазмұнының, кәсіподақ пен мемлекеттің ықпал ету деңгейінің тұрақты айырмашылықтары қайта пайда болады. Бұл жағдай екі жақты нарық пен еңбек нарығының сигментациясы тұжырымдамаларының пайда болуына негіз болды.

70-ші жылдардың басында П.Дерингер және М.Пиоре “еңбектің ішкі нарықтары мен жұмыс күшін талдау” атты кітапта (1971) еңбектің сыртқы нарықтарымен қатар ірі мекемелер өзінің ішкі нарықтарын құрады деген ойды алға тартты. Ішкі нарықтар көп деңгейде сыртқы бәсекелестік нарықтан оқшауланған және оның бақылаусыз түрде болатын теңселулеріне ұрынбайды. Онда еңбек жағдайы мен еңбек ақы төлеу әкімшілік ережелермен реттеліп отырады. Бұл жерде жалдау мен жұмыстан босатудың, еңбекке ақы төлеудің және қызмет бабымен жылжудың өзіндік стандарттары белгіленеді. Мысалы, жылжу жұмысшының еңбек өнімділігімен тікелей байланыстырылуы мүмкін емес, ол мекемеде істеу стажына тәуелді (жапон мекемелеріндегі “өмірлік жалдану” тәжірибесі).

Жекелеген ішкі нарықтардың пайда болуы жіктелімінің ерекшелігімен және тікелей жұмыс орнында кәсіби дайындықтан өткізу қажеттілігінен туындайды. Сонымен қоса, ол формальді емес фирма ішндегі байланыстардың болуымен және ұйымдастырушылық мәдениеттің ерекшеліктерімен байланысты (қалыптасып қалған дәстүр мен ережелер).

Сыртқы еңбек нарығында жұмысшылар мекемелер арасында ауысып отырады, ішкі нарықта олардың тік және көлденең түрдегі мобильділігі сол мекеменің ішінде іске асырылады. Кроссмәдени зерттеулер АҚШ пен Ұлыбританияда еңбек нарығы жоғары сипаттағы аумақтық және фирма аралық мобильділік бағытына ие екендігін, ал Франция мен Жапонияда ішкі еңбек нарығының дамығанын көрсетті.

П.Дерингер және М.Пиоренің жасаған келесі қадамы “екі жақты еңбек нарығы” тұжырымдамасы болды, бұл жерде нарық екі бөлікке бөлінеді: алғашқы және қосымша.

Алғашқы еңбек нарығында жұмыстар келесі белгілерімен сипатталады:

1) тұрақты жұмыспен қамту және жұмысшының қалыпты жағдайы;

2) жалақының жоғары деңгейі,

3) айқын түрде анықталған кәсіби өсуі мен жылжуы үшін қызмет баспалдақтарының болуы;

4) жұмысшылардың жоғары жіктелімін талап ететін алыңғы қатарлы технологияларды қолдану;

5) күшті және тиімді кәсіподақтардың болуы.

Қосымша еңбек нарығына, керісінше мынадай белгілер тән:

1) кадрлардың жоғары ағымдығы;

2) жалақының төменгі деңгейі;

3) іс жүзінде қызмет баспалдағымен жылжу жоқ;

4) технология ескі және еңбекті көп талап етеді;

5) кәсіподақтар болмайды.

Алғашқы еңбек нарығында жұмыс істеуші топтар аса ұтымды жағдайда болады.

Олар жақсы еңбек жағдайы мен жалақысы бар тұрақты жұмысқа ие, сыйлық алады және мекемеде қарастырылған жеңілдіктерді пайдаланады, кепілдік берілген зейнетақымен қамтамасыз ету және ауыруына байланысты төленетін төлем құқықтарын пайдаланады, фирма есебінен оқуға мүмкіндік алады, мекеме ішінде кәсіби және мансаптық өсуге мүмкіндік болады.

Қосымша нарықта жұмыс орындары жоғарыда келтірілген әлеуметтік кепілдіктердің көпшілігінен айрылған. Оларға тұрақсыз жұмыспен қамту, технологияның ескілігі және көп еңбек етуді талап ету, перспективаның жоқ болуы тән, адамдардың жоғары ағымдылығы, жұмысқа жиі кешігу мен келмей қалу, әкімшілікке бағынбау, еңбек етуге ынтаның төмендігі және т.б. осыдан туындайды. Жұмыс беруші еңбек жағдайын жақсартуға және оқытуға инвестиция салынбайды және жұмысшылардың ылғи ауысып отыруына мүдделі, өйткені ол жәрдемақыларды демалысқа және зейнетақыларды т.б. төлеуге кететін шығындардан құтылуға мүмкіндік береді. Яғни, бұл жағдай бір топтар пұрсаттық жағдайда болатын, ал басқалары үшін жақсы жұмыс орындарына орналасу күрделі болатын еңбек нарығында жұмыспен қамту стратификациясы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.

Социологтар тарапынан екі жақты еңбек нарығы теориясы этникалық аз топтарды еңбекпен қамту тәжірибесін зерттеуде қолданылды. Мысалы, ағылшын социологтары Дж.Рекс және С.Томлинсон 70-ші жылдары Бирмингем қаласында өткізілген зерттеу негізінде еуропалық емес тұрғындар көбінесе беделі төмен - “лас” немесе “қауіпті” және ыңғайсыз схемадағы жұмыстарды орындайтынын және кәсіби, ғылыми немесе әкімшілік қызмет етуде тең емес, аз көлемде өкілденгенін көрсетті.

Нарықтың маңызды сипаттамасы болып оның икемділігі мен сегментациясы саналады. Еңбек нарығының сегментациясы - ол, жұмыс орындары мен жұмысшылардың тұрақты оқшауланған аймақтарға бөлінуі, олар өз шекараларымен жұмысшылардың мобильділігін шектейді.

Екі жақты еңбек нарығы идеясынан серпін ала отырып, зерттеушілер жұмыс орнының сапасымен ерекшеленетін бірқатар секторларды бөліп қарастыра бастады. Бірінші сектор - “өзек” - толық еңбек уақыты схемасындағы тұрақты жұмыспен қамттылуымен сипатталады. Екінші сектор - “шет аймақ” - толық емес уақытпен істеуші маусымдық және уақытша жұмыс істеуші жұмысшыларды қамтиды (қысқа мерзімді келісім-шарт бойынша). Үшінші сектор - ол жұмыссыздар мен олар алғашқы және қосымша нарықтарға да жақындау келеді. Олар өз кезегінде “жақсы” жұмыс орындарына қайта оралуды күтуші ерікті жұмыссыздар мен мәжбүрлі жұмыссыздар (ұзақ мерзімді жұмыссыздар) болып бөлінеді.

Еңбек нарығының сегментациялануының түсіндірмесі мынадай факторларды бөліп қарастырылады:

1) қолданылатын өндірістік технологиялар жұмыс орындарының құрылымдарын анықтайды және бәріне бірдей жоғары мамандану мен кәсіби дайындық талап етілмейді (алғашқы және қосымша секторлар);

2) өндіріс құлдырау мен көтерілістерге шалдыққан мекеменің бейімделуі уақытша істейтін жұмысшыларды босату (буфер) “жұмыс уақытын қысқарту немесе жұмысшылардың ішкі ауысуы арқылы жүреді;

3) кемсітушілкке байланысты (гендерлік, этникалық, діни) секторлар арасында мобильділік үшін кедергілер бар.

Қазіргі уақытта сегментациялануды талдай отырып, социологтар жұмыспен қамту жүйесінде жұмысшы табының, әйелдер позициясын және этникалық аз топтардың ішкі стратификациялануын зерттейді. Ер адамдар мен әйелдер, әдетте әр түрлі секторларда жұмыс жасаушы болып қалуына қарамастан нарықтың сегментациялануының әмбебаптылығын дәлелдеуші мәліметтерге ие.

Егер еңбек нарығының сегментациялануын тудырушы процестер жұмысшылардың мобильділігіне кедергі жасаса, еңбек нарығының икемділігін жоғарылатушы процестер, керісінше ондағы мобильділікті молайта түседі.

Жұмыспен қамту саласында бірқатар икемділік формалары болады:

1. Сандық икемділік - экономикалық конъюнктураның өзгеруіне жауап ретінде жұмысшылар санын өзгертумен көрінеді. Фирма өндірісті қысқарта отырып, жұмыс істеушілер санын азайтуға мәжбүр болады. Мұндай стратегия өзінің тиімді еместігін моральдық тұрғыдан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да байқатады. Жұмысшыны жалдау, іздеу, тестен өткізу және кәсіби оқыту біршама шығындарды талап етеді, онымын қоса жұмысшылар ұжымға етене араласып кету керек.

2. Функциялық икемділік - икемді еңбек схемасын, еңбек үшін ақы төлеу жүйесін өзгертуді, жұмысшыларды қайта даярлаудан өткізу мен қайта орналастыруды меңзейді. Мұның өзі еңбек қатынастары жүйесінің икемділігі жөнінде айтып отыр.

3. Қаржылық икемділік - бұл еңбекке ақы төлеу деңгейімен алдап арбау немесе марапаттаудың басқа тәсілдеріне ауысу (істеген ісіне сағат бойынша төлеу, сый ақы беру жүйесін енгізу немесе алып тастау).

Бір жағынан еңбек қатынастары икемділігінің дамуы мекемелердің экономикалық тиімділігіне жол ашады, жұмыспен қамтуды бірдейлендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жастардың, кішкентай балалары бар әйелдердің талабын қанағаттандыратын жұмыс орындары құрылады (толық емес жұмыс күні). Екінші жағынан, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалу деңгейінің әлсіреуі орын ала бастайды, өйткені жұмыспен қамтутың тұрақсыз формалары, қалыпты емес еңбек қатынастары бар жұмыс орындары құрылады. Нарықтың икемділігі еңбек нарығының екі жақтылығының тереңдей түсуіне жол ашады.

Бұл жағдай, еңбек саласындағы саясатты жүргізуде қысқа мерзімді тиімді және ұзақ мерзімді перспективалы экономикалық және әлеуметтік мақсаттардың сәйкес келуінің күрделі екенін білдіреді.

Қазақстандағы нарықтық реформалардың нәтижесінде әлеуметтік өзгерістердің басты саласы ретінде жұмыспен қамту жүйесі мен әлеуметтік кәсіптік құрылым алға шықты. Реформалар нәтижесінде еңбек және экономикалық принципті жаңа мәртебелері бар топтар пайда болды (жұмыс берушілер, кәсіпкерлер, ауқатты жұмыспен қамтушылар, үй жұмысшылары және басқалар). Және бұрынғы әлеуметтік мәртебесін жоғалтып алып, сол сияқты мәртебені қайтаруға мүмкіндігі жоқ маргиналдар тобы пайда болды.

Бұл өзгерістер көбіне мәжбүрлі түрде сыртқы жағдайлардың - жұмыстан толықтай немесе жартылай айырылудың, мамандықты, қызметті ауыстырудың, мекемелердің жабылуының нәтижесіндегі еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, өндірістің қысқаруы, өмір деңгейінің жаппай төмендеуі т.б. әсерінен болды.

Әлеуметтік-кәсіби маргиналдылықтың жоғары деңгейі топтасатын еңбек нарығының бірнеше сегменттерін бөліп көрсетуге болады:

1) жұмысшылардың саны мен құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған экономикалық салалары бойынша (жеңіл және тамақ өнеркәсібі; машина жасау; бюджеттік ұйымдар; ғылым, мәдениет, білім беру; әскери-өнеркәсіп кешен мекемелері);

2) аймақтар бойынша (еңбек күші артық, депрессивті);

3) меншік формасы бойынша - жеке істі жүргізу және ұйымдастыруда (шағын кәсіпкерлік) жоғары тәуекелділік бар аймақтар;

4) әлеуметтік-демографиялық сипаты бойынша (орта және үлкен жастағы адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, толық емес көпбалалы отбасылар).

Ресей зерттеушілері сараптамалық сұрау негізінде еңбек нарығындағы үш негізгі маргиналдық топтарды анықтады :

1) постмамандар - қазіргі жағдайда әлеуметтік перспективасын жоғалтып алып, өзінің әлеуметтік-кәсіби мәртебесін ауыстыруға мәжбүр, экономика салаларының мамандары. Олар көп деңгейде жұмыстан босатылуға ұшырайды, өз мамандығы мен мамандануы бойынша орналасуға сенімі жоқ. Бұрын қолы жеткен айтарлықтай әлеуметтік мәртебесі нашар материалдық жағдайына сәйкес келмейді. Бұл топтың көп бөлігінің іс-әрекеті стратегиясы қалай да күн көруге бағытталған. Бұл процестердің әлеуметтік салдары - жұмыспен қамту проблемасының одан әрі өркендеуі мен жұмыссыздық құрылымының күрделенуі; жұмыспен қамтутың формальді емес секторының дамуы; кері кәсіптену және кері мамандану.

2) Былайша айтқанда “жаңа агенттер” - олар шағын бизнес өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер. Олардың көпшілігі қазіргі жағдайға сеніммен қарайды, өз жолын әлеуметтік жоғарылату және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі ретінде бағалайды. Олар жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасу жүйесі белсенді басталуында түбегейлі жаңа рөл атқарады. Бұл топтың маргиналдылығы осы әлеуметтік топтың қалыптасуымен; қызмет ету үшін қолайлы сыртқы ортаның жоқ болуымен, заңды және жасырын экономика секторлары арасындағы шегінде өмір сүруімен байланысты.

3) мигранттар, экономикалық себептерге байланысты елдің басқа аймақтарынан ірі қалаларға мәжбүрлі түрде көшушілер. Бұл топтың жағдайының ерекшелігі мәжбүрлі түрде тұрғын орнын ауыстырғаннан кейін жаңа ортаға бейімделу қажеттілігімен байланысты. Олар тұрғын үй іздеу және есепке отыру, қолдау көрсететін қалыптасқан әлеуметтік байланыстың жоқ болу проблемаларына кезігеді, оларда міндетті түрде психологиялық проблемалар туындайды.

Еңбек нарығының қалыптасуы көптеген жұмыссыздардың және ұзақ уақыт бойы жұмыстан қуылу қаупімен отырған және формальді түрде зорға істеп тұрған мекемеде тізімде бар, былайша айтқанда “жартылай жұмыссыз” немесе “жасырын жұмыссыздардың” пайда болуымен өз жалғасын табады. Экономиканың формальді секторының жұмыс істеушілер саны қарқындап төмендеуде, табыс көзін іздеуде жұмысқа қабілетті халықтың бір бөлігі тұрақсыз және әлеуметтік қорғалмаған жұмыс орындары бар экономиканың жасырын секторына өтіп кетті (базарларда сауда жасау, құрылыс және басқа қызмет түрлері).

Осындай жағдайларда қазақстандық еңбек нарығындағы ахуал былайша сипатталады:

- жұмыссыздық деңгейі жоғары;

- формальді жұмыспен қамту саласынан жұмысшыларды босату процесі, жұмыссыздардың еңбекке орналасу деңгейінің төмендеуі;

- еңбек нарығының сигменттенуі (еңбек нарығының жынысы, жасы, кәсібі бойынша жіктелуі);

- құрылымдық жұмыссыздық ауқымының күшейе түсуі (жекелеген жаңа мамандықтарға сұраныстың жоғарылауы жағдайында кейбір салаларда істеушілердің бірден қысқаруы).

Жалпы 1996 жыл мен 2001 жыл аралығында жалдану бойынша жұмыс істеушілердің санының азаюы (4,7 млн адамнан 3,9 млн. адамға дейін), өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендердің көбеюі (тиісінше 1,8 млн және 2,8 млн адам) байқалды. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 70 пайыз құрады. Босатылған жұмысшылардың көпшілігі “жұмыссыздар әскерін” құрады немесе формальді емес секторда уақытша жұмыс табады. 2001 жылы жұмыссыздықтың жалпы саны, өз бетімен жұмыс іздеушілермен халықты жұмыспен қамту органдарына тіркелгендерді есепке алғанда 780,3 мың адам құрады. Жалпы жұмыссыздық саны (жұмыссыздар санын экономикалық белсенді халық санына алғанда) 10,4 пайыз болған.

Жұмыссыздық аса маңызды мәселе, неге десеңіз, жұмыстың болмауы азаматтарды және олардың отбасы мүшелерін еңбек табысынан айырады, әл-ауқаты мен тұтыну деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Социологтар атап кеткендей, жұмыссыздар депрессияға ұшырап, одан зиян шегеді, жоғары көлемде ішімдік пен темекіні пайдалануымен ерекшеленеді, оларда жұмыс қабілеті төмендейді. Жұмыссыздық мәртебесі созылу деңгейіне қарай жеке адам үшін үлкен мәнге ие бола бастайды, қалыптасқан құндылықтар иерархиясына ауысып кетуге пәрменді және еңбек бағыттылығы мен еңбектің дәлелденуіне әсер етеді. Сәтсіздік үрейді туғызады, ол алға ұмтылу себептерін ұмыттырып өзін-өзі қорғау, қашу себептерінің басым болуына алып келуі мүмкін.

Сонымен қоса жұмыссыздардың әлеуметтік байланыстарының жиілігі төмендейді, олардың әлеуметтік ортасы зардап шегеді - кейбір жұмыссыздар отбасында балалар денсаулығының нашарлауы байқалады. Жұмыссыздардың тікелей әлеуметтік ортасына дерлік тек қана отбасы мен жақын туыстары (жақын адамдардың орташа саны 5-11 адам), туыс емес жақын адамдар (достар, көршілер, қызметтестер, көңілдестер) айналады. Бұл екі топ өкілдерінің психологиялық мәні тиісінше 10:1 жақын болады.

Мұндай жағдайларда жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты үлкен маңызға ие бола бастайды.

Жұмыспен қамтудың пассивті саясаты мемлекеттің еңбек нарығындағы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жағдайына жауапты екенін меңзейді. Ол мемлекеттік патернализм принципінде қалыптасады.

Мемлекет еңбек нарығының барлық қатысушыларына белгілі бір кепілдіктер береді. Жұмысшыларға жұмыс орнының сақталуына, жалақы мен жәрдемақылардың төленуіне, әлеуметтік сақтандаруға, зейнетақыға т.б. кепілдік беріледі. Жұмыс берушілерге - жоспарланып шығарылған өнімнің көлеміне сұранысқа, материалдар мен шикізат беруге, тұрақты бағалар мен мақсатты қаржыландыруға кепілдік беріледі. Мұндай кепілдік беру қарсы агенттерге кез келген нарықтық қиыншылықтарда өзін барлық уақытта әлеуметтік қорғалғандығын сезінуге мүмкіндік береді. Алайда мемлекет тарапынан қойылатын қатаң түрдегі қаржылық шеңбер мен бастаманың стимулдары еңбекті қолданудың ең тиімді салаларын іздеуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға, ішкі өзін-өзі қамтамасыз ету резервтерін анықтауға шектеу қояды, яғни әлеуметтік-еңбек қатынастарының енжарлығын қалыптастырады.

Пассивті жұмыспен қамту саясатының шаралары: жұмыс іздеушілерді тіркеуге алу, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемін анықтау, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы беру жүйесін ұйымдастыру: демалыс жәрдемақылары; жұмыссыздық бойынша сақтандыру; мерзімнен бұрын зейнетке шығу; жұмыссыздар мен олардың отбасына қолдау көрсетудің ақшалай емес формаларын іске асыру т.б.

Жұмыспен қамтутың белсенді саясаты - ол жұмыссыздарды белсенді жұмысқа тезірек қайта оралуына мақсат ұстанған іс-шаралар кешені және олар мыналарды қамтиды: жұмысқа орналасуда көмек беру, кәсіби қайта даярлануына қол ұшын беру, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту, кәсіби кеңес беру т.б.

Ол адамның жұмыс орны үшін күресте, бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатуға мақсат алған адамның белсенділігін қолдайды және онымен қоса бұл жерде мемлекет оған жұмыспен қамтылуы үшін мүмкіндік беруші екі ортадағы делдал ретінде ғана түсіндіріледі. Мұндай саясат адамның, мемлекеттердің табыстарды қолдауынан тәуелділігін қысқартады, мемлекеттік бюджет шығындарын азайтады және солай болғандықтан еңбек өнімділігінің жоғарылауына, экономиканы құрылымдық қайта құруға және әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне ықпал етеді.

Әдетте жұмыспен қамтутың белсенді саясаты айрықша топтар үшін жасалынады: жұмыспен қамту жүйесінде шектеулі түрде қатысу деңгейі бар тұлғалар (мүгедектер), кемсітілген топтар (үлкен жастағы әйелдер, жастар, т.б.), ерекше қиыншылық көріп отырғандар (толық емес отбасы басшылары), ұзақ мерзімде жұмыссыз жүргендер. Яғни, еңбек нарығының жақсаруына халықтың аз қорғалған топтарына қолдау мен көмек көрсету арқылы қол жеткізген жөн

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.

А.И. Кравченко экономикалық социология - ол қоғам өмірінің түрлі салаларының (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің формаларын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруді, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т.б.) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етудің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді.

Экономикалық социологияның пәндік саласын түсіну үшін бөліп қарастырылған екі тұрғылар арасындағы айырмашылық шартты болып табылады, олардың екеуі үшін де экономикалық процестердің әлеуметтік реттеуштерін анықтау және экономикалық факторлардың әлеуметтік процестер мен адамдардың жүріс-тұрысына әсерін анықтау өте маңызды.

Экономика саласында социологиялық зерттеудің негізгі салалары төмендегідей:

- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;

- қоғамның экономикалық және кәсіби стратификация мен мобильділік, экономикалық теңсіздік, кедейлік және байлық проблемалары;

- әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы;

- адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальді емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;

- экономикалық сана мен ойдың дамуы (құндылықтар, таптаурындар, жүріс-тұрыс үлгілері);

- экономикалық ұйымдардың құрылымы;

- кәсіпкерлік және бизнес формасының социологиясы;

- өндірістің, бөліп берудің, айырбас пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-экономикалық механизмдері.

2. Экономикалық мәдениет экономикалық жүріс-тұрыстың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, жүріс-тұрыс үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен символдардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, индивидтер мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу).

Отандық экономикалық социологияның табысты дамуы Батыс социологиясындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Социологиялық-экономикалық зерттеулердің: жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, келісм-шарттық қатынастар, формальді емес экономикада экономикалық жүріс-тұрыс саласын зерттеудің кеңеюі талдау категориясының мазмұнын тереңдете түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі.

3. Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіштік қасиетін зерттеу.

Бұрынғы Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты критерийлері болмады. Осының салдарынан миллиондаған адмдар еңбекке қалай болса, солай қарап, жұмыс істеу қабілетін жойды, еңбекке жауапкершілікпен қарау болмады. Бұл ойымыздың растығын 1997-1998-жылдары орта мектепті бітіруші оқушылардан сұрау арқылы алынған деректерден көруге болады. Орта мектепті бітірушілердің 7%-ы ғана өндірістік, маманданған еңбекке құлық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді, ал, 37% – еңбекті жағымсыз процесс ретінде қарайды.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, қөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. Өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.

1997-1998 жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.

Тест сұрақтары:

1. Экономика социологиясы нені зерттейді?

A) Еңбек үлестірушілік қарым - қатынасты, материалдық жағдай, өмірлік жағдай яғни қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты мәселелерді

B) Халықтың тұрмыс деңгейіне қатысты мәселелерді

C) Еңбек және халықтың еңбек етуге белсенділігіне қатысты мәселелерді

D) Әлеуметтік теңдік мәселелерін

E) Экономикалық және әл - ауқаты деңгейіне қатысты мәселелерді

2.К.Маркс пiкiрiнше, қоғам дамуы негiзiнде жататын

A) материалдық фактор

B) рационалдық идея

C) әлеуметтiк эволюция идеясы

D) рухани фактор

E) құндылықты фактор

3. Экономикалық мәдениеттің селекциялық қызметі ... көрінеді

А) мұра болып қалған құндылықтар мен нормалардың қазіргі заманда қолдануға болатындарын іріктеп алудан

B) маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап қалу мен оларды сабақтастырудан

С) экономикалық сана-сезім және ойлау элементтерін жаңартудан, экономикалық іс-әрекеттің жаңа технологиялары мен түрлерін ендіруден

D) экономикалық ақыл-есті қайта өндіруден

E) қоғамдағы экономикалық қақтығыстарды координациялау мен реттеуден

4. Экономикалық мәдениеттің трансляциялау қызметі ... көрінеді

А) экономикалық ақыл-есті қайта өндіруден

B) мұра болып қалған құндылықтар мен нормалардың қазіргі заманда қолдануға болатындарын іріктеп алудан

С) экономикалық сана-сезім және ойлау элементтерін жаңартудан, экономикалық іс-әрекеттің жаңа технологиялары мен түрлерін ендіруден

D) маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап қалу мен оларды сабақтастырудан

E) қоғамдағы экономикалық қақтығыстарды координациялау мен реттеуден

5. Экономикалық мәдениеттің қай қызметі маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап қалу мен оларды болашақ ұрпаққа сабақтастыру міндеттерін шешеді?

А) Трансляциялық қызмет

B) Инновациялық қызмет

С) Селекциялық қызмет

D) Реттеуші қызмет

E) Бақылау қызметі

6. Экономикалық мәдениеттің қай қызметі мұра болып қалған құндылықтар мен нормалардың қазіргі заманда қолдануға болатындарын іріктеп алу міндеттерін шешеді?

А) Инновациялық қызмет

B) Трансляциялық қызмет

С) Селекциялық қызмет

D) Реттеуші қызмет

E) Бақылау қызметі

7. Экономикалық мәдениеттің қай қызметі экономикалық іс-әрекеттің жаңа технологиялары мен түрлерін ендіру міндеттерін шешеді?

А) Селекциялық қызмет

B) Трансляциялық қызмет

С) Инновациялық қызмет

D) Реттеуші қызмет

E) Бақылау қызметі

8. Екінші реттік әлеуметтендіруге қатысты әлеуметтік институтты ата?

А) Еңбек ұжымы

B) Достар

С) Мектеп

D) Отбасы

E) Бала - бақша

9. Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тап:

А) Орта

B) Жоғары

С) Барлық қабаттар

D) Төменгi

E) Элита

10. Қоғамдық формация теориясының авторы?

А) К.Маркс

В) М.Вебер

С) В.Ленин

D) О.Конт

Е) Э.Дюркгейм

11. Қоғамның дамуы социологияда қандай ұғыммен түсіндіріледі?

А) әлеуметтік прогресс

В) әлеуметтік қарым-қатынас

С) әлеуметтік стратификация

D) әлеуметтік мобильдік

Е) әлеуметтік регресс

12. Протестанттық этика және капитализм рухы еңбегінің авторы

А) М.Вебер

В) Г.Спенсер

С)Э.Дюркгеим

Д)О.Конт

Е)А.Смит

13. Қазақстандық социолог М.С. Аженов Қазақстан қоғамын қанша тапқа бөлді?

А) Өз сараптамасына сүйеніп үш тапқа

В) М.Вебер теориясына сүйеніп үш тапқа

С) Конфликтология теориясы негізінде үш тапқа

D) Уорнер теориясына сүйеніп алты тапқа

Е) функционалистік тапқа сүйеніп екі тапқа

14. Индустриалды қоғамда салтанат құрған әлеуметтік институт

А)Корпорация, фирма

В)Білім

С)Мәдениет

Д)Экономикалық институттар

Е)Жанұя

15. Постиндустриалды қоғамда салтанат құрған әлеуметтік институт

А)Білім

В)Корпорация, фирма

С)Мәдениет

Д)Экономикалық институттар

Е)Жанұя

15-дәріс Білім әлеуметтану бұқаралық ақпарат құралдары

Әдебиеттер: