- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Құқықтары Міндеттері
- •3.1.Мүліктің жекелеген түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3.2. Заттардың түрлерін көрсетіңіз.
- •2.1. Жеке кәсіпкерлік түрлеріне түсінік беріңіз.
- •Жеке кәсіпкер
- •«Жеке кәсіпкерлік туралы» қр Заңы қай жылы қабылданды:
- •Жеке кәсіп керлік субъектілері
- •3. Кәсіпкерлік құпия дегеніміз
- •19. Сенім серіктестігі салымшыларының жарғылық капиталындағы үлестің жиынтық мөлшері неше проценттен аспау керек
- •20. «Өндірістік кооперативтік туралы» қр-ң заңы қай жылы қабылданды
- •21. Шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары
- •35. Кәсіпкерлік құқықтың әдісі
- •36. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылады
- •37. Тауар дегеніміз –
- •39. Тауардың түрі нешеге бөлінеді
- •40. Жарнама дегеніміз –
- •Кәсіпкелік құқық ұғымы, пәні, әдістері
- •Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
- •Кәсіпкелік ұғымы, белгілері
- •Кәсіпкерліктің түрлері
- •2. Кәсіпкерлікті құру үшін қажетті жағдайлар:
- •Кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері.
- •Кәсіпкер ұғымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы
- •Мүлік түсінігі және құрылымы.
- •Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, әдістері.
- •Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекеттік реттеудің бір түрі.
- •Стандарттау және сертификаттау арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеу.
- •Кәсіпкерлік шарт түсінігі, белгілері.
- •Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.
- •Кәсіпкерлік келісім-шарттардың түрлері.
- •Инвестиция түсінігі, белгілері.
- •Инвестицияның түрлері.
- •Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі.
- •Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері.
- •Еркін экономикалық аумақ.
- •Жарнама түсінігі, түрлері.
- •Тауар, жұмыс, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу.
- •Биржа түсінігі және оның пайда болуы, түрлері
- •Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
- •Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттары.
- •Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік ұғымы.
- •Монополистік қызмет. Жосықсыз бәсекелестік.
- •Монополияға қарсы орган.
- •Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы
- •Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың түсінігі және ерекшеліктері.
- •Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі.
- •Кәсіпкерлік дауларды қараушы органдар.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастың субъектісі ретінде.
Жүніспаева Айнұр Бауыржанқызы – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы
байланыс телефоны: 87017944647
эл.почта: ainur_zhunispaeva @mail.ru
сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – бейсенбі күндері 13.00 мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында 219 ауд.
Пән пререквезитері: Бұл пәнді оқу үшін студенттерге мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «Конституциялық құқық», «Азаматтық құқық».
Пән постреквизитері: Бұл пәнді оқып, үйрену келесі пәндерді оқуы үшін қажет: «Инвестициялық құқық», «Банк құқығы», «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық нысандары», және т.б.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Бұл пән «Экология және жер құқығы» модулінің таңдау компоненті болып табылады. Кәсіпкерлік құқық курсын оқу бүгінгі нарықтық жағдайларда қызмет ете алатын заңгер-мамандарды дайындау үшін аса қажет. Кәсіпкерлік құқық –жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартымен көзделген және заңгерлерді даярлайтын барлық жоғарғы оқу орындарында оқылатын оқу пәні.
Оқу пәнінің арнайы курсында ҚР-дағы кәсіпкерліктің құқықтық режимі қаралады.Оқу курсы барысында мынадай мәселелер қарастырылады:
- Кәсіпкерлік құқық оқу пәні.
- Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.
- Кәсіпкердің құқықтың субъектілері.
- ҚР-дағы кәсіпкерліктің түрлер мен нысандары.
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, қорғау және қолдау.
- Бәсекелестік құқық негіздері.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б.. Пәннің бағдарламалық мазмұны 3 модульге бөлінген.
Оқытудың мақсаты:
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын оқу;
- кәсіпкерлік қызмет туралы нормалар бар негізгі заң актілерімен танысу;
- кәсіпкерлік қызмет ұғымын анықтау, түсіндіру;
- кәсіпкердің тұлғасы және оның құқықтық мәртебесін белгілеу;
Оқытудың міндеті:
Студентердің болашақтағы заңгер мамандығы үшін қажетті білімдерді, іскерлікті және дағдыларды мынадай салаларда өз бойына сіңіріп алуы:
- Кәсіпкерліктің экономикалық мәні, міндеттері және тарихи формалары;
ҚР-дағы кәсіпкерліктің түрлері, формалары;
Кәсіпкерлік құқығының ұғымы, пәні, жүйесі және құқық жүйесіндегі алатын орны;
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны;
Кәсіпкерлік аясындағы міндетті-құқықтық қатынас;
Сыртқы экономикалық қызметтегі кәсіпкерлердің кейбір аспектілері;
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу;
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
Кәсіпкерлік қатынастардың мазмұнын, яғни кәсіпкерлік қызмет ұғымын және оны шаруашылық қызметтің басқа түрлерінен ажырата білуі керек. Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін және өзінің білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі қажет.
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу.
б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;
в) арнайы құзіреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Арнайы дағды |
|
|
100 балл |
8,15 |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
1 |
R1 |
100 |
8 апта |
Кіру рұқсатының рейтенгісінің |
|
R2 |
100 |
15 апта |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+Е*0.4 |
100 |
|
|
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға, конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3.67 |
90-94 |
|
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 |
|
B- |
2.67 |
75-79 |
|
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 |
|
C- |
1.67 |
60-64 |
|
D+ |
1.33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технология жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы |
100 15 15 20 20
30 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 30 20 20 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 30 30 20 20 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 30 15 15 40 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 20 20 30 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
3апта 6апта 8апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
