Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 китап мадениет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692 Кб
Скачать
☆

А) Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде

Мәдениет философиясы, культурфилософия (немісше «kulturphilosophie» - ХІХ ғасырдың орта шенінде болмыс, әлем және ондағы адам сынды философиялық мәселелерінің шектеулі әрі қажетті құрамдас бөлігі ретінде мәдениет дамуының мазмұны мен ықпалды даму мүмкіндігін, мәні мен мағынасын зерттейтін философия бөлімі болып қалыптасты. Мәдениет философиясы – мәдениетті болмыс, сана, қоғам, тұлға және т.б. философиялық проблемалар контекстінде қарастыратын философиядағы өзіндік бағыт. Мәдениет философиясы - мәдениетті адамның іргелі түпкі сипаты, оның анықтамаларының бірі ретінде түсінеді. «Мәдениет философиясы» терминін алғаш рет ХІХ ғасырдың басында адамзаттың мәдени шығармашылығын белгілеу үшін А. Мюллер енгізді. Әйтседе мәдениет философиясының проблематикалары сонау ертегректік софистер кезінен мақұлданған болатын. «Мәдениет философиясы» мәселесін ғылыми айналысқа енгізген 12 томдық «Мәдениет философиясы» (1923-29), «Мәдениет және этика» (1960) еңбектерінің авторы, теолог, дәрігер, музыкант, қоғам қайраткері, неміс-француз ойшыл-гуманисті - Альберт Швейцер (1875-1965) мәдениет философиясының теоретигі болып саналады. Философия ғылымдарының докторы, теология докторы, медицина докторы, әлемдік Нобель сыйлығының және Франкфурттік Гете сыйлығының лауреаты Швейцер өзінің философиялық ұстанымының негізіне әлем туралы ілімді емес, нақ өмірдің өзін қойды да дәл осы принципін өркениеттің кері ықпалдарына қарсы «сүзгіш» ретінде қарастырып, одан адамзаттың моралды жетілуінің жетістігін көрді. Швейцердің адамзат болашағына деген оптимистикалық көзқарасы діни нақышта болды. Оның дүниегекөзқарасы әртүрлі философиялық концепцияларды біріктіріп қарастырғандықтан, бірқалыпты жүйеде болған жоқ. Швейцер мәдениет философиясында мәдениеттің бірлігі мәселесі ерекше орынға ие. Оның ойынша еуропалық мәдениет шығыс мәдениетінің құндылықтарын теріске шығарып немесе шеттетемін деп көп нәрседен айрылып қалды. «Үнді ойшылдарының дүниегекөзқарастары» атты еңбегінде Швейцер өзара түсіністік пен өзара етене араласудың соншалықты қиындығына қарамастан Батыс пен Шығыс мәдениеттері бір-бірімен үйлескен және тек өзара әрекетке барғанда ғана бірі екіншісін толықтыра алады деп атап көрсетті. Қазіргі заманғы жалпы планетарлық ақпараттық кеңістік жағдайындағы ұлттық және аймақтық мәдениеттердің өзара толығуымен өзара ықпалын Швейцер әлемдік жалпыадамзаттық мәдениеттер бірлігіне апаратын шынайы жол деп қарастырды.

ХІХ ғ. басындағы мәдениет философиясы XVIII ғ. соңындағы революциялық оқиға байланысты бейбітшілікке бағытталған ағартушылардың белгілі әрекеті болды. Ағартушылар сенген ақылдың патшалық ету кезеңі бола қоймады. Мәдениетке бағытталған көзқарастардың орталығында тұрған рационалды индивид сынақтан сүрінді. Ол әдеттер мен наным-сенімдерге таңылған қырсық әрі құбылмалы болып шықты, оған Мен де Биран философиясындағы «Мен» теориясы дәлел бола алады. Бір ғана ұрпақ көз алдында өзгерген қоғам оның өміріндегі абсолюттік уақыттан тыс заңдардың спекулятивті жағдайына күмән туғызды, ал жаратылысты ғылымдар дамуы болса, жағымды ілімдерге сүйенген адам мен қоғам туралы айғақтар алу міндетін алға тартты. Мәдениет философиясының ары қарайғы қалыптасуы үшін институттардан тыс адамның жеке еркіне және өзінің ішкі заңдарына тәуелсіз органикалық бүтіндікті сипаттайтын қоғамдағы өзгерістер маңызды болды. «Дәстүршілдер» атына ие болған Ж.де Местр, Мен де Биран сынды философтар тұтас қоғам өмірімен оның мәдени тұрақтылығы үшін өткен өмірдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының маңыздылығын баса айтты. Мәдениет философиясына адамзат қалыптасуындағы түсіністік пен бағалау тарихын енгізген Сен-Симон қосқан үлесі қомақты болды. Ол мәдениетті қозғаушы күш адам ақылы екенін дәлелдеді. Сен-Симон төменгі формадан жоғарғы үш кезеңге өтетін тарихтағы қоғам мен мәдениет дамуын бөліп алып, әрбір кезеңнің адам ақылын жетілдіру дәрежелігімен қатар, оның шығармашылықты өндіргіш күшінде ескерді. Әлеуметтік-мәдени жалпылықты зерттеушілер арасындағы алғашқылардың бірі Сен-Симон еңбекті маңызды адам әрекеті ретінде мән берді. Оның есептеуінше, барлық адам жұмыс істеуі қажет. Сен-Симон тарихи кезеңді ойлаудың діни жүйесі, метафизикалық және дұрыс ілімінің ғылыми жүйесі деп үшке бөлді.

ХІХ ғ. Француз позитивизміндегі мәдениет философиясын зерттеуде О.Конт, И.Тен, және Э.Дюркгейм есімдерін ерекше атау қажет. Позитивизм мен әлеуметтану негізін қалаушы француз философы О.Конт өзінің аса танымал «Позитивті философия курсы» атты еңбегінде философиялық жүйе құруды мақсат етті. Ол өзі өмір сүріп отырған уақытын тарихи кезеңнің бастамасы деп танып, Сен-Симон мен басқа да дәстүршілдер артынан ағартушылармен айтысуды жалғастырды. Конт бойынша қоғам өмірі жекелеген ерікті индивидтердің басқаруымен анықталмайды, ол дін, дәстүр сынды ұжымдық сипатқа ие өзінің ішкі заңдарымен басқарылуы тиіс. Ол дінді адамдарды біріктіруші және ұжымдық сана формаларын реттеуші ретінде оған үлкен мән берді, оның бұл әрекетіне қарап, басқалар оны жаңа христиандық жасауға тырысқан Сен-Симон сынды дәстүршілдер қатарына қосты. Сол кезде, яғни ХІХ ғ. бірінші жартысында француз философиясына үстемдік етіп тұрған П.П.Руайе-Коллар мен В.Кузен сынды спиритуалистер жалпы Конттың идеялар кешенін тартысқа түсірді. Конт оларды Францияны қайта жасауға тырысқан феодалдық тәртіппен байланысты жаңа буржуаздық өркениет иелеріне балады. Мұндай жағдай оның идеяларының Англияға қарағанда Францияда пайдаланылып, дами алмауына тікелей ықпал етті. Конт қоғам мен оның мәдениетінің дамуын теологиялық, метафизикалық және позитивтік деп атап, адам ақылының дамуын тарихи кезеңдер дамуымен салыстырды. Осы идеяның жалғасы ретінде И.Тэн мәдени феномендер ерекшеліктерін интерпретациялады және жеке санаға қарағанда ұжымдық сана формасын жоғары қойды. Тэннің культурфилософиялық теориясын кейде психологиялық историография, кейде натурализм, кейде тіпті әлеумметтану өнері, кейде географиялық позитивизм деп те атайды. Оның жұмыстары өзінің көзі тірі кезінде де және одан кейінде өте көп талас-тартысты туғызды. Мәдениеттің тарихи және детерминділік принципі марксшілдер қатарынан қызығушылық танытқызды. Г.В. Плеханов болса «оның өндірістік күші мен оның өндірістік қатынасының» мәдениет пен адам жағдайына тигізетін ықпалын шеттеткені үшін Тэнді қатаң сынға алды. Бірақ Брюнетьер мен Симондс сынды Тэннің ізбасарлары өз ұстаздарының «әдеби формалардың эволюциясы табиғи әлем түрлері эволюциясымен толық ұқсастықта» деген ғылыми жағдайын аяғына дейін жеткізді. «Жаңа сыншылдар» атымен таныс Уэллек пен Уорен француз әдебиеттануындағы «тенизмді» ХХ ғ. қорытындылаудың жаңа тәсілдерінен алшақтатып, оны ескірген деп таныды.

ХІХ ғ. екінші жартысында Франциядағы мәдениет философиясы қоғам туралы ғылымдар қатарында дамыды. Жаратылыстанулық ғылымдар тәсілдеріне бағытталған уақытта әлеуметтік жүйелердің көпшілігі мәдениеттің философиялық проблемаларынан алысқа кете алған жоқ. Дәл осы негізде арнайы эмпирикалық зерттеулер жүргізілді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін еңбектері француз әлеуметтануының базасына айналған ірі әлеуметтанушы, мәдениет философы, позитивист Эмил Дюркгейм жаратылыстану ғылымдарына бағытталған позитивизмнің негізін қалаушының өсиетін сақтай отырып, мәдениет философы ретінде көптеген сұрақтарға жаңа, әрі ерекше жауаптар берді. Ол Конттың қоғам мен мәдениетті өздерінің арнайыланған даму заңдылықтарымен біріккен тұтастық; ұжымдық сана формасының басымдылығы; еңбек бөлінісі мен қоғамдық келісім немесе «ынтымақтастық» деп үшке бөлінген дәстүрін қысқартып, қоғам, мәдениет дамуын екі негізгі кезеңнен тұрады деп тұжырымдады. Бұл айырмашылықтың басты ерекшелігі белгілі бір тарихи даму кезеңіндегі қоғам мүшелелерінің ассоциалануы, «ынтымақтастық» өлшемі болып отыр. Дюркгейм негізгі фактор ретінде әлеуметтік-мәдени өмір көрсеткіші болатын қоғамдағы еңбек бөлінісін алады. Дәл осы еңбек бөлінісінің дәрежесінен сол немесе басқа қоғамның «ынтымақтастық» өлшемі белгілі болады. Ол тарихтың бірініші кезеңін «механикалық ынтымақтастық» келесісін «органикалық ынтымақтастық» деп айдар тақты (Каган М.С., Перова Ю.В., Прозерский В.В., Юровская Э.П. Философия культуры. Стоновление и развитие. – Санкт-Петербург: Лань, 1998. – 122-125 бб.).

Қазіргі заманғы мәдениет философиясында мәдениетті зерттеудің екі тенденциясы қалыптасқан: бірінші, өзіндік философиялық, яғни әлемдік тарихи процесс контекстіндегі мәдениеттің макротарихи сипатының анализі, екінші, әлеуметтік-философиялық, яғни мәдениет микродинамикасының эмпирикалық зерттеулері. Оны мәдениеттің философиялық теориясы әлеуметтік жады, адамдардың жеке және біріккен іс-әрекеттерінің ұйымдастырылған, алмасу тәжірибесі ретінде қарастырады.

Мәдениет философиясының пәндік аймағы мәдениеттанудың өзегін құрай отырып мына проблемалар басын біріктіреді: мәдениет мәні, оның типологиясы, динамика және сабақтастық, материалдық, рухани мәдениеттердің өзара байланысы және адамдар қатынасының мәдениеті, мәдениет кеңістігі мен уақыты, мәдениет тілі.

Соңғы кездері әлеуметтанушылар, тарихшылар, тіл мамандары мен тағы да басқа көптеген мамандардың қызығушылықтарын туғызып отырған мәдениет тарихы мен теориясын оқыту шаралары университеттерде, педагогикалық және басқа да институттарда кеңінен орын алуда. Ресейлік С.Бабушкин, Б.Губман, П.Гуревич, Б.Ерасов, С.Иконникова, М.Каган, В.Кутырева, В.Пивоев, Э.Соколов сынды ғалымдардың оқу құралдарымен В.Добрынин, Г.Драч, А.Маркова, Е.Попов, П.Радугин сияқты ғалымдардың редакциялық алқадағы ұжымдық монографиялары көптеп жарық көрді. Сонымен қатар ірі шетелдік оқымыстылар мен философтардың көптеген мәдениеттанулық еңбектеріне аудармалар жасалып, осы мәселемен шұғылданушы және қызығушы барлық қауымға ұсынылды. Біздің отандық ғалым философтар мен мәдениеттанушыларда ғылым көшінен кеш қалып жатқан жоқ. Осы бағыттағы жекелеген ғылыми еңбектерден басқа мәдени мұра аясындағы «қазақ халқының философиялық мұрасы» атты жинақпен жиырма томдық үлкен кешелі ғылыми басылым жарық көрді. Онда көптеген әлеуметтік-мәдени-тарихи-философиялық мәселелер жеке-жеке томдарға бөлініп екшеленген.

Философиялық мәдениет – мәдениеттің арнайыланған аймағы, барлық субъектілердің мазмұнды және мақсатты әрекеттері: метафизикалық проблематикалар туралы ойлану; өмірдің мәні проблемасына алып келетін «мәңгілік» сұрақтарға, адам болмысының барынша жалпы және абстракты, универсалды ұғымына, қоғам мен әлемге деген рефлексия; дүниегекөзқарастың теоретикалық негізін жасақтау. Философия көптеген ғасырлар бойы дами келе жоғарғы мәдени құндылықтардың жинағына айналды. Сонымен қатар философиялық мәдениетте адамның жалпы мәдениетін, оның тұлғалығын, әлемге, қоғамға және басқа адамдарға деген қатынасын сипаттайды (Кононенко Б.И., Културология в терминах, понятиях, именах. Справочное учебное пособие: М.: «Щит-М», 1999. – 225 б.).

Философиялық мәдениет – бұл ойлау мәдениетінің де көрсеткіші болып табылады. Ойлау мәдениеті – өзіндік дамуға бағытталған жеке дара ойлау мүмкіндігі және индивид ойында қалыптасқан формалар мен канондардан шыға алу қабілеті. Танымдық процестерде ойлау мәдениеті интеллектуалды жетілудің жоғарғы дәрежесі бола алады. «Ойлау мәдениеті» деп аталатын жалпы философиялық категория «даналық» категориясына сәйкес келеді. Ойлау мәдениетінің жоғарғы көрсеткіші болып табылатын сөйлеу мәдениеті тілдік құралды түрлі жағдайларда қолдана білу және жеке дара сөйлеудің белгілі бір тілге сәйкестігімен анықталады. Лингвистердің есептеуінше сөйлеу мәдениеті дегеніміз айтылған сөздің анықтығы, нақтылығы, дұрыстығы және тазалығы, ондағы диалект, өте қарапайым сөздер, белгілі бір кәсіптік терминдер мен басқа тілдік және жаргон сөздердің орынсыз қолданылуынан аулақ болу. Сонымен бірге мәдениетті сөйлеуге шешендік, логикалық құрылымдық, тіл байлығы, сөздік қор, грамматикалық конструкциялардың әртүрлілігі мен көркемдік айшықтық тән. Сөйлеу - ойды толығымен жеткізетін қатынас құралы, кәсіби қару.

Философиялық мәдениет құрылымындағы қатынас мәдениеті негізінде адамның адамға деген гумандық көзқарасы жатыр. Танымал педагог, академик В.А. Сухомлинский: « ... біздің өміріміздің мағынасы – адамдар қатынасының бақыты. Бақыт адамдардан алыстау емес, біздің ең жоғарғы қажеттілігіміз ... адамға деген қажеттілік болсын» - деп жазды. Қатынас мәдениетінің философиялық мәні ізгіліктің алтын ережесінде екені хаһ. Оның атрибуттарына тоқтала кетсек: ізеттік, құрмет, әдептілік, ескертпелік, міндеттілік және т.б.