Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педатриядағы шұғыл жағдайлар..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать
☆
  1. Тоникалық:

  1. сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;

  2. көзқарасы бір орнында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;

  3. басын артқа шалқайту;

  4. қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған.

  1. Клоникалық:

  1. басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырлады және жылдам жайылады;

  2. тері қабаттары бозарған.

Жедел көмек алгоритмі

  1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.

  2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен оралған шпатель салу.

  5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көктамырға немесе бұлшық етке).

  • реланиум (седуксен) – 0,1 мл жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе

  • дроперидол – 0,2 мл/кг немесе

  • ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл - 200 мг)

  1. Оттегі беру.

  2. Құрысудың себебін анықтау және жою.

Анафилактикалық есеңгіру (шок)

Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:

Анафилактикалық шок – аллергенмен, антителла арасындағы аллергиялық реакция нәтижесінде бөліп шығаратын биологиялық активті гистаминнің көп бөліну арқасында болады.

Биологиялық токсикалық заттар:

  • Қан тамыры мембронаның өткізушілігі көбейеді, соның салдарынан шоктын клиникасы айқын дамиды.

  • АД – төмендейді, соның салдарынан науқас есінен танады, жүрегі соғады, терісі бозарады, пульсі әлсірейді.

  • Бронхоспазм – оның салдарынан ауа жетіспейді. Тыныс алу жетіспеушілігі ұлғаяды.

  • Ентігу, цианоз, қабырға арасындағы бұлшық еті демде қатынасады.

Себептері: Аллергияға бейім бала организміне әртүрлі аллергендердің (дәрі-дәрмектер, вакциналар, қан препараттары,тамақ аллергендері, химиялық заттар, жәндіктердің, гүлдер мен шөптердің әсері т.б) әсер етуінің жедел түрінде байқалады.

Белгілері: Қатты әлсіреу, бозару, қатты терлеу, есін жоғалту, дем алысының қиындауы, кейде тоқтап қалуы, қатты басы мен ішінің ауыруы, қан қысымының күрт төмендеп кетуі, тері қабатында бөртпелер пайда болуы.

Жедел жәрдем: Әсер еткен дәріні егуді тоқтату; басын төмен,аяғын жоғарырақ етіп жатқызу; дәрі егілген жерден жоғары жгут салу, дәрі егілген жерді айналдыра 0,1% адреналиннен 0,15-0,75мл егу; науқастың ішін аяқ-қолдарын қатты уқалау; тыныс жолдарын тазалап тұру, басын бір жағына бұрып жатқызу; ылғалдатылған оттегін беріп тұру; демі тоқтап қалса, жасанды дем алдыру.

Естен тану

Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

Шұғыл көмек:

  1. Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.

  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаринімен).

  5. Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл – 6 айға дейін; 6-12 ай 0,1-0,2 мл; > 1ж. – 0,3-0,5мл.

Коллапс

Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі. Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінудің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

Клиникасы:

  • Жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;

  • Тері қабатының бозаруы;

  • Суық жабысқақ тер;

  • Пульс жіп тәріздес жиі;

  • Қан қысымы төмен.

Шұғыл көмек

  1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Келесі препараттарды енгізу:

  • Мезатон – көк тамырға тамшылатып 0,1 мл/ жасына 5% глюкоза ерітіндісінде немесе

  • Норадреналин – 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе

  • Адреналин – 0,1% ерітінді тері астында, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1 мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7.

  1. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

Құсу

Себептері:

  1. Ұшыну;

  2. Улану;

  3. Ас қорыту жүйесінің аурулары;

  4. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек

  1. Баланың жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.

  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.

  5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуына енгізеді):

  1. per os – новокаин 0,25 % -1 шай қасық, -1 дес. қас. -1 ас қас., жасына сәйкес;

  2. бұлшық етке – церукал -1 мг/кг (1мл=5мг) немесе прозерин -0,1 мл/жасына;

  3. қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/ жасына.

  1. Құсудан кейін:

  1. аузын қайнаған сумен шаю;

  2. су – шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;

  3. керек жағдай – құсықтың зертханаға зерттеуге жіберу.

  1. Құсудың себебін анықтау және жоюға тырысу.