Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иммунология умкд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

Антигенді айырып тану

Антигенді айырып тану макрофаг, Т, В-лимфциттер кооперациясы кезінде жүреді. Антидене синтезделу үшін В-лимфоцит екі сигнал алу керек: арнайы және өсіргіш (пролиферативті). Бұл Гуморальдік иммунитет реакциясының қажетті шарты болып табылады. Арнайы сигналды В-лимфоцит антиген детерминантасымен әрекеттескенде қабылдайды. Ол антиген өзгешелігін қамтамасыз етеді. Ал В-лимфоциттерді көбейтетін сигналды антиген детерминантасының тасымалдаушысын айырып таныған Т-лимфоциттен алады. Осы процесте антигенді қорытып шығаратын макрофагтар зор роль атқарады. Олар Т-лимфоцитке антигенді тануға көмектеседі.

Қазіргі кездегі тұжырым бойынша макрофаг антигенді айырып, қорытылмай қалған бөлігін суперантиген күйінде мембранасына шығарады. Сол антигенді Т-лимфоцит айырып таниды. Макрофаг бетіне шыққан антиген 1а-ақуызбен қосылысатыны эксперимент жүзінде дәлелденген. Т-лимфоциттер жасушалардың тегі өзгермеуін қадағалай отырып түрі өзгерген гистосәйкестіктің антигендерін айырып таниды, сол кезде медиатор бөліп шығарып Т-В-хелпердің көмегімен В-лимфоциттердің көбеюіне нұсқау береді, ал олар антидене жасап шығарады. Антигенннің химиялық құрамына байланысты және оның әртүрлі гистотіркестіктің антигендерімен әсерлесуіне байланысты, Т-лимфоциттердің белгілі бір субпопуляциясы дамып саны көбейеді. Егер негізінен Т және В-хелперлер көбейіп дамыса, онда иммунитет жауабында антигенге қарсы антидене синтезделеді.

Т-жасушалардың әрбір субпопуляциясының қызметі плазмалық мембранасында орналасқан арнайы антигенмен әрекеттесетін рецепторларының көмегімен антигенді айырып танумен байланысты. Бұл рецепторлардың химиялық құрамы әлі күнге дейін белгісіз. Т-лимфоциттердің антиген байланыстыратын рецепторларының 4-түрлі сипаттамасы бар:

  1. Т-лимфоцит мембранасының бетінде орналасады;

  2. Антиген тасымалдаушымен арнайы әрекеттеседі;

  3. Сол жасушаның өзінде синтезделеді;

  4. Антигенмен әрекетке түскенде өз жасушасын белесндіріп қызметін күшейтеді

Т-жасушалардың барлық субпопуляцияларының антиген байланыстыратын рецепторлары болғанмен де, олар антигенді әртүрлі айырып таниды, сонымен қатар В-лимфоциттер секілді клондарға бөлінеді, олар әртүрлі антигендермен әрекеттеседі. Ол Т-жасушалардың субкластарын радиоактивті заттармен өлтіруімен тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Радиоактивті тимидинмен белгіленген лимфоциттердің өлімі лимфоциттер популяциясының ішінен сол антигенге қарсы Т-киллер мен Т-қапер жасушалары іріктеп істен шығарады. Аман қалған кіші лимфоциттер сол антигенмен әсерлеспейді, бірақ басқа антигенмен байланысқа түсе алады. Бұл басқа антиген ерекшелікті клондар аман қалғанын көрсетеді. Т-лимфоциттермен антигенді айырып тану генетикалық түрде тағайындалған. Антигенді айырып танудың генетикалық қадағалануы арнайы иммундық әсерлесудің гендерімен іске асады. Ондай қадағаланудың барлығы белгілі бір антигенмен күшті және әлсіз әсерлесе алатын жануарлар линиясының болуымен дәлелденеді. Сонымен қатар иммунитет жауабының күші әр антигенге жеке қадағаланады.

Т-лимфоциттер субпопуляциясы және қызметтері

Т-лимфоциттер субпопуляциясы көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады: үстінің антигендік маркерлері бойынша, жасуша диаметрі, антигенге қарсы рецепторы, F-фрагмент пен С3-компоненттердің рецепторы, өмір сүру ұзақтығы, организмде қозғалу бағыты бойынша, химиялық агенттер мен радиоактивті сәулелерге сезімталдығы бойынша ажыратылады. Бұл ерекшеліктері бойынша олардың субпопуляцияларын бір-бірінен бөліп алуға болады. Осы субпопуляциялардың антиген әсерімен кейбіреуінің ерекшелініп иммунитет жауабына пайда болуы антиген детерминантасының әсерімен және иммунитеттеу әдісімен тығыз байланысты.

Т-лимфоциттердің эффекторлық реакциясы

Жасушалық иммунитеттің эффекторлық реакцияларын Т-лимфоциттердің ішіндегі Т-киллерлержәне б.ж.а.с. Т-эффекторлары іске асырады. Б.ж.а.с. Т-эффекторлары цитотоксикалық әсерімен қатар қабыну реакцияларының комплексін жүргізетін бірқатар медиаторлар жасап шығарады. Осы жасушалар иммунитеттік қабыну ошағын қалыптастырады. Ол баяу жүретін аса сезімтадық жолымен жүреді.

Т-киллерлер нысана жасушаларға қарсы цитотоксикалық әсер жүргізеді. Нысана жасушалар бетіндегі тегі бөтен антиген детерминанталары болады. Бұл жасушалар (Т-өлт) трансплантат және ісік жасушалары аластатып организмнің тегі өзгерген мутант жасушаларын жасушаларын жояды. Осы жасушалар арқылы аутоиммундық аурулардың жасушалық реакциялары іске асады. Т-киллерлер нысана жасушаларға түйісу механизмі арқылы тікелей цитотоксикалық әсер етеді.

Т-киллерлердің нысана жасушаларға әсерінің негізгі кезеңдері:

  1. Т-киллерлер мен нысана жасушалардың түйісуі

  2. Өлтіргіш соққы

  3. Нысана-жасушалардың ыдырауы (лизисі)

Арнайы жүретін реакцияның бірінші кезеңі, Ткиллер рецепторы нысана жасушаның антиген детерминантасымен түйісу. Бұл процесс антиген организсге екінші рет кіргенде жүреді. Оған дамыған, осы антигенге сезімталдан Т-лимфоциттер: Т-киллерлер қатысады.

Қалған екі кезең арнайы емес: өлтіргіш соққы кезінде Т-жасушалар белсеніп Гуморальдік медиаторлар-лимфотоксиндер бөлініп олардың көмегімен және жасушалар түйіскенде нысана жасушаның плазмалық мембранасы бүлінуі салдарынан сол жасушаларда алғашқы зақымдану жүреді. Мембрананың ион өткізгіштігі өзгеріп ион балансы бұзылады, осмостық және зарядтық ауытқулар (аномалия) пайда болып, нәтижесінде мембрана тұтастығының структуралық және функционалдық негізі бұзылады. Бұл процесті комплемент белсенуі де күшейтеді.

Одан әрі Т-өлтіргіш соққы алып ыдырай бастаған жасушадан бөлініп шығады. Ал нысана-жасушада ыдырау процесі одан әрі жалғасады: жасуша ісініп, одан жоғары молекулалы заттар шыға бастайды, жасушаның лизосомалдық ферменттері белсенеді. Нәтижесінде жасуша деструкцияланыплизис жүреді.

Т-жүйенің иммунитет жауабын реттеуге қатынасуы

Антигенге иммунитет жауабын реттеуге Т-лимфоциттердің барлық субпопуляциялары араласады: АРК, Т-Т-көмекшілер және Т-эффекторлар субпопуляциялары. Осы реттелудің негізгі механизмі жасуша кооперациясы арқылы жүреді. Бұл процесте Т-В-көмекшілер мен Т-супрессорлар зор роль атқарады.

Жасушалық иммунитет медиаторларының синтезделіп бөлініп шығуы арқасында жасушалардың дамуы, көбеюі, қозғалу бағыты олардың функционалдық белсенділігі мен кооперациясы іске асады.

Т-В-көмекшілер өмірі ұзақ, радиоактивті сәулеге төзімді, тимустәуелді антигендерді айырып тануда макрофагтармен бірлесіп қызмет жасайтын жасушалар. Оларда С3-компонент пен F-фрагмен рецепторлары болмайды. Организмге антиген екінші рет енгенде биологиялық белсенді заттар – медиаторлар бөліп шығарады. Олар сол антигенге сәйкес В-лимфоциттер клонына әсер етіп көбейіп, дамытып плазмалықжасушаларға айналдырады. Бұл медиаторлар антиденегенез индукторлары деп те аталады.

Т-супрессорлар. Бұл жасушалар иммунитет реакцияларында ерекше, реттегіш роль атқарады. Олардың өмірі қысқа, көп Ө-антигені болады. Fc-фрагментінің рецептора бар, бірақ С3-компонентінің рецепторы болмайды. Т-супрессорлар Т-тәуелді және Т-тәуелсіз антигендермен әсерлеседі.

Т-супрессорлардың екі субпопуляциясы бар: Т-В-супрессор және Т-Т-супрессор.

Т-В-супрессор антидене түзілуін тежейді, Т-Т-супрессор Т-өлтіргіш түзілуін азайтып иммунитеттің жасушалық реакциясын төмендетеді. Т-супрессорлар белсенуі үшін антигендер организмге екінші рет енуі керек.

Т-супрессорлар өз қызметін Гуморальдік медиаторлар арқылы жасайлы. Олар арнайы және жалпылама деп екі түрге бөлінеді. Арнайы белгілі бір антигенге иммунитет жауабын төмендетеді, ал жалпы медиаторлар кез келген антигенге иммунитет жауабын азайтады. Жалпылама Т-супрессор лимфоциттерге митогендер әсер еткенде түзіледі. Кейбір жалпылама медиаторларда Fc-рецепторларының қасиеті бар, сондықтан иммуноглобулиндермен тікелей әрекеттесе алады, басқалары В-лимфоциттердің көбеюі мен дамуын іріктей отырып тежейді немесе Т-лимфоцит субпопуляциясына әсер етеді.

Арнайы иммунитет жауабында Т-супрессорлар нысанасы ретінде антиген құрылысына, иммунитеттеу әдісіне, иммунитет жауабы сипатына байланысты Т және В-лимфоциттер болады.

Сонда жүретін процестер сипаты:

  1. Т-В-супрессорлар ИгG, ИгЕ синтезіне қатты әсер етіп, ИгМ синтезіне әлсіз әсер етеді;

  2. Қапер жасушаларына қарағанда бүлінбеген интактылы жасушалар оңай тежеледі;

  3. Күшті иммунитет жауабы, әлсізіне қарағанда оңай тежеледі;

  4. Жасушалық иммунитеттен гөрі Гуморальдік иммунитет қаттырақ тежеледі;

Т-супрессорлар иммунитет жауабының алғашқы кезеңдерінде араласады: ДНК синтезі тежеледі, сол арқылы белгілі бір лимфоциттер субпопуляциясының көбеюі төмендейді, дамуы тежеледі. Соның салдарынан антиденелер жабысқақтығы төмендейді, Т-эффекторлар саны азаяды. Антиденелер жабысқақтығы төмендеуі IgМ-нен басқа барлық Иг-дар синтезінің азаюымен байланысты.

Т-супрессорлардың реттегіш ролі иммунитет жауабының тегі бөтен және өзінің антигендерге күшінің азаюымен, ұзақтығын қысқартумен байланысты. Сонымен қатар иммунитет жауабы тізбегінің кезегі өзгеруімен және белгілі бір антигендерге иммунитет төзімділігі пайда болуымен байланысты.

Т-супрессорлардың қызметі кейбір баяу жүретін инфекцияларда болатын иммунитеттік төзімділікке де қатысы бар. Супрессор белсенділігінің төмендеуі аутоиммундық ауруларға себеп болады. Ал белсенділігінің артуы қатерлі ісік формаларына әкеп соғады. Т-супрессорлардың қызметі нәтижесінде иммунитеттік төзімділік пайда болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жасушалық иммундық жауап жүйесі мен оның иммунологиялық реакциялардағы рөлі.

  2. Иммунитеттің Т-жүйесі, құрылысының ерекшеліктері, қызметі мен рөлі.

  3. Т-лимфоциттер, Т-лимфоциттер қызметі.

  4. Т-лимфоциттердің ерекшеліктері

  5. Жасушалық иммундық жауапта жасушалардың әсерлесуі

  6. Т-лимфоциттердің диференциясысын сипаттаңыз.

  7. Т-лимфоциттердің эффекторлық реакциясын сипаттаңыз.