Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-дарис.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29 Кб
Скачать
☆

А)Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері

Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі - зат есімдерден құрал-ған тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: қол сағат, ағаш күрек, күміс қасық, темір таяқ. Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады.

Екі зат есімнің бір-бірімен қабыса байланысқан сөз тіркесін құрау, біріншіден, көп, екіншіден, ондай екі кейде үш зат есімдердің бір-бірімен мағыналық жағынан үйлесімділері ғана тіркесе алады. Сондықтан да тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді). Мысалы: сағат қалта - қалта сағат. Екі сөзді зат есімді тіркестер қалыптасуы жағынан іштей м а т а с а (есік тұтқа - есіктің тұтқасы)

Екі зат есім бір-бірімен қабыса байланысқан сөз тіркесін құрау, біріншіден, көп, екіншіден, ондай екі зат есімнің бір-бірімен мағыналық жағынан үйлесімділігі ғана тіркесе алады. Үш немесе одан да көп есімдердіц жалғаусыз тіркесіне қарағанда бірнеше түрлі ерекшеліктері бар сияқты. Мысалы: Жоғарғы сөйлемдердегі аю төс ене күрделі сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары аю төс зат есімдері сол тобымен ене сөзіне бағына бай-ланысқан. Ене мен төс зат есімі жалғаусыз тіркескен есімді сөз тіркесін жасауға мағыналық жағынан үйлеспейтікдігі белгілі. Сонда темір қасық тәрізді қасықтың темірден істелгендігін білдіретіндігіндей немесе қамыс құлақ дегенде құлақ сөзінің қамыс сияқты салыстыру мағына-сында жұмсалып, мағыналық жағынан үйлесімді келетінін ескерсек, енді үш сөзді зат есімді сөз тіркесінде яғни ене сөзіне төс сөзі ондай анықтауыштық қызметте жұмсала алмайды.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мы-надай мағыналық қатынаста жұмсалады.

1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш), ағаш күрек (ағаштан істелген күрек), күміс қасық (күмістен істелген қасық).

Бұған қасқыр ішік (қасқырдың терісінен тігілген ішік), тас жол (тас төселген жол) сияқтылар да енеді. Мысалы: Егер осы айтқаның келсе, мына алтын сағатымды сыйладым саған. Болат тонын сыпырып алсаң, немістер де бір қоян да бір екен (Әбішев/ Мен ойнамаған ағаш ат қалған жоқ (Мүсірепов). Сапар шай ішіп отырған шыны аяғын үшінші рет босатты (Сланов). Немістер келіп темір найзамен мені турткілей бастады (Әбішев).

2.Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ - (ат) аттың құлағы қамыстай екендігін білдіреді, пісте мұрын (қыз) - қыздың мұрны пістедей д.м.; жібек жун - жүні жібектей д.м.; құрыш білек - құрыштай қатты білек т.б

3.Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады. Мысалы: ат қора - ат тұратын қора; мал қора - мал қамауға арналған қора; шай кесе - шай ішуге арналған кесе; кір сабын - кір жууға арналған сабын; қазаң пышақ - қазаң қыру үшін жұмсалатын пышақ (қырғыш); өкше біз - өкшеге шеге қағу үшін жұмсалатын біз.

4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта сағат т.б. Олардың екі түрі бар:

а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер-су аты болып, басыңқысы заттың сонда өсіп-өнетінін

ә) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есім болып, бірі - екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды: мойын ет, желке тамыр, тамақ без, ауыз үй, тамақ бау т.б.

Бұлар - бір лексикалық бірлікте айтылатын тіркестер. Шеке тамырым көгергенше айтыса кетуге әзірмін (Мүсірепов). Мойын еті бөп-бөлек, майда жалды... (Абай).

5.Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, екі саба қымыз, қап-қап астық, бір асым ет т.б. Ондай өлшемдік мағынада жұмсалатын тіркестер мынадай құрамда айтылады: бір қора қой, бір үйір жылқы, екі полк әскер, бір қазан ет, үш шелек су, бес қап ұн, бір уыс бидай, бес құлаш арқан, үш адым жер, қап-қап астық, шелек-шелек сүт т.б.

6.Кәсіп, дәрежені білдіреді: а) инженер қыз, шәкірт бала, тракторист Есбол; ә) суретші Әбілхан, жазушы Мұқанов, аға лейтенант, бас инженер т.б.

7.Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала, әйел адам т.б.

8.Даралау мағынасында жұмсалады: қайың ағаш, алма ағаш, нар түйе т.б.