Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 нуска бирге.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Жиілігі 20-20000 Гц арасында серпімді ортада таралып, есту сезімін туғызатын механикалық толқын:

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

2. Дыбыс көзі мен қабылдаушы бір-бірімен салыстырғанда қозғалыста болса, онда қабылдаушыға келіп жеткен дыбыстың жиілігі дыбыс көзінен шыққан дыбыс жиілігінен өзгеше болады. Бұл эффектіні ашқан ғалым:

А) Вебер-Фехнер

В) Умов-Пойтинг

С) Эйнштейн

Д) Доплер

Е) Коротков

3. Диагностика мақсатында ағзаның ішінде пайда болатын дыбыстарды тікелей тыңдау әдісі:

А) дарсонвализация

В) коагуляция

С) электростимулация

Д) энцефалография

Е) аускультация

4. Ультрадыбыс:

А) жиілігі 20-20000 Гц механикалық толқындар.

В) жиілігі 16 Гц-тен төмен механикалық толқындар.

С) жиілігі 30 кГц-тен жоғары электромагниттік толқындар.

Д) жиілігі 20 кГц-тен жоғары механикалық толқындар.

Е) кез-келген механикалық толқындар.

5. Ультрадыбысты алу әдісі мынаған негізделген:

А) термоэлектрлік эффектіге

В) пьезоэлектрлік эффектіге

С) термоэлектрондық эмиссияға

Д) фотоэлектрлік эффектіге

Е) тура электрлік эффектіге

6. Адам ағзасының түрліше мүшелерінде пайда болған дыбыстарды жазу әдісі:

А) фонография

В) аудиометрия

С) реография

Д) сфигмомонометрия

Е) спектрометрия

7. Адам ағзасының кейбір мүшелерінің (тыныс алу жүйесінің, қан айналым жүйесінің) шығарған дыбыстарын тыңдау әдісі:

A) перкусия

В) аускультация

С) фонография

Д) аудиометрия

Е) реография

8. Аускультация үшін қолданылатын құрал:

А) фонендоскоп

В) бронхоскоп

С) аудиометр

Д) эндоскоп

Е) сфигмотонометр

9. Артериядағы қан қысымын өлшеу әдісін көрсетіңіз:

А) Эйнтховен теориясы

В) Коротковтың әдісі

С) Гаген-Пуазейль ережесі

Д) Вискозиметр әдісі

Е) Стокс әдісі

10. Тамыр бойымен ағатын қанның қозғалысы:

А) қанайналым жүйесіндегі қанның көлеміне байланысты.

В) жүректің жұмысына, тамырдың диаметріне және оның қабырғаларының эластикалық қасиетіне, қанның тұтқырлығына байланысты.

С) тек қантамырының диаметріне байланысты.

Д) қантамырының эластикалық қасиетіне байланысты болып, қанның тұтқырлығына байланысты емес.

Е) қанның тұтқырлығына және температурасына байланысты.

11. Температура жоғарлаған кезде сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті:

А) кемиді

В) өзгермейді

С) артады

Д) теріс мәндерді қабылдайды

Е) ең үлкен мәнге жетеді

12. Қалыпты жағдайда систолалық қысым мен диастолалық қысымның арасы 40-50 мм сын. Бағ. Болса, онда оны:

А) систолалық қысым дейді.

В) диастолалық қысым дейді.

С) перифериялық қысым дейді.

Д) веналық қысым дейді.

Е) пульстық қысым дейді.

13. Артериялық қан қысымының өлшем бірлігін көрсетіңіз:

А) Пуаз

В) Па*сек

С) мм.cын.бағ.

Д) дин/см

Е) белл немесе децибелл

14. Қалыпты жағдайдағы систолалық қысымның мөлшерін көрсетіңіз:

А) 70-90 мм.сын.бағ.

В) 100-130 мм.сын.бағ.

С) 140-160 мм.сын.бағ.

Д) 160-180 мм.сын.бағ.

Е) 180-нен көп мм.сын.бағ.

15. Қан тамырлар бойымен қанның қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін биофизика саласы:

А) гемодинамика

В) гидродинамика

С) термодинамика

Д) электродинамика

Е) кинематика

16.

Мұндағы U-катиондардың қозғалғыштығы;

υ-аниондардың қозғалғыштығы;

R-универсал газ тұрақтысы;

T-абсолют температура;

F-Фарадей саны;

а және а -қозғалыстағы иондардың белсенділігі;

n-иондардың валенттілігі.

Бұл Гендерсон теңдеуі анықтайды:

А) мембраналық потенциалды

Б) фазалық потенциалды

В) мембраналық-фазалық потенциалды

Д) диффузиялық потенциалды

Е) диффузиялық-мембраналық потенциалды

17. Мембраналық потенциалдың тепе-теңдігін анықтайтын теңдеуді шығарған ғалымды атаңыз:

А) Фик

В) Нернст

С) Хаксли

Д) Ходжкии

Е) Гольдман

18. Тыныштық потенциалы – бұл:

А) қозбаған жасуша цитоплазма мен қоршаған орта арасындағы потенциалдар айырымы.

В) қозбаған күйдегі мембрананың ішкі және сыртқы беттерінің потенциалдарының айырымы.

С) қозбаған күйдегі мембрананың ішкі жағында пайда болатын потенциал.

Д) қозбаған күйдегі мембрананың сыртқы жағында пайда болатын потенциал.

Е) қозбаған күйдегі мембрананың ішінде және қоршаған орта арасындағы магнит өрісінің потенциалдар айырымы.

19. Биологиялық мембрана құрылымын көрсетіңіз:

А) ақуыздар, липидтер

В) эритроциттер, лейкоциттер, ақуыздар

С) фосфолипидтер, майлар, қышқылдар

Д) гемоглобин, липидтер

Е) РНҚ

20. Мембранада иондардың өту жолы:

А) арна

В) липидтік қабат

С) билипидтік қабат

Д) дәліз

Е) саңылау

21. Биологиялық мембрана арқылы зат тасымалдаудың түрлерін көрсетіңіз:

А) биоэлектірлік потенциалдар айырмасы және зат таралымының өзгерісі әсерінен тасымал

В) зат таралымының өзгерісі және белсенді тасымал

С) диффузия процесі және енжар тасымал

Д) енжар және белсенді тасымал

Е) зат таралымының өзгерісі және диффузия процесі

22. Жасушадағы электролиттерде енжар зат тасымалдау:

А) электр өрісінің потенциалының мәні жоғарғы (φ ) орнынан потенциалы төменгі (φ ) орынға қарай тасымалданады.

В) заттың электрохимиялық потенциалы жоғары (μ ) орнынан төменгі (μ ) орынға қарай тасымалданады.

С) заттың таралымы көп (С ) орнынан таралымы аз (С ) орнына қарай тасымалданады.

Д) заттың таралымы аз (С ) орнынан таралымы көп (С ) орнына қарай тасымалданады.

Е) заттың электрохимиялық потенциалы төменгі (μ ) орнынан жоғарғы (μ ) орнына қарай тасымалданады.

23. Жасушада енжар зат тасымалдау үшін:

А) АТФ-тің энергиясы шығындалмайды.

В) АТФ-тің энергиясы шығындалады.

С) қосымша электр өрісі әсер етуі керек.

Д) энергия алмасуының нәтижесі тұрақты болады.

Е) қосымша тұрақты электр тогымен әсер ету керек.

24. Мембрананың жазықтығында липидтер мен ақуыздардың ретсіз жылулық ауысуы:

А) латеральдық диффузия

В) флип-флоп, диффузия

С) диффузиялық потенциал

Д) қарапайым диффузия

Е) жеңілдетілген диффузия

25. Көрінетін жарық сәулесінің және ультракүлгін сәуленің әсерінен пайда болатын люминесценцияны:

А) рентгендік люминесценция дейді.

В) радиолюминесценция дейді.

С) катодтық люминесценция дейді.

Д) электролюминесценция дейді.

Е) фотолюминесценция дейді.

26. Көрінетін жарықтың толқын ұзындығын көрсетіңіз:

А) 0,0001-80 нм

В) 750-2000 нм

С) 400-750 нм

Д) 200-400 нм

Е) 80-200 нм

27. Емдеуге қолданылатын инфрақызыл сәуленің адам ағзасына биофизикалық әсері:

А) сәуленің түсу бұрышына тәуелді.

В) сәуленің әсер ету ауданына тәуелді.

С) сәуленің температурасына тәуелді.

Д) ағзаның қоршаған ортамен тәуелділігі.

Е) ағзадан бөлініп шығатын сұйықтың көлеміне тәуелді.

28. Инфрақызыл сәуленің әсерінен:

А) адам ағзасының сыртқы беті қызады.

В) тереңде жатқан ұлпалар қызады.

С) без жолдарының жұмысы жақсарады.

Д) ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарады.

Е) қанның тұтқырлық коэфиценті қалыпты деңгейге келеді.

29. Күн сәулесі әсер еткенде органикалық молекулалардың синтезі:

А) фототаксис

В) фотосинтез

С) фототропизм

Д) көру процесі

Е) фотопериодизм

30. Өсімдіктердің жапырақтарының немесе сабақтарының жарыққа қарай немесе одан кері қарай бұрылуы:

А) фототаксис

В) фотосинтез

С) фототропизм

Д) көру процесі

Е) фотопериодизм

31. Фотобиологияда биологиялық объектілердің жарықты сезгіштігін арттыратын қосылыстар:

А) фотореактивация

В) фотосенсибилизация

С) фотодимеризация

Д) фотодинамика

Е) фотодермис

32. Адам ағзасына ұзақ уақыт бойы ультракүлгін сәулемен әсер еткенде теріде өтетін процесс:

А) эдема

В) эритема

С) фотоаллергия

Д) фотоконцерогенез

Е) фотодимеризация

33. Ультракүлгін сәуле ұзақ уақыт бойы әсер еткенде адам терісінде рак ауруы пайда болуы мүмкін. Осыны не дейді:

А) фотоконцерогенез

В) фотолиз

С) фотодимеризация

Д) фотосенсибилизация

Е) мутация

34.Электр тогы:

А) зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы.

В) зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

С) электр өрісінің әсерінен бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

Д) магнит өрісінің әсерінен бөлшектердің қозғалыс жылдамдығының өзгеруі.

Е) қозғалыстағы зарядтардың бағытталған қозғалысы.

35. Электростимуляция әдісінде тіннің тітіркенуі неге тәуелді:

А) үздікті токтың пішініне

В) үздікті токтың ұзақтығына

С) үздікті токтың амплитудасына

Д) үздікті токтың пішініне, ұзақтығына

Е) үздікті токтың пішініне, ұзақтығына және амплитудасына

36. Жүрек бұлшық еттерінің барлығы бір сәтте жиырылмай, әр қайсысы әр уақытта жиырылады. Осындай процесті:

A) жүрек фибрилляциясы

В) асфикция

С) гипоксия

Д) дарсонвализация

Е) кардиостимуляция

37. Медициналық датчик деп:

А) тірі тіндегі электрлік құбылыстарды бақылайтын қондырғыны атайды.

В) электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналға айналдыратын қондырғыны атайды.

С) сыртқы энергия көзі есебінен электрлік сигналды күшейтетін қондырғыны айтады.

Д) тірі жасуша биопотенциалын өлшеуге арналған қондырғыны айтады.

Е) айнымалы токты түзетуге арналған қондырғыны айтады.

38. Адам ағзасы арқылы ток:

А) тек қантамырлары арқылы таралады.

В) тек лимфа тамырлары арқылы таралады.

С) қан және лимфа тамырлары, жүйке жүйелерінің қабықшасы және бұлшықет арқылы таралады.

Д) бұлшықет арқылы таралады.

Е) жүйке жүйелерінің қабықшалары арқылы таралады.

39. Электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған арнайы пішінді өткізгіш:

A) датчик

В) электрод

С) индикатор

Д) осциллограф

Е) стимулятор

40. Электроэнцефолография – ол:

А) мидың биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

В) бұлшықеттің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

С) көздің тор қабатының биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Д) жүректің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

Е) терінің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс.

41. Биопотенциалдар:

А) тіннің және жасушаның қозуы нәтижесінде оларды қоршаған ортадағы иондар тараламының өзгеруі.

В) кеңістіктің кез келген екі нүктесінің арасында пайда болған электрлік әдістер.

С) тірі ағзадан өтетін электр тогы.

Д) адам ағзасына емдеу мақсатында қолданылатын электр тогы.

Е) тірі ағзадан өтетін айнымалы ток.

42. Жүректің биопотенциалдарын тіркеу және оны сараптау медицинада:

А) жүрек-қантамырлар жүйесін емдеуде қолданылады.

В) қанның қантамырлар бойымен қозғалысын анықтауда қолданылады.

С) жүрек-қантамырлар жүйесінің физиологиялық күйін анықтауда (диагностикада) қолданылады.

Д) жүйке жүйесінің физиологиялық күйін анықтауда қолданылады.

Е) жүректің өлшемін және орналасуын анықтауда қолданылады.

43. Гальванизация-физиотерапиялық емдеу әдісі, ол:

А) тікбұрышты түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

В) экспоненциалды түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

С) үшбұрышты түрдегі импульстік токтарды қолдануға негізделген.

Д) кернеуі 60-80 В үздіксіз тұрақты токтарды қолдануға негізделген.

Е) ультражоғары жиілікті (30-300 МГц) электромагниттік өрістерді қолдануға негізделген.

44. Электрокардиограмма деп:

А) жүректің функционалдық ерекшелігіне сәйкес пайда болған биопотенциалдарды тіркеу әдісін айтады.

В) адам денесі бетіндегі екі нүкте аралығындағы кернеуді жазуды айтады.

С) тірі жасушалардағы ток күші өзгерісін жазуды айтады.

Д) тірі жасуша кедергісінің өзгерісін жазуды айтады.

Е) ағзаның түрліше мүшелерінде пайда болған дыбыстарды жазуды айтады.

45. Жүректің патологиялық өзгерісі кезінде:

А) ЭКГ тістерінің биіктігі өзгереді.

В) ЭКГ тістерінің ара қашықтығы өзгереді.

С) ЭКГ тістерінің формасы өзгермейді.

Д) ЭКГ тістерінің биіктігі, ара-қашықтықтары және пішіні өзгереді.

Е) ЭКГ-ның R тісі болмайды.

46. Индуктотермия әдісінде:

А) тері мен сілекейлі қабыққа жоғары жиілікті электр тогының разрядымен әсер етеді.

В) ағзадан жоғары жиілікті электр тогы өткенде бөлініп шығаратын жылу әсер етеді.

С) адам ағзасына жоғары жиілікті электр өрісі әсер етеді.

Д) адам ағзасына тұрақты электр өрісімен әсер етеді.

Е) адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді.

47. Бас миындағы ісіктерді немесе ірің қабатын анықтайтын дыбыстық зерттеу әдісін көрсетіңіз:

А) ультрадыбысты локация

В) электроэнцефалография

С) эхоэнцефалография

Д) электромиография

Е) энцефалография

48. Дәрілік электрофорез деп:

А) дәрілік заттарды енгізетін және ағзаға жоғары жиілікті өріспен әсер ететін электрлік емдік әдіс.

В) дәрілік заттарды енгізу және ағзаға төменгі жиілікті өріспен әсер ететін электрлік емдік әдіс.

С) дәрілік заттарды енгізу және ағзаға айнымалы токпен әсер ететін электрлік емдік әдіс

Д) ультрадыбыс көмегімен дәрілік заттарды енгізу.

Е) адам ағзасына тұрақты, үздіксіз электір тоғымен әсеретіп, дәрілік заттарды шаншымасыз енгізетін электірлік емдік әдіс.

49. УЖЖ терапия әдісінде тін ұлпасына мынадай физикалық фактормен әсер етеді:

А) айнымалы магнит өрісімен

В) жоғары жиілікті айнымалы электр өрісімен

С) тұрақты электр өрісімен

Д) ультрадыбыспен

Е) рентген сәулесімен

50. Рентген түтігінің ішіне орналасқан металл катодты қыздырғанда одан электрондар бөлініп шығады. Бұл құбылыс:

А) фотоэффект

В) Доплер эффектісі

С) пьэзоэлектрлік эффект

Д) термоэлектрондық эмиссия

Е) диффузия

ІV нұсқа

1. Жиілігі 0-ден 20 Гц-ке дейін таралып, адамның есту мүшесімен қабылданбайтын механикалық толқын:

А) инфрадыбыс

В) дыбыс

С) ультрадыбыс

Д) тон

Е) шу

2. Доплер эффектісі медицинада:

А) адам құлағының дыбысты қабылдау шегін анықтау үшін қолданылады.

В) қан қысымын өлшеу үшін қолданылады.

С) қантамырлар бойымен қанның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін қолданылады.

Д) қанның минуттық көлемін анықтау үшін қолданылады.

Е) қанның соққылық көлемін анықтау үшін қолданылады.