- •1.Ұйымдағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің теориялық негіздері
- •1.2 «Автолайн Car Тrans» жшс қызметінің экономикалық сипаттамасы және міндеттемелер құрамы
- •2 «Автолайн Car Тrans» жшс-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •2.1 «Автолайн Car Тrans» жшс есеп саясаты
- •2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- •2.3 Қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- •2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
- •3. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
- •3.1 Қысқа мерзімд міндеттемелер аудиті
- •3.2 Қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің жетілдіру шаралары
2.4 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Қандай да болмасын ұйым (мекеме, кәсіпорын) өзінің атқарған жұмыстарына (көрсетілген қызметтеріне, өндірген өнімдеріне) сәйкес мемлекетке белгілі бір пайыздар көлемінде есептелініп, төленеді.
Салық – шаруашылық жүргізу субъектілерінен белгілі мөлшерлеме бойынша бекітілген заң тәртібі негізінде алынатын мемлекеттік міндетті төлем.
Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
1 |
Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды. |
2 |
Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi. |
3 |
Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. |
4 |
Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады. |
Кесте 6 – Салықтар бойынша міндеттемелер
№ |
Салық атауы |
Ұсталынатын объект |
Пайызы |
1 |
Корпоративті табыс салығы |
Жылдық табыс салығы |
20% |
2 |
Жеке табыс салығы |
Қызметкерлердің еңбекақысынан |
10% |
3 |
Қосылған құн салығы |
Көрсетілген қызмет көлемінен |
12% |
4 |
Әлеуметтік салық |
Қызметкерлердің еңбекақысынан |
5% |
5 |
Жер салығы |
Жердің құнына |
Олардың көлемі, ауқымына байланысы |
6 |
Көлік құралдарына салық |
Көлік құнына |
|
7 |
Мүлікке салық |
Мүлік құнына |
|
Ескерту: кесте әдебиет негізінде құрылған |
|||
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 — «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;
3120 — «Жеке табыс салығы»;
3130 — «Қосылған құн салығы»;
3140 — «Акциздер»;
3150 — «Әлеуметтік салық»;
3160 — «Жер салығы»;
3170 — «Көлік құралдарына салық»;
3180 – «Мүлік салығы»;
3190 — «Басқа да салықтар».
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
а)Корпоративтік табыс салығы келесі жолмен есептелінеді:
Корпоративтік табыс салығы = Табыс көзі * 20% (1)
3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша шоттар корреспонденциялары (кесте 7 ):
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1. |
Төлеу көздерінен корпоративтік табыс салығы ұсталды |
3310,3390 |
3110 |
2. |
Корпоративтік табыс салығы есептелді |
7710 |
3110 |
3. |
Уақыт айырмасын жойған кезде пайда болған,есептегі кезеңде төленуге тиісті корпоративтік табыс салығы |
4310 |
3110 |
4. |
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы көбейді |
5420 |
3110 |
5. |
Есеп саясатында болған өзгерістерге байланысты корпоративтік табыс салығы азайды |
3110 |
5420 |
6. |
Тоқтатылған қызмет табыстарынан корпоративтік табыс салығы ұсталды |
7510 |
3110 |
Ә) Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 3120 шотында есепке алынады. Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. Ол жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан 10% мөлшерінде ұсталынады.
Кесте 8– Жеке табыс салығы туралы мәліметтер
Жеке табыс салығын төлеуші |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан Республикасының резиденттік жеке тұлғасы |
Төлем көзінен алынатын табысына салынатын салық (салық Кодексімен сәйкес салық салуға жатпайтын, табыстарынан, қоспағанда) Төлем көзінен алынатын табысына салынбайтын салықтар |
Салық төлеушілердің табыстарына 10%-тік мөлшерлеме бойынша салық салынады. ҚР-ның және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивиденттер түріндегі табыстарға 5%-тік ставка бойынша салық салынады. |
Салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төлейтін жергілікті органға төлейді. |
Кесте- әдебиет негізінде құрастырылған |
|||
Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзіне салынатын салық салық төлеушінің табысынан алынады, бірақ одан жинақтаушы зейнетақы қорына аударым мен ең төмеңгі жалақы шегеріледі.
Жеке табыс салығы келесідей жолмен есетелінеді:
Жеке табыс салығы=(Еңбекақы – Жинақтаушы зейнетақы қорына аударым – ең төмеңгі еңбекақы)*10% (2)
Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.
Жеке табыс салығы ұсталған сәтте, кәсіпорынның бухгалтериясында соған сәйкес бухгалтерлік өткізбелер құрылады (кесте).
Кесте 9 – Жеке табыс салығы есептелгенде құрылатын бухгалтерлік өткізбелер
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Кәсіпорынның әкімшілік қызметкерлерінің еңбекақысынан ЖТС ұсталынды. |
7210 |
3120 |
2 |
Сатып-өткізу қызметкерлерінің еңбекақысынан ЖТС ұсталынды. |
7110 |
3120 |
3 |
Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан ЖТС ұсталынды. |
8112 |
3120 |
4 |
Көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан ЖТС ұсталынды |
8312 |
3120 |
5 |
Құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысынан ЖТС ұсталынды |
2930 |
3120 |
6 |
Еңбекақыдан ЖТС ұсталынды |
3350 |
3120 |
7 |
ЖТС бюджетке төленді |
3120 |
1030 |
Ескерту-кесте әдебиет негізінде құрастырылған |
|||
Б) Қосылған құн салығы 3130 шотында есепке алынады. 3130 — «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады. 3130 — «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі. Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.
Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді |
1210 |
3130 |
2 |
Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді |
1220,1230 |
3130 |
3 |
Есепке алынған қосымша құн салығы |
3130 |
1420 |
Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Респубикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады (кесте).
Кесте 10
Қосылған құн салығы туралы мәліметтер
Қосылған құн салығын төлеуші |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
ҚҚС бойынша есепте тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. |
Салық салынатын айналым |
ҚР аймағында сатқан кезде , 12% мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде оның нөлдік пайызы алынады. |
Күнтізбелік ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін төлеу кезеңі салықтық жыл болып табылады. |
ҚР-ның кедендік заңына сәйкес ҚР-ның аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. |
Салық салынатын импорт |
12% |
|
Ескерту-кесте әдебиет негізінде құрастылған |
|||
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот – фактурасын ұсынуға міндетті. Қосылған құн салығы бойынша келесі бухгалтерлік өткізбелер (шоттар корреспонденциясы) құрылады.
Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе:
Дебет – 1420 «ҚҚС»
Кредит – 1250 «Есеп беруші тұлғалардың қарыздары»
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарыздары»
ҚҚС есептеу кезінде құрылатын өткізбе:
Дебет – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Кредит – 3130 «Қосылған құн салығы»
Содан соң Қосылған құн салығы есепке алынады:
Дебет – 1420 «Қосылған құн салығы»
Кредит – 3130 «Қосылған құн салығы»
Айырмашылығы бюджетке аударылады:
Дебет – 3130 «Қосымша құн салығы»
Кредит – 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты».
В) Әлеуметтік салық 3150 шотында есепке алынады. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын белгілі бір пайыз мөлшерінде есептеп, белгіленген уақытта бюджетке төлейді.
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
-мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға төлемдер; Қазақстан Республикасының Үкіметімен және президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;
-конкурстық, спорттық жарыста жүлделі орындары үшін берілетін ақшалай сыйлықтарға
-Кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
-Жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;
-Тікелей әлеуметтік көмек, жәрдемақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
-Заңнамамен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс – сапар шығыстарының компенсацияларына;
-Босану мен екіқабаттылық бойынша жәрдемақыға;
-Белгіленген мемлекеттік стипендияға;
-Сақтандыру сыйлығына;
- Қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына және тағы да басқаларына.
Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталынады.Әлеуметтік салықты есептеу кезінде кәсіпорын бухгалтериясына сәйкес бухгалтерлік өткізбелер құрылады (кесте).
Кесте 11:
Әлеуметтік салық есептелінгенде құрылатын бухгалтерлік өткізбелер:
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Кәсіпорынның әкімшілік қызметкерлерінің еңбекақысынан әлеуметттік салық ұсталынды |
7210 |
3150 |
2 |
Сатып - өткізу қызметкерлерінің еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталынды |
7110 |
3150 |
3 |
Негізгі өндіріс жұмысшылырының еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталынды |
8112 |
3150 |
4 |
Көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталынды |
8312 |
3150 |
5 |
Құрылыста жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық ұсталынды |
2930 |
3150 |
6 |
Еңбекақыдан әлеуметтік салық ұсталынды |
3350 |
3150 |
7 |
Әлеуметтік салық бюджетке төленді |
3150 |
1030 |
Ескерту - кесте әдебиет негізінде жасалынды |
|||
Кесте – 12: Әлеуметтік салық туралы мәліметтер
Әлеуметтік салықты төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
ҚР-ындағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-ында тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы резидент еместер |
Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай нысандағы |
Шетел мамандарының табысы - 11%. Қалған басқа барлық еңбеккерлерден - 10%. |
Күнтізбелік ай, әр тоқсан сайын есеп берумен бірге |
Жеке нотариустар, адвокаттар |
Еңбеккерлердің саны,салық |
Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; |
|
Жеке кәсіпкерлер |
Төлеушінің өзін қоса есептегенде |
Әрбір жұмыскер үшін 2 айлық есептілік |
|
Салықтың арнайы тәртібін қолданушы (шаруа - қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар) жеке кәсіпкерлер |
|
Айлық есептік көрсеткіштен 10%. |
|
Ескерту - кесте әдебиет негізінде құрастырылған |
|||
Әлеуметтік салық келесідей жолмен есептелінеді:
Әлеуметтік салық=(еңбекақы – жинақтаушы зейнетақы қорына аударым) * 11% (3)
Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация, 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мың теңге құраған(180*10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметтік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған[(185-77)*21%].
Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8113, 8213, 8413, 7110, 7210 және 3150 шоттың кредитінде көрініс табады.
Мыналар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады: дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен: 1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден; 2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден; 3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден; 4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн: салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын; салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша шоттар корреспонденциялары (Кесте 13):
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1. |
Жеке табыс салығы есептелді |
3350 |
3120 |
2. |
Әлеуметтік салық есептелді |
1620,7110,7210, 8110,8310,8410 |
3150 |
3. |
Жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқа да міндетті төлемдер есептелді |
7210 |
3160-3190 |
4. |
Есептелген салықтар бюджетке аударылды |
3110-3190 |
1010,1030 |
5. |
Артық төленген салық сомалары бюджеттен қайтарылды |
1030 |
3110-3190 |
