- •Курстық жұмыс
- •1.1 Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері
- •1.2. Кәсіпорындардың жіктелуі
- •2.1 «Қазақтелеком» компаниясының сипаттамасы
- •2.2 Компанияның кәсіпорын түрлеріне талдау
- •Сурет. Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы түсім
- •2 Сурет. 2012-22 жж. Болашақта Қазақстаннның телекоммуникациялық нарығында «өсу нүктелерін» анықтау
- •3 Сурет. Топтың миссиясы, көрінісі және стратегиялық бастамалар
- •Қорытынды
3 Сурет. Топтың миссиясы, көрінісі және стратегиялық бастамалар
«Барлық отбасы үшін қызметтер супермаркеті» бастамалар тобы:
коммуникация, ақпарат, ойын-сауықта үй шаруашылығындағы барлық мүшелердің қажеттілігін толық қанағаттандыратын, үй шаруашылығына телекоммуникациялық және басқа да қызметтердің пакеттік ұсыныстарын ілгерілетуді;
пайдалану тәжірибесін және абоненттердің адалдығын арттыруды болжайды.
«Қазақстандық бизнестің ақпараттық негізі» бастамалар тобы келесіден тұрады:
әртүрлі тұрпаттағы корпоративтік клиенттердің инфокоммуникациялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын кешендік шешімдерді ұсыну және өнімдер желісін кеңейту;
корпоративтік сегментпен жұмыс жасауда өнімдік тәсілден клиенттік сегментті бағдарлық тәсілге ауысу;
операторлық бизнесті дамыту.
«Шоғырланған операторды құру» бастамалар тобы келесіні қарастырады:
Топтың қаржылық нәтижелеріне маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретін ауқымға дейін ұялы бизнесті дамыту;
бизнестің ұялы және бекітілген сегменттерін біртіндеп шоғырландыру есебінен синергетикалық әсер алу.
«Бизнес-үлгіні жаңғырту» қаржылық көрсеткіштерге тікелей ықпал ету көзқарасынан және алдында белгіленген маңызды стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету тарапында Топтың қойған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жағдай болып табылады. Бизнес-үлгіні жаңғырту ұйымластырудың тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру бойынша бастамалар кешенін, Топтың үрдістері мен корпоративтік мәдениетін жетілдіруді болджайды.
Қосымша жұмыстар
Қазақтелеком акционерлік қоғамы |
|
|
|
Түрі |
Көпшілік (ҚҚБ: KZTK) |
Құрылған жылы |
1994 |
Орналасқан жері |
Астана, Қазақстан |
Басты адамдары |
Қуанышбек Есекеев, Бас атқарушы директор (2010) |
Саласы |
Телекоммуникациялар |
Айналым |
|
Операциялық кірісі |
10.581 миллиард теңге (2008) |
Таза табыс |
22.826 миллиард теңге (2008) |
Сайты |
telecom.kz |
Жетістіктер мен марапаттар
2010 жылғы 18–19 ақпан Астана қ., «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетімен «Адам ресурстарын басқару: өткеннің қорытындысы және алдағы уақыт» атты V халықаралық конференция өткізілді. Конференцияны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов ашты, ол қатысушылардың назарын «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа кадрлық саясатының негізгі бағыттарына аударды. Конференцияға адам активтерін басқару саласындағы халықаралық танымал мамандар, басшылар және сарапшылар қатысты. Конференция жұмысына Қоғам атынан Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Д.Е.Букетова қатысты. Екі күнде соңғы он жыл ішіндегі басқаруды дамыту тәжірибесі талқыланды.
Алғашқы рет конференция аясында және еліміздің аумағында «Үздік HR-жоба» конкурсы жарияланды, ол Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компаниялардың назарын аударды. Конкурс мақсаты- қызметкерлерді басқару саласында тиімді жобаларды анықтау, қазақстан тәжірибесіне озық тәжірибені тарату, кадрлық саясаттың ролі мен мәні туралы хабардар болу, сондай-ақ HR-мамандар арасында шығармашылық, жасампаз ортаны құру.
"Қазақтелеком" АҚ қатысушылардың кең ауқымды талқылауына Қоғамның жаңа Кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жобасын ұсынды, ERNC, Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг Б.В және «Картел» ЖШС компанияларымен бірге мәреге жетті және конкурсқа қатысқан 13 қатысушылардың арасында құрметті 2-ші орынға ие болды. «Қазақтелеком» АҚ жобасының шешуші ерекшелігі оның жүйелігі, ауқымдылығы, жаңа стандарттарға көшуі және қызметкердің мәртебесін көтеруге нақты бағытталу және компанияның зияткерлік әлеуетін дамыту болып табылады. Компания қызметкерлер еңбегінің тиімділігін бағалауға, қызметкерлерді кіріспе тестілеу арқылы іріктеу, қызметкерлер пікірін сұрауды жүргізу, «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясын құру және т.б сияқты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Конкурс жеңімпаздарына, оның ішінде біздің компанияға тапсырыс бойынша суретші Серік Рыспаевпен тас, күміс және эмальдан дайындалған естелік сыйлықтар тапсырылды.
«Қазақтелеком» I жастар форумын өткізді
2012 жылғы 8 маусымда Қоғам қызметкерлерінің Бірінші Жастар форумы өткізілді, оған Қоғамның Орталық аппараты және барлық филиалдарының еңбек жолында жақсы өндірістік нәтижелерге қол жеткізген және белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиеті және өз компаниясына адал жас өкілдері қатысты.
Форум қорытындысы бойынша Қоғамның Жастелеком Жастар ұйымы құрылды, оның құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары анықталды, Қоғам жастарының әлеуетін дамыту үшін негізгі уәждемелік құралдар белгіленген, Жастар кеңесінің құрамы бекітілді оған Қоғамның 15 ең белсенді жастар өкілдері енді.
«Қазақтелеком»АҚ жастар ұйымы мүшелерінің жұмыс кездесулері өтті
Қоғамның жастар қозғалысын дамыту үшін қолайлы жағдай құру, «Жастелеком» жастар ұйымының белсенді қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту мақсатында және Жастар кеңесі мүшелерін жастар қозғалысының көшбасшылары ретінде көтермелеу үшін 2012 жылғы 4-5 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Қазақтелеком» АҚ Орталық аппараты және әрбір филиалының өкілдері, белсенді жас қызметкерлері Жастар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Қоғамның жас қызметкерлерінің Жұмыс кездесуі өтті.
Бағдарламада:
тиімді кәсіби қызметін ұйымдастыру бойынша «Мен өз өмірімді өзім жасаймын» интерактивті тренинг, бизнес-тренер С Волкова (Мәскеу қ.).
Жастармен сөйлесу: таңдау және даму қағидаттары туралы әңгіме. Жастар қозғалысының көшбасшысы-ол кім? Идеология, көшбасшылық мәселелері және жастар қозғалысының ерекшелігін талқылауға кездесу қатысушыларын белсенді тарту. Өзін өзі жетілдіру, жеке және кәсіби деңгейде өсу, басқарушылық дағдыларын жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.
Дөңгелек үстел, онда жастар Қоғамның жастар саясаты бойынша негізгі құжаттарды талқылады және өңдеді.
Алматы қаласында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерді басқару бойынша бөлімшелер басшыларының семинар-отырысы өтті.
2012 жылғы 20-21 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерді басқару бойынша бөлімшелер басшыларының семинар-отырысы өтті, оған Қоғам филиалдары мен Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің шешуші қызметкерлері қатысты. Бағдарламада:
Тренинг "Ұйымдастыру келіспеушілігі". Тренинг мақсаты: ұйымдастыру келіспеушіліктерінің мәнін зерттеу, сондай-ақ тәжірибе жүзінде басқару модельдерін жүзеге асыру жолдары.
«Қазақтелеком» АҚ Кадрлық саясатын және Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін адам активтерін басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған HR-жобаларды тиімді іске асыру мәселелерін шешу.
Астана қаласында адам ресурстарын дамыту бойынша БСАД комиссия отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен Астана қаласында ағымдағы жылдың 9-10 қазан аралығында адам ресурстарын дамыту бойынша БСАД (Байланыс саласындағы аймақтық достастық) комиссиясының және ТМД елдері үшін Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭБО) «Шеберлік орталығы» басшылық комитетінің кезекті отырысы өтті. Ресей, Қазақстан, Белорусь және Қырғызстан өкілдері телекоммуникация саласындағы орын алған мәселелерді шешу туралы бірлескен стратегияны талқылау және әзірлеу үшін кездесті.
КӘЖ стратегиясы(ақпан 2012)
«Қазақтелеком» АҚ алдыңғы халықаралық стандарттарды Тұрақты дамыту саласындағы нұсқаулықты (GRI) қолданумен 2012-2020 жылдарға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы стратегиясы бекітілді. Стратегия Компанияның мүдделі тұлғалар (стейкхолдерлер) алдындағы жауапкершілігін арттыруға жолданған. Осы стратегияны іске асыру мемлекет, қоғам және азаматтар алдында қоршаған ортаны сақтау және Қоғам және оның қызметкерлері қызметінің нәтижелерінің қолайлы жағдайларын құруға мүмкіндік береді. Компания жылдық есептермен бірге жыл сайынғы әлеуметтік есептерді шығаруды жоспарлап отыр.
HR-конференциялар
Қазақстанның HR-менеджерлер ассоциациясымен бірге жүргізілген социологиялық сұрақ-жауап нәтижелері бойынша Қазақтелеком көптеген респонденттер арасында «жұмыс істегіміз келеді» деген компания болып аталды. Социологиялық сұрақ-жауап қорытындысы «Адам ресурстарын басқару: шоғырланған HR» VII Халықаралық конференцияда айтылды. Бұдан басқа, Қазақтелеком «компания туралы спонтандық білімдері» бойынша көшбасшы болып табылалы.
"Қазақтелеком"АҚ Кадрлық саясаты бекітілген
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен (20.04.2012 ж. №5 хаттама) "Қазақтелеком"АҚ Кадрлық саясаты бекітілді.
КАДРЛЫҚ САЯСАТ АНОНСЫ 2012.doc
Байланыс қызметкерлері күні (2012 маусым)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 19 маусым №387 бұйрығына сәйкес, кәсіби мереке күні қарсаңында Қоғамның 35 қызметкеріне «Құрметті байланысшы» салалық атағы берілді.
Зейнеткерлер мерекесі (2012 шілде)
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақтелеком» АҚ есепте тұрған зейнеткерлерге құрмет пен ілтипат білдіре отырып қайырымдылық көмек көрсетілді.
2012 жылғы шілде айында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған «Қазақтелеком» АҚ ОА зейнеткерлері үшін салтанатты іс-шара өтті.
Зейнеткерлер мерекесі (2012 қазан)
Халықаралық қарт адамдар күні қарсаңында Қоғамның Орталық аппаратында есепте тұрған, байланыс ардагерлері үшін мерекелік іс-шара өтті. Қоғамның барлық зейнеткерлеріне мереке күніне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Ішкі корпоративтік порталдың екінші туған күні (2012 қараша)
2012 жылғы 26 қарашада my.telecom.kz.ішкі корпоративтік порталына екі жыл болды. Порталда Жастар кеңесі мүшелерінің қатысуымен осы күнге арналған мерекелік апталық өтті. Апта бойы портал бойынша қызықты статистика, шығармашылық конкурстар, Құрмет тақтасы және көптеген басқа іс-шаралар өткізілді.
Қордың еңбек ресурстарын жоспарлау және оқытудың дуальды оқыту жүйесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды
Ел басының елдің инновациялық экономикасын қалыптастыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, Қордың еңбек ресурстарын жоспарлау және қызметіне Қоғам өкілдері қатысатын дуальдық оқыту жүйесі бойынша Қордың арнайы жұмыс тобы құрылған. Қоғамның жұмыс тобымен 13 кәсіби жұмыс стандарттары әзірленген.
Әлеуметтік серіктестік туралы 3 жақты шартқа қол қойылған
«Қазақтелеком» АҚ төрт жетекші компаниялар арасында «Самұрық-Қазына» Қоры Компаниялар тобының жұмыс кадрларын дуальды оқыту жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жобасы аясында әлеуметтік серіктестік туралы 3 жақты шартына қол қойылды.
Білім орталығының тұсаукесері (2012 желтоқсан)
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні mytelecom.kz корпоративтік порталында жаңа жоба Білім орталығының тұсаукесері болды, ол инновациялық ойлау және компания қызметкерлерінің қатысу дәрежесін арттырудың бірден бір құралы. Білім орталығына қызметкерлерді қашықтан оқыту, Қоғамның электронды кітапхана ресустары, корпоративтік вебинарлар орналастырылған.
КӘЖ саласындағы бірінші есептер (2012 желтоқсан)
Қоғамның Директорлар кеңесінің 14.12.2012ж. №14 шешімімен 2011 жылға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы «Қазақтелеком» АҚ есебі бекітілген.
Тәуелсіздік күні (2012 желтоқсан)
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Компанияда Қоғам филиалдарының қатысуымен салтанатты отырыс өтті. Құттықтау сөздерімен компания топ-менеджерлері, Бас директорлар Консультациялық кеңесінің төрағасы сөз сөйледі, Қоғам қызметкерлеріне лайықты марапаттар берілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерді басқару мәселелері бойынша мақалалар жарияланды. Қызметкерлерді басқару нұсқаулары жарияланған сілтемелер:
«Қажетті адамдар»Қазақстандық іскери баспа«Бизнес & үкімет», № 44, 26 қараша, 2010 ж.;
«Даму және қарқындау факторы» «Капитал» іскери апталығы, № 7 (292) 24 ақпан 2011 ж;
«mytelecom»порталы: бір желімен бірлескен. «Байланыс»газеті, № 10, қыркүйек, 2011 ж.;
Корпоративтік білімді басқару – табысты болашақтың құпиясы. «Капитал»іскери апталығы №11 (343) 15 наурыз 2012 ж.;
«Қазақтелеком» - Қазақстанның әлеуметті жауапты корпоративтік азаматы. «Капитал» іскери апталығы, №18 (350) 17 мамыр 2012 ж.;
«Қазақтелеком» АҚ жаңа кадрлық саясаты. «Байланыс»газеті№5, 2012 ж.;
