- •3. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы түсініктер эволюциясын қарастырайық.
- •3. Кеңес үкіметінің барлық мемлекеттік реттелуімен 40 жылғы жоспарлауы дамғын Европа мемлекеттерінің ішінде (Франция Италия ) және Жапония сияқты елдерде кеңінен қолданады.
- •[Gl] Тақырып 3. «Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм» [:]
- •2. Қазіргі Қазақстанның жағдайын және бюрократияның элементтерін көрсету үшін Паркинсон заңына сүенейік.
- •[Gl]Тақырып 4: «Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі» [:]
- •[Gl] тақырып 5: «Кәсіпкерлік дамуының экономикалық негіздері және оның түрлері» [:]
- •[Gl] тақырып 6: «Үкімет бизнес» қатынасының реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі» [:]
- •1. Дамыған елдер постиндустриализациялаудың жаңа кезеңіне көшті. Металлургия, өңдеуші өнеркәсіп, тоқыма саласы екінші кезекке қалды. Ғылыми сыйымды салалар кеңінен дамытыла бастады.
- •[Gl] Тақырып 7. “Мемлекеттің экономикалық өсім мәселелерін шешу мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы мемлекеттің ролі ”[:]
- •Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
- •[Gl] тақырып 8: «Мемлекеттің бизнес пен арақатынасының құқықтық астары» [:]
- •Дәріс жоспары
2. Қазіргі Қазақстанның жағдайын және бюрократияның элементтерін көрсету үшін Паркинсон заңына сүенейік.
Оның ойнша бюрократиялық басқарудың негізгі белгілері ол:
-жоғарғы орталықтандырылу;
-қызметке тағайындаудың белгісіздігі;
-жеке ведомстволардың (мекемелердің) әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы саясаттары;
-ақыл-ойға қарсы келетін қатаң ережелерді қолдану;
-бюрократиялық ережелер мен әдістердің үнемі күрделенуі;
-басқару процесстерінің жеткіліксіз қарқыны.
Нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін де бюрократиялық жүйе жойылып кетпеді, оның кейбір элементтері әлі де болса сақталып қалған.
Брократияның негізгі әлеуметтік-экономикалық мүдделерді көрсетуге болады: қоғамдық байлықты бөлу кезінде өз құзыреті шегін нығайту мен кеңейту, мешік иелері тарапынан бақылаудан жалтару, өзінің қызметін шектен тыс ақтауы. Бұл мүдделер мемлекеттік аппарат, салалық және шекаралық басқаруда және фирмалар мен кәсіпорындар әкімшілігіндегі бюрократиялық қатынастарға қатысты.
Қалыптасып қалған жағдайдан шығудың жолы бар, әкімшілік реформаға қатысты болып отыр. Аталмыш реформаның басты бағыттары келесілер болуы тиіс:
-мемлекеттік қызмет жүйелеріне, мемлекеттік қызметшінің мәртебелік жағдайына тұрақтылықты қамтамасыз етіп беру;
-сіңірген еңбегі мен қадір-қасиеті негізінде қызметкерлерді жылжыту мен бағалау принциптерін қамтамасыз ету;
-қызметкердің кәсіби өсуі үшін алғышарттар мен ынталарды құру.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихында тұңғыш рет заң күшіне ие болған Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Жарлығы (1995жыл) қазіргі замаңғы азаматтық қызметке айтарлықтай пайдасын тигізді. Онда негізінен барлық шенеуліктердің класстарға бөліну принципі салынған, басқру органдарын реформалау кезінде мемлекеттік қызметкерлерді себепсіз жұмыстан шығарудан қорғаудың құқықтық мехнизмі қарстырылған, мемлекеттік қызметкердің кәсіби өсу мәселелеріне көңіл бөлінген.
Алайда, Жарлық іске асырылмай тұрды және мемлекеттік қызметтің құрылуна және жүзеге асырылуына мүмкіншілік бермеген еді, себебі кадрларды таңдаудың конкурстық механизмі болған жоқ еді. Ол мемлекеттік қызметті сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтеруіне негіз болды. 1999 жылы мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енген болатын.
Аталмыш заң бірқатар жаңашылдықтарға да ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің екіге бөлінуі: саяси және әкімшілік. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. Басқа жағынан Қазақстанның стратегиялық даму бағыты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде мемлекеттік қызметкерлердің сапалы құрамымен болу керек.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалау мен кадр саясатына байланысты негізгі идеялар анықталған. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін нарықтық экономикаға бейім, тиімді, жаңа мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын дайындау. Берілген мақсат келесі міндеттерді шешкенде жүзеге асырылады:
мемлекеттік аппарат кадрлерін тиімді қолдану мен іріктеу жүйесін жетілдіру;
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен даярлаудың жүйесін жақсарту;
мемлекеттік қызмет кадрлерін басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру;
- мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыру.
Мемлекеттік қызметті реформалаудың маңызды бағытына (сәйкесінше кадрлік саясаттың объектісі ретінде де) сыбайлас жемқорлықпен күрес жатқызылады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылып, қатал күрес жүргізу көзделген.
Республикадағы мемлекеттік қызметті реформалаудың өзекті бағытына мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды.
Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет.
Қолданыстағы заңдар нормаларын мына шараларды:
- құқықтық реттеудегі ахаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;
- заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;
- заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;
- қабылданатын барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiліктілiк принципiн мұқият сақтауды;
- қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;
- заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгізудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет
- ұлттық заңнама ауқымын орта мерзiмдi перспективаға жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргiзу қажет. Мұндай алдын-ала талдау нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген және түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн қоғамдық қатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
Кез келген қоғамда, әдеттегiдей, түрлi индивидуумдар, әлеуметтiк топтар, ұйымдар мүдделерiнiң қарама-қайшылығы болуы мүмкiн. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениеттi, заңдық шеңбер беру қажет.
Бүгінде заң актiлерi мемлекеттiк органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тiкелей қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлер қабылдауға мүмкiндiк беретiн бланкеттiк (сiлтемелiк) нормалардың көп мөлшерiн қамтиды. Мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк тәжiрибесiнде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерiне қысым жасау орын алған. Әрi бұл жәйт заңдарды iс жүзiнде заңға тәуелдi актiлермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актiлерiн әзiрлеу процесi сiлтемелiк нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкiндiгiнше тиiмдi нақтылаумен сипатталуға тиiс. Сонымен бiрге қабылданған заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тәуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктердi жетiлдiрген жөн.
Жергiлiктi норма түзушiлiктiң сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға мiндеттi маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жергілiктi мемлекеттiк органдардың актілерiн тiркеу мiндеттілiгi туралы заң нормаларын iске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет.
Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындарының қатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселе. Сонымен қатар жемiстi дамып келе жатқан отандық құқықтық ғылымға қолдау таныту жөнiндегi шаралар қолға алынуы қажет.
Құқықтық мемлекет қµру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгі принциптерi болып:
- заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;
- адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандыєтарының басымдылығы;
- гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегі жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы;
- қазақстандықтардың өз Атамекенiн жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиiс.
3. Лоббизм - бұл саяси мағына мен құқықтық негіздемеге ие және демократиялық саяси жүйенің интегралды элементі болып табылатын жоғары мамандандырылған іс - әрекет. Лобби, лоббизм - бұл мемлекеттік органдардың құқықтық және әкімшілік іс - әрекетін ұйымдастыруға ықпал ету жолымен, түрлі топтағы азаматтардың мүдделерін жүзеге асырудың тәжірибесі мен жүйесі.
Лоббизмнің саяси мәні мына аспектілерден тұрады:
лоббистік топтар ақпарат алмасу саласында азаматтар мен мемлекет арасында делдал (байланысшылар) болып қатысады;
лоббизм қоғамдық қызығушылықтардың плюрализмін ұйымдастыру функциясын атқарады. Лоббирлеу процестерін үнемі адамдар топтары жүзеге асырады, бірақ лоббирлеу нәтижелері айтарлықтай зардаптарға әкеліп, жекелеген жағдайларда халықтың үлкен топтарын қозғайды;
лоббизм басқа мүмкіндігі жоқ топтарға саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып,демократиялық үкіметтің конституциялық жүйесін толықтырады.
Лоббидің екі типін қарастыруға болады:плюралистік және корпоративтік. Бірінші - жағдайда жоғарыдан төменге ықпал ету жүзеге асады.Екіншісінде – мемлекет, ұсынылатын басшылықтардың орнына,мемлекеттік мүдделерге жәрдемдесу кепілдігін ала отырып, қандай да бір топпен конвенцияға қол қояды.
Лоббистер – бұл кәсіби негізде құрылған және саясаткерлер мен шенеуніктерге саяси ықпал ете алатын жаңа саяси институт.Енді мынадай сұрақ арқылы халықтың артта қалушылығын қарастырайық: олар неге өз құқықтарын білмейді? Батыс экономистері келесідей себептерді қарастырады: олар нашар ақпараттанған және аталмыш мәселеге мардымсыздықпен қарап, жоғары шығындарға бару мүмкіндігіне қарайды.
Лоббирленген шешімдерді қабылдау барысында әрбір саясаткер, өз сайлаушыларының көп бөлігі лобирлеуді байқамай, келесі сайлауларда оған дауыс беруге дайын деп есептейді. Сонымен қатар, кейбір топтар да сайлауда шешуші дауыс санына ие болмаса да,саяси қайраткерлердің сайлау науқандарын қаржыландыруға көмек көрсетуге қабілетті. Сондықтан осындай саясаткер экономикалық және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қажетті болып табылмаса да, ерекше мүдделерді қорғайтын бағдарламаны қолдайтын болады.
Өкінішке орай, Қазақстанда лоббизм егемендік алғаннан бері басқарылмайтын формаларға ие болды. Біздің республиканы мүдделерді қорғау өркениеті деп атауға болмайды. Бірінші ерекшелік, тайпалық институттардың кәсіби қызмет етуінен тұрса, екінші ерекшелік демократиялық топтар лоббиіне қарағанда, батыс – қазақстандық топтардың құқықтық салада емес, атқарушы билік саласында әрекет етуінен тұрады. Үшінші ерекшелік, қазақстандық лоббилердің өз іс - әрекеттерінде тиімді әдістерді қолдануынан тұрады.
Біздің саяси-құқықтық жағдайларда, қазақстандық лоббидің ұйымдастырушылық құрылымында лоббистік іс - әрекетті өздерінің мамандығы деп есептейтін мамандар жоқ.
Қазақстанда жергілікті ерекшелікті ескере отырып, лоббизмнің толық пайдаланылуы, қызмет етуі үшін төмендегілер қажет:
- қажетті заң базасын құру, яғни Қазақстан Республикасы Парламентінің лоббистік іс- әрекет туралы заңды қабылдауы;
- парламенттік іс - әрекет тәжірибесін жетілдіру, яғни парламенттік іс - әрекет тәжірибесіне заң органының түрлі лоббистік топтармен әрекет жасауын енгізу;
- партогенез процесін аяқтау және мемлекеттік билікке ықпал ету орталығы ретінде мықты саяси партиялардың пайда болуы;
- конструктивті опозицияның қалыптасуы;
- лоббизм процесін реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру.Бұл лоббизмнің барлық институттары үшін жағымсыз салдарлардан құтылуға мүмкіндік береді;
- мемлекеттік және жеке ақпараттық–сараптама құрылымдарының «шағын орталықтар» потенциялын белсенді түрде пайдалану [kgl].
