Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

8 Кесте – Жер асты суларының жайласу деңгейіне

қарай қарбызды суару тәртібі

 

Жср асты суларының жайласу деңгейі, м

Суару саны

Суару мѳлшері, м3/га

Суландыру мөлшері, м3 /га

2 м-ден төмен

6-7

700

4200-4900

1-2

4-5

600-700

2400-3500

1 м-ге дейін

2-3

600-700

1200-2100

 

Қарбыз егісі ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда тамыр жүйесі жақсы дамиды және сол мықты тамырлары арқылы топырақтың терең қабаттарынан ылғалды сіңіріп алады; жапырақ бетінің көлемі артады, нәтижеде жоғары өнім алынады. Мүны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ылғалдылығы орташа болған 2011 жылы жүргізген тәжірибесіндегі алып барылған фенологиялык бақылаулардың көрсеткіштерінен көруге болады.

 

               9 кесте – Ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына қарай

карбыздың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Суару

Ѳнімге кеткен жалпы судың шығыны, м3/га

Тамырлардыц терепдігі, см

Жанама тамырларының ең жогарғы ұзындығы

5- маусымдағы өсімдіктің жапырақ бетінің көлемі, м3

Өнім,

ц/га

 

 

Негізгі

массасының

Жеке тамырлардың

Өзек тамырының

 

 

 

2 суару (бақылау-Ницца)

1800

27

36

70

87

180

0,72

251.3

2 суару -Сапалы

1800

28

43

 

210

1.82

328,4

4 суару -Сапалы

2400

28

59

104

240

2,92

341,2

5 суару -Сапалы

3000

30

62

111

260

3,83

357,7

 

Суару коректену тәртібіне екі жақты әсер етеді. Олар топырақтағы қоректік заттардың корын жандандырады, сол арқылы топырақтың табиғи кұнарлылығының артуына жағдай жасайды. Сонымен бірге олар осы қоректік заттар қорының жоғары өнімнің қарқынды түрде сіңіруі нәтижесінде азаюына да жағдай жасайды.

Суарулар пайдаланылатын қоректік заттар мѳлшеріне әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ ондагы фосфордың тиімді мөлшерін реттеп отырады, ал бұлардың бәрі өз кезегінде өнімді едәуір арттырады. Сонымен бірге ағын су топырақтағы қоректік затардын химиялык түрленуіне де түрткі болады. Әсіресе нитраттардың ѳзгеруіне суару күшті әсер етеді: әрбір суарудан кейін олардың мөлшері едәуір шайылады да, нәтижеде нитрификация процесі әлсірейді. Суару нитраттардың жылжуын күшейтеді; мұнда топырақ қаншалықты терең ылғалданса, олар да соншалықты тереңге түседі. Суару салыстырмалы түрде көп жүргізілетін бақшашылықта суару мөлшерлерінің артып кетпеуін қатты қадағалап отыру керек, өйткені көп мөлшерде суару нәтижесінде топырақтың құрамындағы маңызды қоректік элемент – нитратты азоттың азайып кетуіне алып келеді.

Тыңайтқыштар енгізе отырып суару қарбыздың дәмдік қасиеттерін едәуір жақсартады, қанттылығын, құрғақ заттар мөлшерін, С дәруменінің мөлшерін арттырады, жалпы кышқылдылығын төмендетеді (23-кесте).