- •Бизнес-жоспар
- •Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
- •4.4 Маркетинг стратегиясы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Техникалық процесс
- •4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •10. Қаржыландыру қажеттілігі
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Cash-flow проекциясы
- •11.2 Пайда мен залалдардың есептері
- •11.3 Баланс проекциясы
- •11.4 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
- •Қосымшалар
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Ақтөбе облысында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және шығару болып табылады.
Нысаналы топтар мыналар:
- қызметі нәтижелерінде әр түрлі ҚТҚ пайда болатын өнеркәсіп кәсіпорындары, ұйымдар және т.б.;
- халық.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) шығару, сақтау, қайта өңдеу - муниципалды қызметтердің ерекше және әлеуметтік саласы.
ҚТҚ жұмыс жасау саласы қоғамдық игіліктің үлгісі болып табылады, оған қоғамдық игіліктердің барлық белгілері тән: тұтынуда бәсекелестіктің бөлінбейтіндігі, болмауы және иемденудің жоқтығы. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі ҚТҚ жұмыс жасауды ұйымдастыру нәтижесіне байланысты болады. Сондықтан да бұл сала мемлекеттің иелігінде.
Қалдықтарға жүгіну процесі бірнеше өзара байланысты кезеңдерді қамтиды:
1-сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процесі
Қалдықтарды жинау
Тасу
Іріктеу
Қайта өңдеу
Көму
Қалдықтарды жинаумен үй иелері, ТҚШ, ТСЖ компанияларының басшылары, жеке кәсіпорындар айналысады. ҚТҚ тасу – бұл қоқысты жинау орнынан іріктеу станциясына дейін апару. ҚТҚ іріктеу қоқысты іріктеу станцияларында жүргізіледі. ҚТҚ қайта өңдеу қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарында жүргізіледі. Қалдықтарды көму полигондарда жүзеге асырылады.
Адамның күнделікті тұрмысының нәтижесін,де өте көп тұрмыстық қалдықтар пайда болады (ҚТҚ). Қалада қалыпты экологиялық жағдайлы ұстап тұру үшін тұрмыстық қоқысты уақытында шығару қажет. ҚТҚ жинау және шығару көлемі 0,8 текше метр, 1,1 текше метр арнайы контейнерлермен, сондай-ақ тығыздау-контейнерлері мен бункерлерде жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп қалдықтарын шығару қажет, өйткені бұл қалдықтар көпшілік жағдайда зиянды заттардан тұрады, ол қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сонымен бірге адамның денсаулығына зиян келтіреді. Өндірістер кейін қалған қоқысты шығару осыған арналған арнайы контейнер-жинақтауыштармен жүзеге асырылады. Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі тәсілдері – бұл арнайы қоқыс полигондарына апару. Бұдан басқа, өнеркәсіп қалдықтарының шағын бөлігі температурасы жоғары пештерде жағылады.
Кәсіпорын қызметтерінің түрлері:
- ҚТҚ жинау;
- ҚТҚ шығар.
3. Өндірістер бағдарламасы
1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Көрсеткіш |
2 013 |
2 014 |
2 015 |
2 016 |
2 017 |
2 018 |
|||||
Тех.құжат бойынша 1 авто. жүк көтергіштігі, м3 |
16 |
||||||||||
1 автоның есепті жүк көтергіштігі, м3 |
14 |
||||||||||
Авто саны, бірлік |
1 |
||||||||||
Толтырылу % |
65% |
70% |
75% |
75% |
80% |
80% |
|||||
1 айда атқарылған рейстер саны, бірлік |
114 |
123 |
132 |
132 |
141 |
141 |
|||||
1 айда ҚТҚ тасымалдау., м3 |
1 602 |
1 725 |
1 848 |
1 848 |
1 971 |
1 971 |
|||||
1 айдағы табыс., мың тг. |
1 522 |
1 639 |
1 756 |
1 756 |
1 873 |
1 873 |
|||||
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың ҚТҚ-ны үнемі шығарып отыруын айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.
2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары, мың теңге
ҚТҚ шығару бағасы |
тг./м3 |
950 |
