Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шуи.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

Шуды бір қабатты қоршаған кедергілермен тұмшалау:

Бір қабатты кедергі құрылым дегеніміз, бір-бірімен тығыз байланысқан, бірнеше қабаттан тұратын, біртектес құрылымдар. Төменгі жиіліктердегі дыбыстарды (бірнеше ондаған Герц) қоршағыш кедергілермен тұмшалау тиімділігі онда болатын резонансты құбылыстармен, кедергілердің қаттылығымен, салмағы және материалдағы ішкі үйкелістермен анықталады.

Саңылаулар мен тесіктер құрылымар көмегімсен дыбысты тұмшалау тиімділігін едәуір төмендетеді. Кіші саңылаулары мен тесіктері бар кедергілер арқылы дыбыстың өту ерекшелігі, ол кейбір жағдайларда осындай кедергілерге дыбыстың диффузиялық соғылуы сәтінде, бұндай кедергілерден оның бетінің ауданына сәйкес келмейтін мол энергияның берілуінде. Бұлай энергияның мол берілуі саңылаулар мен тесіктердегі ауа көлемінің резонансты тербелістері мен дыбыс дифракциясына байланысты.

Шуды терезе, есіктер көмегімен тұмшалау:

Терезе, есктр арқылы дыбысты тұмшалау шараларының тиімділігі, олардың тығыз болмауына жабылмауына, саңылауларына және т.б. себептерге байланысты, дыбысты қабырғаның тұтас бөлігімен тұмшалауға қарағанда едәуір төмен болады.

Егер, есікті қорапқа тығыздалып жабылатындай қылып тығыз материалдармен тұмшаласа, есік пен еденнің арасындағы саңылауды басқа

да шелдерді жойса, есік арқылы дыбысты тұмшалау 5-6дБ жоғарылайды. Қабырғалары дыбыс сөндіртін материалдармен қапталған, тамбурлы қос есіктерді қоданумен дыбысты тұмшалауда біраз жетістіктерге қол жеткізуг болады.

Дыбысты тұмшалау қаптамалары (кожухи):

Қаптамалар негізінен жабдықтардан шығатын шуды төмендетудің неғұрлым тиімді жолы болып табылады: олар шуды шығу көзінде тікелей төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаптамалар алынбалы, немесе құрастырмалы болуы мүмкін. Олардың бақылау терезелері, коммуникация енгізетін технологиялық тесіктері және қаптамадан қызған ауаны шығаратын желдеткіш саңылаулары болады. Қаптамалардың көлемі, оның ішкі беті мен жабдық арасындағы қашықтық барынша алшақ боатындай етіп таңдалады. Өйткені, мысалы сол қашықтықты екі есеге үлкейтсе қаптаманың акустикалық тиімділігі 6 дБ-ге жоғарылайды. Қаптамаларды қалыңдығы 1-ден 4мм-ге дейін болатын құрышты парақтарда және қалыңдығы 1-6 мм болатын дюралюминиден дайындайды. Тым қалың материалдарды қолдану қолайсыз.

Қаптамалардың ішкі беттерін қалыңдығы 50 мм-ден аз болмайтын дыбыс (жұтатын) сіңдіретін материалдармен қаптаған жөн. Сіңдіргіш материалдар болмаған жағдайа қаптаманың ішіндегі дыбыс қысымының деңгейі едәуір жоғарылап, қаптаманың акустикалық тиімділігі, әсіресе жоғары жиілікте төмендей түседі.

Түйіскен жерлерден тығыздау үшін профилденген резеңкеден (ТУ 38-005-204-71) жасалған арнайы тығындар қоланылады.

Қаптама элементтрі мне тұмшаланатын жабдық, немесе оның тұғыры арасында қатты байланыстарды болдырмау үшін, қалыңдығы 15-20 мм маркасы 3311 (ГОСТ 7338-70) резеңкелерден жасалған жиырылғыш тығындар қолданылады. Қаптамалар тегістелген негізге орнатылады. Коммуникация өтетін тесіктер резеңкден жасалған сальниктермен тығыздалу қажет, немесе, егер дыбыс сіңіретін материалмен екі жағынанда қапталған болса саңылау ені 20-4 мм, ал егер бір жағынан ғана қапталса ені 10-20 мм, ұзындықтары 0,5-1,0 м болатын саңылаулы дыбыс бәсеңдеткіштермен жабдықталу қажет.

Кейбр жағдайларда жұмы орындары (бақылау кабиналары және т.б.) шудан тұтастай қорғалмайы. Егер осындай қоршаудың ішкі жағын дыбыс сіңіргіш материалдармен қаптаса, аталған жұмыс орнындағы шу деңгейі айтарлықтай төмендейді.

Егер есептеу нүктесінде, шу көзінен шыққан тікелей дыбыс қысымының деңгейі, шағылысқан дыбыс қысымының деңгейінен едәуір жоғары болса акустикалық экрандары қолдану тиімді деп саналады.

Экрандар, қалыңдығы 1,5-2 мм болатын құрышты, немесе алюминді парақтардан дайындалады. Парақтар қалыңдығы 50мм-ден кем емес дыбыс сіңіргіш материалмен (мүмкіндігінше екі жағынан) қапталу керек.

Акустикалық өңделмеген бөлмелерде шу деңгейін экран арқылы төмендеу 2-3 дБ-ден аспайды. Бөлменің төбесін дыбыс сіңіргыш материалдармен қаптаса экранның тиімділігі жоғарлайды, ал егер экран биіктігі мен бөлме биіктігі арасындағы ара қатынас 0,6-ға жетсе, бұл тиімділік 16д-ға дейін жоғарлайды.

ДЫБЫС СІҢІРУ:

Цехтарда және қосалқы бөлмелерде шуды төмендету үшін, дыбыс сіәңірудің түрлі әдістері қолданылады.

Сыртқы ортамен байланысып тұрған ашық саңылаулардан (аралықтардан) дыбыс толқыны өткен кезде, дыбыс энергиясы шағылыспайда жыне дыбыс сіңіру коэффициенті (J) 1-г тең болады. Егер, ыбыс толқыны басқа бөлмемен байланысты ашық саңылауға түссе, онда дыбыс энергиясының тек белгілі бір бөлігі ғана шағылысады және дыбыс сіңіру коэфициенті 1-ден аз болады.

Қатты, тегіс және тесікшелері жоқ қабырғалардың дыбыс сіңіру қабілеттілігі өте аз, бұл жағдайда дыбыс сіңіру сол беттермен ауаның шекаралық қабатындағы үйкеліс пен жылу алмасу есебінен болады.

Көбіне саңылаулары бар қатты қаңқалы (скелет) материаладр кеңінен қолданылады. Дыбыстың сіңуі тиімді болу үшін саңыраулар етпелі (сквозной) болу керек. Тесіктері (саңылаулары) бар матераилға құлаған дыыс толқындары, материал қаңқасы мен тесікшелердегі ауаны тербелісті қозғалысқа әкеледі. Тесіктер қабырғасына ауаның үйкелуі, материал қаңқасындағы ішкі қажалу және ауа мен қаңқа арасындағы жылу алмасу процесстері барысында, ауа мне қаңқа тербелісінің кинетикалық энергиясының жыу энергиясына ауысуы болады.

Дыбыс сіңіргіш материалдарды механикалық зақымданулардан қорғау үшін және дкоративтік мақсатпен перфорланған экрандар қолданады.

Төменгі жиілікті дыбыстың сіңірілуі жоғарлату мақсатында арнайы құрылымдар артында ауалы аралықтары бар плитада тұратын резонансты панельдер қолданылады. Резонансты панельдерді кірпіш қабырғаларға орнатқан кезде, қабырғаны сылау қажет емес, өйткені жіктері сыланбаған қабырға дыбысты неғұрлым көп сіңіреді, сөйтіп панельдің дыбыс сіңіру қабілетін жоғарлатады.

Басқа да резонансты сіңіргіштер (Гельмгльц резонаторы) тесіктер арқылы қоршаған ортамн байланысқан ауа кеңістігінен тұрады. Дыбыс сіңірудің жиіліктік сипаттамаларының диапазонын кеңейті үшін, ауалы аралықтары бар екі-үші паралельді экрандардан тұратын көп қабаты резонансты құрылымдар қолданылады.

Бөлмелерді дыбыс сіңіргіш материалдармен қаптау, тек егер оған дйінгі беттерімен 1000 ГЦ жиіліктегі дыыстардың сіңіруінің орташа коэфициенті 0,2ден аспағанда және есептеу нүктелері шағылысқан дыбыс аймағында орналсқан жағдайда ғана тиімді болады. Егер бөлменң биіктігі 6-8 м-ден жоғары болмаса, онда қабырғаның жоғарғы бөлімі мен төбені дыбыс сіңіргішпент қаптайды. Қапталатын бттердің жалпы ауданы 60% кем болмау керек.

Дыбыс сіңіргіш қаптағыштар көмегімен дыбыс қысымынн, шағыысқан дыбыс аймағында 8-10 дБ-ге дейн төмендетуге болады.

Шу сөндіргіштер, технологиялық және басқада себептерге байланысты жабуға болмайтын тесіктер арқылы таралатын шуларды басу үшін қолданылады. Кез-келген канал қарапайым бәсеңдеткіш болып табылады.

Каналдарда шудың өшуін жоғарлату үшін, оның бүйір қабырғаларын дыбыс сіңіргіш материалмен қаптайды. Бұл кезде канал осьіне бұрыштай бағытталған дыбыс толқындары барынша әлсірейді, себебі тесікшелердегі ауаның терблсі кезінде толқын энергиясы дыбыс сіңіргіш материалдарға сіңірілді. Жалпақ дыбыс толқындарының энергиясы, каналдың қабырғаларына жанасатын ауа қабаттарындағы үйкеліс салдарынан сөнеді.