- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •«Қазақстан тарихы» кафедрасы
- •Мазмұны
- •Тарихнамасы және дереккөздер
- •Атилла есімі
- •2.1.Көсемнің бейнесі
- •4.1.Византияға алғашқы жорығы. 441 — 442 жж.
- •2.2.Әйелдері мен балалары
- •Ататегі және билікке келуі
- •Еуропаға жорық
- •4.2Византияға екінші жорығы. 447 жыл
- •4.3.Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448 — 450 жж.)
- •Батыс Рим империясымен соғыс (451—454 жж.)
- •5.1.Галлияға жорық (451 жыл)
- •5.2.Италияға жорық (452 жыл)
- •5.3.453 Жылғы Галлияға шабуыл
- •Қайтыс болуы және ғұн империясының ыдырауы
- •Тарихи зерде
- •7.1.Нумизматикада Еділдің бейнесі
- •Қарағанды 2016 ж.
Тарихи зерде
Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясы аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды.
Германдардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында скандинавсагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы V ғасыр тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 жылы жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
7.1.Нумизматикада Еділдің бейнесі
2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкісі «Ұлы қолбасшылар» топтамасының ішінде «Аттила» монетін шығарған. Номиналы 100 теңгеге тең монет 13 000 дана болып шығарылған. 925 сынамалы күміс монеттің салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм. Бет жағында (аверсте) ат үстінде шауып бара жатқан жауынгер, арт жағында (реверсте) Аттиланың бейнесі. Төменгі бөлімде үш атты сарбаз бейнеленген, ал үстіндегі секторда ағылшын тілінде Еділ қаған (ағылш.«ATTILA THE HUN») және «406—453» деп жазылған. Санкт-Петербургте өткен «Монет шоқжұлдызы-2010» (орыс. «Монетное созвездие-2010») Халықаралық конкурсында бұл монет «Жыл монеті» (орыс. «Монета года») сыйлығына ие болды. Бәйгеге 24 елден 209 монет қойылған.
7.2.Еділдің аңыздардағы бейнесі
Еділ қаған «Нибелунгтар туралы жыр» атты белгілі германдық эпосының басты кейіпкері.
7.3.Еділдің әдебиеттегі бейнесі
«Ғажайып комедия», Алигьери Данте, 1321
Құдайдың қамшысы, Бувье-Ажан М.
Аттила – ғұндардың қолбасшысы, Эдвард Хаттон, 2005.
7.4.Еділдің музыкадағы бейнесі
«Аттила» (1846) – италиялық композитор Джузеппе Вердидің белгілі операсы.
«Attila» (2004) – Iced Earth атты америкалық хэви-метал тобының «The Glorious Burden» альбомының ішіндегі өлеңі
«Attila» (2011) – қазақстандық «Алдаспан» хэви-метал тобының алғашқы альбомы[41].
«Attila» ( 2005 — …) – Атлантадан шыққан дэткор-тобы
7.5.Еділдің кинематографиядағы бейнесі
«Аттила» (Attila, 1954)
«Аттила-басқыншы» сериалы (2001). Басты ролде - Джерард Батлер.
Этцель (Аттила) - 1924 жылы түсірілген Фрица Лангың «Нибелунги» және 1967 жылы ГФР-да түсірілген «Нибелунги» атты фильмдердің бас кейіпкері.
Дереккөздер
Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Иорданның «Гетика» жазбаларында аттары аталған
Г. Дёрфер («О языке гуннов», 1973)
kk.wikipedia.org сайтынан
