- •1.Қарбыздың пайда болу тарихы
- •Сорт тұрақтылығы
- •Қазақстанда аудандастырылған қарбыз сорттары
- •2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
- •2.1 Табиғат жағыдайы
- •2.2 Топырақ жамылғысы
- •2.4 Шаруашылық жөніндегі жалпы мәлімет
- •3 Лебяжі ауданындағы қарбызды өсірудің экологиялық және экономикалық тиімділігі
- •3.1 Ауыспалы егістегі орны
- •3.2 Топырақты өңдеу технологиялары
- •3.3 Қарбыз сорттарының өнімділік көрсеткіштері
- •3.5 Тыңайтқыштарды енгізу жүйесі
- •10 Кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері
2.4 Шаруашылық жөніндегі жалпы мәлімет
Республикамыздың солтүстік аймақтарында қарбыз бен қауынның өсуіне қолайлы климаттардың бірі емес. Алайда облысымыздағы шаруашылықтар өсіріп жақсы нәтижеге ие болуда. Бақша дақылдарының ерте пісуі үшін аудандастырылған ерте пісетін сорттарды алған жөн. Қарбыз дақылын өсіру үшін саздақты, жеңіл-саздақты және тез жылынатын қара жерде жақсы өседі. Қабыздарды таза және әр түрлі химикаттарсыз облысымызда 17 жыл бойы айналысып келе жатқан шаруа қожалығы бар. Ол Павлодар қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан - «Қайрат» шаруа қожалығы. Шаруа қожалығында 470 га жерде қарбыз егіледі. Бұл Лебяжі өңіріндегі бақша өсімдіктер алқабының 42 пайызын құрайды. Елордамыз Астана қаласында Лебяжі қарбыздары үлкен сұранысқа ие, сонымен қатар елімізде ғана емес шет елдерге де таныла бастады. Ресейге экспортқа шығарылады. Шаруашылықта қарбыздың 48 сорты өсіріледі, соның ішінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттар да бар. Басқа түрлері Ресей, Украина және Голландиядан жеткізілген. Сорттардың ішіннен 3 басты сорттарды атап айтсақ, олар Черный принц, Кримсон және Бомба сортттары. Көп сұранықа ие кубандық селекциядан шыққан Черный принц сорты. Алқапта 4 жыл бойы өсіріліп, аймағымыздың топырақ-климаттық жағыдайына бейімделіп алған. Бұл қарбыздың түпнұсқасын шығарған кубандық ғылым докторы Генрих Теханович. Орташа салмағы 15 кг құрайды. Түсі ал қызыл-қызыл, дәмі шабдалының дәмі тәріздес, сапалы сорттардың бірі. Осындай экологиялық жағынан таза қарбыздар СНГ бойынша біздің және Ресей федерациясы Оренбург облысы бойынша жалғыз шаруашылықтың бірі болып саналады. Өсіру технологиясына тоқталсақ бір жыл қарбыз егіліп, 5-6 жыл бақша дақылдарының орнына жоңышқа егіледі. Техникасына келсек көп пайызы адамның қол еңбегімен өсіріледі. Барлық қоректік заттарды топырақтан алады. Қарбыздың тамыр жүйесі 5 метр тереңдікке дейін еніп жер асты сурарымен қоректенеді. Жер асты сулары дәл осы деңгейде орналасқан. Егіс сәуір айының аяғынан басталып мамырдың 15 дейін жалғасады. Ең алдымен ерте пісетін сорттарды, олар (10%) , кейін орташа пісетін сорттарды (80%), ең соңғы кеш пісетін сорттар(10%) отырғызылады. Тұқым қолымен себіледі, қатар аралығы 22,5 м құрайды. Ауа райы қолайлы болған жағыдайда өркенді 10 күнен соң бере бастайды. Вегетациялық кезеңінде үш рет арамшөптерден тазартылады. Ол маусымның 10-ны, екінші жапырақ шыққанда, тамыздың 10-на дейін жалғасады. Аурулармен сирек аурады.
Технологиялық бөлім
3 Лебяжі ауданындағы қарбызды өсірудің экологиялық және экономикалық тиімділігі
3.1 Ауыспалы егістегі орны
Бақша дақылдарына, әсіресе, қарбыздарға жер бедері күшті әсер етеді, оларға жоғары жайласқан, жақсы қызатын және жарық жетерлі дәрежеде түсетін алқаптар оңтайлы келеді. Осындай жерлерде өсімдік жақсы ѳседі, ѳнімі ерте піседі, дәмі және сапасы жақсарады.
Төмен жайласқан жерлерге егісті жайластыру өте қауіпті. Мүндай алқапта топырақ тығыз болып, ұзақ әрі төмен дәрежеде қызады, фузариозды солу ауруына шалдығу (ең алдымен қарбыздың) қаупі бар.
Бақша дақылдарының ең жақсы алғы дақылдары көпжылдық және біржылдық шѳптесін ѳсімдіктер, күзгі дәнді дақылдар, жүгері және көкөніс дақылдары. Бақша дақылдарының орнына келесі жылы және бақша өсіру саңыраукұлак ауруларын өріштеді. Бақша егілген алқаптарға кемінде төрт-бес жылдан кейіп ғана қайта оралуға болады. Бақша дақылдарына органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану жақсы әсер етеді. Тыңайтқыштардың әсерінен пәлектері және жапырактары жақсы өседі, гүлдерінің саны көбейеді, түйіндеуі жақсарады, сәйкесінше, өсімдіктегі өнім саны мен спасы да артады.
Көкөністермен ауыспалы егісін алып барғанда бакша дақылдарын алқа тұкымдастарынан немесе қырыққабаттан босаған алқаптарына өсіріледі.
Мұндай жерлерге егілген қарбыздар көп жағдайларда біршама дәмді және ірі, қанттылығы жоғары мол өнім береді.
Тыңайған және көпжылдық шөптесін өсімдіктермен ауыспалы егіс қолданылған жерлерде қарбыздың өнімі ескі жерлерге қарағанда 52 %-ға жоғары болады
2-кесте Орташа құнарлы жерлерде өсірілген қарбыз өнімі
Көрсеткіштер
|
Егіс тізбегі, см |
|||
|
|
|
|
|
1 гектардағы өсімдік саны |
5660 |
10000 |
7450 |
13350 |
Өнімділігі, ц/га |
257 |
341 |
362 |
425 |
Тұқым жетістіруші аудандар үшін суармалы егіс жағдайында төмендегі кезектестіру тізбектері ұсынылуы мумкін: 1-алқап – алқа тұқымдастары,2-алқап – екінші жылғы айқышгүлділер (төрт гүл жапырақшалы кос ұрыкты өсімдіктер)-(крестоцветные), 3-алқап – бірінші жылғы пияз текті және тамыр жемістілер, 4-алқап – асқабақ және бұршақ тұқымдастар, 5-алқап – бірінші жылғы айқышгүлділер, 6-алқап –екінші жылғы пиязтектілер мен тамыр жемістілер.
Қарқынды түрде суару жұмыстары жүргізілетін оңтүстік аймақтары үшін алғы егін таңдағанда жерлердін, мелиоративтік жағдайын жақсартуды, сорлану мен саздануға, топырақтың шайылуына қарсы күресуді есепке алу керек.
Жоңышқа егісінде топырақ кұнарлылығы біршама артады. Оның тамыр жүйесі айдалатын қабаттан едәуір тереңге жайыла отырып, тамыр жайласатын қабатты толығымен жақсартады. Жоңышқа суармалы жерлерде өзіне тән дренаж ролін атқарады, мұнда тереңде жайласқан тамырлаы арқылы (әсіресе олар қурап қалғаннан кейін) жер асты суларын терең қабаттарға жылжуын кұшейтеді. Жоңышқа қайта сорланудың алдын алады немесе сорлану бар анықталған жағдайда оны төмендетеді, сондай-ақ терең қабаттардағы ылғалды пайдалану арқылы жер асты суларынының деңгейін төмендетеді.
Суармалы аймақтарда бұршақ тұқымдастар және жүгері бақша дақылдарына жақсы алғы дақылдар болуы мүмкін. Оларға әдетте, көп мөлшерде органикалық тыңайтқыштар еңгізіледі және оның әсерін қарбыз да пайдаланады.
Дақылдардың дұрыс алмасуын сақтаған жағдайда ғана ауыспалы егіс жоғары пайда келтіреді. Бір алқапта бірнеше жыл қатарынан бір дақылды егу қолайсыз нәтижелерге алып келеді. Дақылды ауыстырмау топырактың физикалык касиетін нашарлатады, егілген дақылға байланысты белгілі бір кабаттарының құрамындағы қоректік элементтер азайып кетеді.
Сондықтан ауыспалы егісте дақылдарды анықтауда олардың биологиялық ерекшеліктерін – суға және қорекке талабын, сондай – ақ арамшөптер мен зиянкестермен арақатынасын есепке алу керек. Ауыспалы егісте дақылдардың дұрыс ізбе-ізділігі өсімдіктің тұтынатын коректік элементтерінін шығынын реттеумен бір уақытта топырактың қорын да толтыруға жағдай жасайды. Әрбір алғы дақыл осылайша өзінен кейінгі дақылға едәуір оңтайлы жағдай жаратады.
Ауыспалы егісте дақылдарды тандауда және олардың ізбе-ізділігін реттеуде ұйымдастырушылық-шаруашылық жағдайларын да есепке алу керек. Дакылдарды, сорттарды және агро әдістерді тандауда өсіріп баптауға кеткен еңбек шығындары уақыт бойынша біркелкі бөлістірілуі қажет. Сондай-ақ суару жағдайларында суландыру жүйесіне салмақ түсуінің немесе су жетіспеушілігінің алдын алу үшін дакылдар құрамын тандап алу керек.
Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми – зертеу институтының көпжылдық деректері бойынша ауыспалы егісті игеру дәрежесіне қарай енім 19 дан 78 %-ға дейін артқан. Ауыспалы егісті дұрыс жолға койылганға дейін 1 гектардан алынған қарбыз өнімі орташа 17,5 тонна болған болса, ал кейін ол 32,4 тоннаны құрады.
Суармалы жағдайларда бақша өсіруде басқа да агро іс-шаралар сияқты ауыспалы егістің де тиімділігі онімнің бір бірлігіне кететін су шығынымен бағаланады. Әдіс қаншалықты тиімді болса, өнім де сонша жоғары, сәйкесінше, өнімнің бір-бірлігіне жұмсалған су ціығыны да соншалықты төмен болады. Осылайша топырақтың құнарлылығын арттыру арқылы сол жұмсалған су шығынымен 2,5 есе көп өнім алуга және өнімнІң 1 тоннасына кеткен су шығынын 2,8 есе қысқартуға болады.
Қарбыздың «Сапалы» сорты тәжірибе алқабында үш жылдық жоңышқа өсірілгеннен кейін егілді.
