Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жеке даму биологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
142 Кб
Скачать
☆
  1. Регенерация: физиологиялық және репаративті. Эпиморфоз, морфолаксис, гипертрофия

Регенерация деген сөз (лат. – regeneratіo) жаңару немесе бұрыңғы қалпына келу деген мағынаны білдіреді. Биологиялық тұрғыдан айтқанда, регенерация деген, организмның жоғалтқан немесе жарақатталған бөліктерінің қайта қалпына келуі. Негізінде регенерацияның екі түрін ажыратады: физиологиялық және репаративтік. Физиологиялық регенерация дегеніміз организмнің қалыпты тіршілік барысындағы ұлпалар мен мүшелердің жаңаруы.организдеги көптеген клеткалар мен ұлпалар бұзылып және қайта құрылып тұрады.Ол процесс көптеген факторлармен байланысты:клеткалар мен ұлпалардың қызмет мерзімімен,мамандану дәрежесімен,бұзғыш факторлардың әрекетімен және т.б. Физиологиялық регенерация екі деңгейде өтеді:1.Молекулалық –субклеткалық – биосинтетикалық аппараттың көмегімен клетканың ішкі элементтерінің қайта қалпына келуі. Бұл деңгейде нерв ұлпасы жаңарады. 2.Пролиферативтік регенерация. Клетка бөлінуі арқ жүреді. Көптеген ұлпаларда мыс:дәнекер арнайы камбиальды клеткалар және олардың плориферация ошағы болады. (эпидермистің базальды қабаты, сүйектің қызыл кемігі ) аталған ұлплар клеткаларының арнайы мамандануы нәтижесінде биосинтетикалық аппаратты жойылған.Мыс:эритроцит 2-4 ай ішек эпителиасының клеткасы екі тәулік өсір сүреді. Репаративтік регенерация – түрлі зақымдаулардан кейн өтетін дене бөліктерінің өзінің сау қалпына келуі. Көптеген зерттеушілер негізгі 4 түрін сипаттайды. 1)Морфолаксис – дененің жарақаттанған бөлігінің қалған культядан өсу арқылы толық қалпына келуі. Регенерацияның бұл түрі амебаларда, инфузорияда және басқаларда болады. Оларда дененің бөлігінен толық организм қалпына келеді. 2)Эпиморфоз – жаралық беттердің бітуі арқылы болатын регенерация. Регенерацияның бұл түрі амфибияларға, рептилияларға, сүтқоректілерге және адамға тән. Морфолаксис тәсілімен регенерация оларда жойылған. 3)Эндоморфоз-мұнда клеткалардың бөлінуі ұлпа жарақатының бетінде жүрмей мүшенің ішінде диффузды түрде жүреді.Соның нәтидесінде мүшенің қөлемі мен салмағы өседі.Мысалы бауырдағы регенерация. 4) Компенсаторлық гипертрофия.Жұп мүшелердің біреуі зақымданғанда немесе жойылғанда екіншісінің көлемі мен салмағының өсуі.Мұндай регенерация бүйректе,аталық жыныс безінде өкпеде жүреді.

  1. Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама.

Қартаю – табиғаттың заңдылық процесі, ол организмнің жылдан жылға бұзылуы, жəне оның бейімделу əрекетінің төмендеуі. Қартаю процесі өлім мүмкіндігін жақындатады. Қартаю барлық организмдерге тəн қасиет. Ол тірі жандар организмдерінде əр түрлі деңгейде өтеді. Олар: молекулалықгенетикалық, клеткалық, ұлпалық, мүше деңгейі жəне біртұтас организм деңгейі. Қартаю гетерохронды жəне гетеротопты жолдармен өтеді. Гетерохронды дегеніміз: əр түрлі клеткаларда, ұлпаларда жəне ішкі мүшелерде əр түрлі жылдамдылықпен өтуі. Ал гетеротопты əр түрлі структурада сапа жағынан бірдей емес өзгеруі. Адам мен жануарларда молекулалықгенетикалық деңгейде қартаюдың жүргізуші механизмі болып мыналар саналады: ДНҚның қайтымсыз бұзылуы, РНҚ жəне белок синтезінің өзгеруі т.б. Қартаюдың теломерлі теориясы. Қартаюдың теломерлі теориясы екі түрлі жағдайдың: ДНҚ-ның толық репликацияланбау проблемасы жəне клетка (немесе ұлпа) культурасынан табылған Хейфлик эффектісі нəтижесінде А.М. Оловниковпен қалыптастырылды. 1961 жылы Хейфлик эффектінің ашылуы қартаюдың табиғаты жөніндегі жалпы көзқарасты түбегейлі өзгертті. Он жылдан кейін Хейфликтің тапқан заңдылықтары қартаюдың теломерлі теориясын құруға негіз болды .каррель мен Хейфлектің эксперименттер жүргізді. Сонымен теломерлердің қысқаруы қалай жəне не үшін клеткалардың жағдайын нашарлататыны жөнінде əзірше тек болжаулар ғана бар.  Бірақ мұндай əсерлердің болуы даусыз. Осыған байланысты А.М.Оловниковтың эксперименталды тұрғыдан дəлелденген теориялық болжамдары: а) теломерлердің ұзындығын қамтамасыз етіп отыратын арнайы механизмдердің болуы жөніндегі болжамдар теломераза мен альтернативті механизмдердің (АLТ) ашылуымен дəлелденді; б) соматикалық клеткаларда теломерлердің қысқаруы бөлініп жатқан клеткаларда дəлелденді (in vivo); в) жетілген жыныс клеткаларында теломерлердің ұзындығы организмнің жасы үлкен‐кішілігіне тəуелсіз екендігі дəлелденді; г) теломерлердің қысқаруы культурадағы клеткалардың бөлінуін тоқтататындығы жөніндегі болжамдар теломераза генін клеткаға енгізгенде Хейфлик лимитін ұзартқаны эксперименттерде дəлелденді; д) кейбір басқа да болжамдар дəлелденді. Мысалы, ісік клеткаларындағы теломеразаның болуы олардың шексіз бөлінуін түсіндірді. Осы идеялардың барлығы бір ойды көрсететінін көру қиын емес. Бірақ осы ойды түсіну, табу үшін биологияда қабылданбаған нəрсені істеу керек болды. Ол нəрсе теорияны жақсы, жан‐жақты білу жəне оны талдауға, дəлелдеуге көп күш салу. А.М. Оловников осы жолға түскен ғалымдардың бірі.Теломерлі теория шын мəнінде қартаюдың толық сипатын бере алады деп айта алмаймыз. Қартаю – өте күрделі жəне көп жақты процесс. Сондықтан да қартаюдың табиғаты мен заңдылықтары қазіргі күнге дейін шешілген жоқ. Теломерлі теорияны кейбір ғалымдар қолдамайды да жəне оны терістейтін көптеген мəліметтерді келтіреді. Бірақ шын мəнінде теломердің қысқаруы қартаюға əкелетін көп жолдардың бірі екендігі белгілі.