- •2. Белоктар, биологиялық қызметтері. Құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Белок молекуласының кеңістік құрылысы.
- •5. Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
- •6. Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
- •Физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл - ойдың дамуына көмектеседі.
- •Физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамассыз етеді.
- •Бір қатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің ) бірқалыпта болуын қамтамассыз етеді.
- •7. Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.
- •8. Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
5. Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
Дәрумендер - бұл әрбір адамның тағамында болуы тиіс өмірлік маңызы бар заттар. Ең алғаш тіршілік үшін қажетті затты тапқан 1880 жылы Николай Лунинболатын. Дәрумендердің жіктелуі: суда еритін және майда еритін. XIX ғасырдан бастап дәрігерлер бери-бери, цинга және пеллагра сияқты аурулардың неге кең тарағанын түсінгісі келген. Аурулардың туындауы дұрыс тамақтанбағаннан деген ойлар айтылған. Кейін ғалымдар бұл аурулар тамақтағы дәрумендердің жетіспеуінен деп айтқан болатын. витаминдерді негізінен өсімдіктер бірқатарын микроорганизмдер түзеді. Адамнын және жануарлардың организмінде бірнеше витамин (мысалы: D. PP витамині) ғана түзіледі. Олардың кейбіреуі өте шағын мөлшерде түзіледі де организм қажетін толық өтей алмайды. Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. ОЛар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады. Азық - түлік және жем - шөп құрамында витаминдердің жетіспеуі немесе мүлде болмауы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Мысалы, мұндай жағдайда жас төлдің өсуі тоқтайды, және ол әртүрлі ауруға ұшырауға бейім болады. Азық-тұлікте, жем-шөпте, ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе узақ уақыт С витамині болмаса, организм құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құрқұлақ - С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит (мешел) Д- авитаминоз, бери-бери - В1 - авитаминоз, т.б.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді. Сондықтан оның диагнозын қойып анықтау онша қиын емес. Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайда Гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз жағдайы организмге қажет витамин мөлшерінің қалыптан төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады. кез-келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін ) организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді біржолы көп мөлшерде қабылдау уландырады. Ондай жағдайда "гипервитаминоз" деуге болмайды.
Суда еритін витаминдер өте көп. Оларға: В витаминдер тобы (В₁, В₂, В₃, В₅, В₆, В₁₂, ВС, В₁₅) және С, Р, РР витаминдері жатады. С (аскорбин қышқылы)- Ағзада тотығу тотықсыздану реакциясының өтуіне қатысады.Бұл реакция жүрмесе,астың сіңімділігі төмендейді.Қан тамырларының жұмысын нашарлатып қырқұлақ (цинка)ауруына ұшыратады,тіс түбі қанайды. С витамині(аскорбин қышқылы) суда еритін витаминге жатады. Коллаген синтезіне қатысады, С витамині тері клеткалардың өсуі және қалпына келуі , тіс иегі, сүйек және тіс үшін қажет. Темірдің организмде сіңуіне көмектеседі.
В₁ витамині молекуласында кікірттің және амин тобы болғандықтан оны тиамин деп атайды. Тиамин – ақ түсті қатты зат, суда және этил спиртінде оңай ериді. Хлороформда, бензолда, ацетонда ерімейді. Тиамин қышқыл ортада тұрақты болады. Табиғатта таралуы. Тиаминге өсімдік тектес өнімдер, әсіресе бидай, күріш, қара бидай, ашытқы бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, сүтте кездеседі. Тиаминнің жануарларға қажет мөлшері олардың жынысына байланысты. Жылқы, шошқа, және тауықта біл витамин өте қажет. Жылқы мен шошқаға бір тәулікте 100 кг дене массасына 3-4 мг шамасында. Ал адамға бір тәулікте 1,5 – 3,0 мг
В₂ витамині немесе рибофлавин табиғи өнімде көп кездеседі. В₂ витаминінің құрылымы 1933 жылы Кун 10000 дана жұмыртқаның сары уызынан 30 мг таза витамин бөліп алу арқылы анықтаған. Ал 1935 жылы Каррер В₂ витаминін синтездік жолмен алды. Өзінің сары түсіне байланысты оны рибофлавин д.а.Рибофлавин – сары түсті қатты зат, суда нашар ериді,Қышқыл ортада жақсы ериді. Жарыққа өте сезімтал, оның әсерінен түгел бұзылады. Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бауыр, ашытқы, бидай, қара бидай өте бай рибофлавинге. Адамға тәулігіне 2,0 – 2,5 мг мөлшері қажет.
В₆ витаминінің 3 түрі бар. Пиридоксол, пиридоксаль және пиридоксамин. Бұл үш түрі де жануарлар тіршілігі үшін маңызды.
Пиридоксол – түссіз кристалды зат. Суда, спиртте, ацетонда ериді. В₆ витаминінің үш түрі де қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты. Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен В₆ витамині тез бұзылады, әсіресе бейтарап және сілтілік ортада тез бүлінеді.
Табиғатта таралуы. В₆ витамині жұмыртқаның сары уызында, жануарлар бауырында, сәбізде, бидайда, ашытқыда көп.
В₁₂ витамині 1948 жылы кристалл түрінде бөліп алып, ол анемия ауруын емдейтіін анықтаған.
Табиғатта таралуы. Азық-түлік құрамында кобальт болса, В₁₂ витминін асқазан-ішек жолында микроорганизмде р синтездейді. Жануар тектес өнімдерде кобальт – бауырда, бүйректе, жүректе, мида, сиыр етінде. Сүтте көп болады. Ересек адамға тәулігіне 2 – 3 мгк, балаларға 0,5 – 2,0 мкг.
РР витамині – никотин қышқылы. Никотин қышқылы барлық витаминнің ішіндегі құрылымы ең қарапайым қосылыс. Никотин қышқылы – түссіз кристалды зат, суда жақсы ериді. Бензолда және эфирде ерімейді.
Табиғатта таралуы. Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде, ұнда, ашытқыда, картопта, жануарлар бауырында,етте, балықта кездеседі. Бір тәулікте ересек адамға 15- 25мг қажет.
Майда еритін дәрумендер
А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин) − құрылымдық формуласында β−ионды сақинасы жəне изопреннің екі қалдығы бар, бұл витаминнің екі түрі бар А1 жəне А2, біріншісінде қос байланыс ядродағы бесінші жəне алтыншы көміртек атомдарының арасында орналасады, ал екіншісінде − сақинаның үшінші мен төртінші С атомдардың арасында.
Витамин Д (кальциферол, антирахит витамині), авитаминозі - рахит;
Биологиялық қызметі − кальцийдің алмасуын реттейді.
Витамин Е (токоферол, антистерил немеесе өсіп−өну витамині), авитаминозі – сперматозоидтердің қозғалуы тежеледі
Биологиялық қызметі − қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайды, мембрананы бос радикалдардан қорғайды, оттегінің əсерінен ферментсіз жүретін реакциялардың тізбегін үзеді.
Витамин К (филлохинондар, антигемморагиялық витамин) – қанның ұюын реттейді, авитаминозі терінің астында қан тамырлары зақымдалып, үзіледі, қан ұю процесстері тежеледі.
Витамин В13 (орот қышқылы) – пиримидин қосылыстарын толықтырады, анемия ауруын емдеуге қолданылады, жетілмеген нəрестелерді тамақтандыруға қолданылады.
Витамин В15 (пангам қышқылы) – наркотиктермен, алкогольмен, тетрациклин қатарының антибиотиктерімен уланғанда токсикацияға қарсы қолданылады.
Витамин U (метилметионин) - холин мен креатинді синтездейді, ас қорыту жүйесінде шырыш қабатының түзүлуіне қатысады.
Витамин F (эссенциалды полиқанықпаған май қышқылдары) - авитаминоз – шаш түсу, өсу процесстердің бəсеңдеуі бойдың өсуінің тежелуі, дерматит, тырнақ қабынуы.
Антивитаминдер- витаминдердің биологиялық белсенділігін жоятын қабілеті бар химиялық қосылыстар. Антивитаминдер химиялық құрылымы жағынан витаминдерге ұқсас, ал физиологиялық әсері жағынан витаминдерге қарама-қарсы заттар (2-кесте). Антивитаминдер ферменттердің құрамындағы витаминдердің орнына кофермент ретінде орналасып, ферменттердің активтілігін жояды, соның әсерінен авитаминоз пайда болады. Мысалы: никотин қышқылының аналогтары – антивитаминдер (2-кесте) аденил қышқылымен қосылып жалған коферменттер НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) түзіп, НАД – тәуелді оксидоредуктазалардың ферменттік активтілігін жояды. Антивитаминдердің тағы бір мысалы бола алатыны авидин-жұмыртқа белогы. Авидин Н (биотин) витаминімен биологиялық активтілігі жойылған кешен түзіп, бұл витаминнің зат алмасу қызметіне қатынасуына кедергі жасайды. Көптеген витаминдердің табиғи антивитаминдері бар. Бірқатар витаминдердің антивитаминдері синтезделген. Себебі, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары – бактериялар, вирустар және ісік клеткалары – витаминдердің жетіспеуіне өте сезімтал болады, сондықтан кейбір антивитаминдер ем ретінде қолданылады.
