- •Малдарды сояр алдында талдыруға арналған машиналар мен аппараттар
- •1. Жұмыстың мақсаты
- •Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері
- •4 Сурет - Пинск ет комбинатындағы бокстың құрылысы Бокс г6 -фба
- •5 Сурет – г6 - фба боксы фэор-1 электрлік талдыру қондырғысы
- •Техникалық сипаттамасы
- •6 Сурет - фэор-1 малды электрмен талдыру аппараты
- •3. Есеп беру мазмұны
- •4. Бақылау сұрақтары
Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері
Қырлы ұңғы жіңішке екі қыры ұшталған пышақ. Оның сабында қол сырғымауы үшін тіреу орнатылады
Мүйізді ірі қараны талдыруға арналған пневматикалық балға цилиндр ішінде сығылған ауа әсерімен қозғалатын соққышпоршеннен тұрады. Соққышты соққы алдында жібермей ұстап тұру қызметін затвор атқарады. Қосқыш механизм цилиндр балғасы түбіне серіппемен сығылған қалпақтан тұрады. Цилиндрдің жұмыс камерасына сығылған ауа золотникті құрылғы арқылы ауалық ресиверден немесе балоннан беріледі.
Шет елдерде мүйізді ірі қараны талдыру үшін оқ немесе металл стерженьдермен ататын арнайы пистолеттер қолданылады. Пистолетті маңдай немесе желке тұсқа тіреп атады.
Жануарларды электр тоғымен дұрыстап талдыру үшін олардың белгілі орында, тиісті жағдайда тұруы қажет. Сол мақсатта оларды арнайы камерабоксқа кіргізеді немесе еденге бекітілген шығырға байлайды. Бокстарды пайдалану жануарларды талдырушы жұмыскерлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Мүйізді ірі қараны көп жағдайларда жартылай автоматты немесе автоматты бокстарда талдырады. Бокстар бір басқа немесе екі басқа арналған болады. Бір басқа арналған бокстың ұзындығы 2,5 м, екі бастікі 5 м, бокстың ені 0,7 – 0,9 м. Жартылай автоматты бокс металл камера мен жетек механизмінен (лебедка) тұрады.
Камера жануар организміне сәйкес тік бұрышты қылып жасалынған. Бір есігі бар және төбесі ашық. Жетек механизмін іске қосқан кезде камера едені аударылып талған жануар сырғып еденге түседі.
Кейінгі кездері ет комбинаттарында автоматты бокстар кеңінен қолданылуда. Олар конструкциялары жағынан қарапайым.
1-электрқозғалтқыш, 2-цилиндрлік редуктор, 3- червякты редуктор,
4,5- шестерня, 6- жетек білігі, 7- құбыр 120 мм, 8- қаптама, 9-айнамалы платформа, 10- бастырма, 11- рельс, 12- швеллер, 13- подшибник қаңқасы, 14- тірек подшибниктер, 15- білік, 16- фланец, 17- қалқа, 18 - шибер, 19- дәліс, 20- күресу ауданы.
4 Сурет - Пинск ет комбинатындағы бокстың құрылысы Бокс г6 -фба
Бокс ірі қара малдарды сою алдында талдыруға арналған. Рамаға шарнирлы еденге жабысқан, алдыңғы есік болтты арқанмен байланған, болаттан және швелермен жасалынған, арасы дәнекермен жабысқан. Есіктің үстіңгі жағында екі кронштейн дәнекерленген, олар арқанды тіркеуге арналған. Бокстың жанындағы есік тік рама арқылы қозғалады, ол лебедка арқылы көтеріледі және түсіріледі.
Малды талдыруға арнайы көлденең аудан орнатылған. Күресші орнында басқыш (кнопка) орналасқан, сол арқылы дыбысты және жарықты сигнализацияны қосады. 2-3 сек кейін малды бокстан түсіруді ескертеді.
Бокс жұмысы келесідей орындалады. Күресші қамту орында тұрады, малды электр тоғымен талдырады, басқыш арқылы басқару пультын қосады. Еден малдың салмағы арқылы түседі, ал алдыңғы есік арқан мен жоғары көтеріліп, содан мал бокстан сыртқа шығарылады. Есік өз салмағымен өзінің орнына түседі, автоматты түрде есік жабылады. Бокс өз жағдайына келіп, жұмыс циклі қайталанады.
Г6 -ФБА бокстың техникалық сипаттамасы
Өнімділігі, бас сағ 95
Минималды салмақ, кг 120
Электро магнитті катушканың кернеуі, В 220
Камераның ішкі өлшемдері, мм
ұзындығы 3000
ені 350
Бокстың габариттік өлшемдері, мм
ұзындығы 4590
ені 2520
биіктігі 3765
Салмағы 2645
1-алдыңғы есік; 2-рама; 3-қамту ауданы; 4-контр салмақ; 5-жанындағы есік; 6- еден; 7- қабылдағыш; 8- басқару сигнализациясы.
