Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3.30 Шлицті (оймакілтекті) қосылыс. Түрлері. Шлицті қосылыстарды есептеу

6 Шлицті қосылыстар

Шлицті қосылыстар деп күпшектің ішкі бетіндегі тістерінің дәл сол пішіндес етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарына отырғызған қосылысты айтады. Басқаша айтқанда, оларды көп кілтекті қосылыс түрінде қарастыруға болады. Шлицті қосылыстардың кілтекті қосылыстарға қарағанда көптеген артықшылығы бар. Біріншіден, шлицті қосылыс кілтекті қосылыстан берік келеді, сондықтан ол ауыр жүк түсетін қосылыстарда қолданылады. Екіншіден, біліктерге отырғызылған бөлшектер ось бойымен еркін қозғала алады. Мысалы, беріліс қорабындағы тісті дөңгелектер т.б. Сонымен қатар олардың кемшіліктері де бар. Атап айтқанда:

1. Ось бойымен бағытталған күштерді қабылдай алмайды.

2. Тістердің бірдей дәлдікте жасалмауынан әсер етуші күштер Шлицтің барлығына бірдей таралмайды.

15.7 Шлицті қосылыстың түрлері

Қосылыстар, біріншіден, оздерінің ішіне байланысты, тік бүйірлі, үш бұрышты, эвольвента болып бірнеше түрге бөлінеді. (8.7- сурет).

а – тік бүйірлі; б – эвольвентті; в –үш бұрышты.

8.7-сурет. Шлицті қосылыстың негізгі түрлері

Екіншіден, білікке отырғызылған бөлшектерді центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары, тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы іске асырылады.

Шлицтердің бүйір қырлары арқылы центрлегенде, оларды тістеріне әсер етуші күштер, центрлеудің басқа түрлеріне қарағанда бірқалыпты тарайды. (15.8- сурет).

а – бүйірінен; б – сыртқы диаметрмен; в – ішкі диаметрмен; г – күпшек оймасының қимасы; д және е – білік оймаларының қимасы

15.8-сурет. Шлицті қосылыстарды центрлеу

Бұл амал үлкен күштер әсер еткенде және шлиц тістерінің саны оннан аспағанда, ал диаметрі 25-90 мм арасында болғанда қолданылады.

Дәлдікті қажет ететін талаптарға сай шлицті қосылысты тістердің ішкі және сырткы диаметрлері арқылы центрлеуге болады.

Егер төлке материалының Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден кем болса, сыртқы диаметрі арқылы центрлеген жөн. Бұл жағдайда тек біліктің жоғарғы беткейі ғана өңделеді. Ал егер Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден артық болса, онда центрлеу ішкі диаметр арқылы орындалады. Бұл жағдайда қосылыс беткейінің екеуі де өнделеді.

15.8 Эвольвентті шлицті қосылыстар

Эвольвентті шлицті қосылыстар тісті берілістерге қаншама ұқсас болса да, олардың аздаған айырмашылықтары да бар. Атап айтқанда:

  1. Эвольвентті центрлеудің қадамы үлкен келеді.

  2. Эвольвент рейкасының тістерін биіктігі аз: (0,9÷1)т

  3. Тісті дөңгелектердің ілінісу бұрышы α = 20° болса, эвольвентті қосылыстарда ілінісу бұрышы αх = 30° градусқа тең.

Эвольвентті шлицті қосылыстың басқа шлицті қосылыстарға қарағанда артықшылықтары:

  1. Эвольвентті шлицтер тістерінің табаны жалпак етіп жасалуына байланысты олардың беріктілігі жоғары келеді.

  2. Білік бетіндегі эвольвент тістері қарапайым әдспен жасалады.

Жоғарыда айтылған артықшылығына байланысты эвольвентті шлицті қосылыстарда кернеу шоғарлануы төрт бұрышты шлицті қосылысқа қарағанда екі есе кем.

Сондықтан эвольвентті пішінді шлиц біліктерін дайындағанда қарапайым тіке жиекті кескішті фрезаларды қолданған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]