- •1. Екі жастағы балаларды тәрбиелеу.
- •2. Сюжеттік жапсыру. Бала-бақшада оқыту міндеттері және мазмұны.
- •3. Мазмұндап оқыту процесінде монологтық сөйлеудің дамуы.
- •2. Бала-бақшадағы тірі табиғат. Маңызы, ұйымдастыру ерекшелігі. Материалды іріктеуге қойылатын талаптар
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.
- •2. Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері. Әдістердің жалпы сипаттамасы.
- •3. Балаларда сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету.
- •2. Ойыншық және сурет бойынша әңгімелеуге оқыту әдістемесі.
- •3. Дене шынықтыру сабақтарында балаларды ұйымдастыру тәсілдері.
- •1. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту әдістері.
- •2. Шығармашылық әңгімелеуге мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту.
- •3. Бақылау - мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдісі ретінде. Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту әдістері.
Оқыту процесінің мазмұндық компоненті – білім беру мазмұны. И. Я. Оқытудың мұндай түрінде барынша сенімдік қарым-қатынас іске асады; баланың жеке ерекшеліктерін ары қарай зерттеу мүмкіндігі мен оны есепке алуға қол жеткізіледі; оқытудың мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, қарқыны дараланады. Оқыту әдістері – педагог пен балалардың өзара байланысты іс әрекет тәсілдері, оның барысында бала қажетті әлеуметтік тәжірибе мазмұнын меңгереді. Әдістердің өзіндік түрі мен нұсқалылығы әдістің элементі ретінде оны жүзеге асыруға жеке қадам жасауды қамтамасыз етеді. Г. М. Коджаспирова және А. Ю. Коджаспиров оқыту әдістерін педагог пен балалардың бірізді, өзара байланысты, білім мазмұнын меңгеруді, ақыл-ой мен қабілетті дамытуды, өздігінен оқу және білім алуды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі деп қарастырады. Оқыту әдістері оқытудың мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын белгілейді.
Оқыту әдістері іс-әрекет құрылымына қарай жіктеледі, олар: - балалардың оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері (сөздік, көрнекі, практикалық, индуктивтік және дедуктивтік, репродуктивтік, продуктивтік және проблемалық-ізденіс, балалардың өздігінен жұмыс істеу әдістері);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін мотивациялау және ынталылық тудыру әдістері (танымдық ойындар, ойын жаттығулары, өмірде кездескен жағдайларды талдау, баланың тәжірибесіне сүйену, жетістікке жету жағдайын жасау, педагогикалық талап, мадақтау, ұялту, бетіне басу);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетінің нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері (заттармен жұмыс істеу, сөз сөйлеу тапсырмалары, диагностикалық тестілер, балалардың жұмыс өнімдерін талдау, байқау).
Л. С. Выготский лингвистикалық (ауызша және жазбаша сөз сөйлеу), семиотикалық (таңбалар, символдар, шартты белгілер, кестелер, схемалар), паралингвистикалық (дене қимылы, бет әлпет қимылы) құралдар деп бөледі.
2. Шығармашылық әңгімелеуге мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту.
Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып келеді.
Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу.
Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.
Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау. Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.
