- •Әдістемелік ұсынымдар
- •Қжи слетін өткізуді ұйымдастыру.
- •Жарысқа қатысушылар.
- •Қозғалыстың жас инспекторының атрибутикасы.
- •Қжи слетінің бағдарламасы.
- •6. Қжи слетін өткізу шарттары.
- •23. Саптық қарау.
- •30. «Жас санитар».
- •21 Және одан жоғары – 3 балл алынады.
- •28. Жас реттеуші.
- •33. «Эрудиттер турнирі».
- •7. Нәтижелерді анықтау
- •Жеңімпаздарды марапаттау.
- •Қжи слетін қамтамасыз ету.
Қозғалыстың жас инспекторының атрибутикасы.
20. ҚЖИ жасағының әрбір мүшесінде:
«Қозғалыстың жас инспекторы» белгісі;
жасақ мүшесінің куәлігі болуы тиіс;
Ескерту: реттеушіде – жезл, санитарда – медициналық қобдиша болу керек.
21. Нысанды киім:
1) насихаттық: көк (немесе басқа да ұқсас түстер) кеудеше (китель) пагондарымен, шалбар (белдемше), осындай түстегі пилотка, ақ белбеу және портупея, кеудешенің сол жақ жеңінде бағдаршамның үш түсі бейнеленген көк шеврон, пилоткада – белгі (ақ шеңберлі қызыл дөңгелек), омырауда – ҚЖИ белгісі.
2) парадтық: пилотка ақ беретпен, портупея – ақ аксельбантпен ауыстырылып, ақ қолғаптар қосылады;
3) жасақ командирінің сол жақ жеңінде шевроннан жоғары бір үлкен алтын түсті жұлдыз болуы тиіс.
Қжи слетінің бағдарламасы.
22. Слет бағдарламасына 10 конкурс кіреді:
саптық қарау;
Жол қозғалысы ережелерінің (бұдан әрі – ЖҚЕ) білгірлері;
жас насихатшылар;
қауіпсіз дөңгелек;
жас реттеуші;
жас тілші;
жас санитар;
командирлер конкурсы;
үгіт бригадаларының конкурсы;
эрудиттер турнирі.
6. Қжи слетін өткізу шарттары.
23. Саптық қарау.
1. ҚЖИ жасағы саптық даярлықты мынадай тәртіпте көрсетеді:
1) жасақ 2 колонна бойынша тақпақ және ән айтып саптық адыммен кіреді;
2) «Тараңдар!», «Бір қатарға сапқа тұр!», «Реттік нөмірмен сана!» командалары;
3) командирдің баянаты: «Әділ қазы төрағасы мырза! … облысының қозғалыс жас инспекторлары жасағы саптағы қарауға тұрғызылды! Жасақ командирі – тегі, аты, жөні.». Командир алқа төрағасының қасына барып тұрады. Алқа төрағасы ҚЖИ-мен сәлем деседі: «Сәлеметсіздер ме, қозғалыстың жас инспекторлары!». Жасақ:«Сәлеметсіз бе!» деп жауап береді. Төраға: «Еркін тұр!» деп команда береді. Командир команданы қайталайды. Төраға: «Командир қатарға тұрсын!». Командир: «Құп болады!»;
сыртқы тұрпаты мен куәліктерін тексеру.
5) Жасақ құрамымен «Тұр», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Жинақтал», бір қатарға тұру, бірінші-екіншіге сана, сапта тұрып екі қатарға бөліну және қайта бұрынғы қалыпқа келу, орнында тұрып бұрылу, сапта қосылып тұру мен бөліну командаларын орындау.
6) 3 қатарға сапқа тұру, орнында тұрып бұрылу;
7) қозғалыста саптық тәсілдерді орындау.
8) салтанатты марш.
2. Ең жоғарғы балл саны – 13, оның ішінде 9 – саптағы қарау үшін (командирдің командасы мен баянатына - 2 балл, осы тараудың 1 – тармағы 2,5,6, тармақшаларын орындау үшін - 2 балл, салтанатты маршқа - 2 балл, қозғалыста саптық тәсілдерді орындағаны үшін - 3 балл), 2 балдық жүйе бойынша ҚЖИ-дің нысанды киімі, оның осы Әдістемелік ұсынымдардың 20, 21-тармақшаларына сәйкестігі бағаланады. Қате үшін әрбір кезеңдегі 0,5-1 бал алынады, бірақ бүкіл конкурста 5 балдан аспауы керек. Саптың күрделі элементтерін қосымша көрсеткені үшін 1-1,5 балл қосылады, бірақ бүкіл конкурста 2-балдан артық емес.
25. Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) білгірлері.
Жасақ барлық құраммен ЖҚЕ бойынша билеттерді шешеді.
Билеттерге ЖҚЕ-нің мынадай тараулары бойынша сұрақтар кіреді: Жол қозғалысы ережелерінің 1,3-23 бөлімдері, барлық жол белгілері. Әрбір билетте 8 сұрақтан болады, дұрыс жауапқа 2 балдан қосылады (балдардың ең жоғарғы саны – 16). Есепке жасақтың орташа балы кіреді.
Билетті шешу уақыты -15 минут.
26. Жас насихатшылар.
1. Бұл конкурс плакаттарды таныстыру конкурсы түрінде (Ескерту: орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес плакат – графиканың бір түрі, насихат, жарнама, ақпарат немесе оқу мақсатында орындалатын шағын түсіндірме мәтіні бар үлкен парақтағы көзге түсетін сурет).
2. Плакатты алдын ала өздері дайындап келеді.
Сонымен бірге плакатта тақырыпты ашатын, оның мазмұнын көрсететін қысқаша, ықшам үндеу немесе ұран түріндегі мәтін орналастыру керек. Плакаттың келесі бетінде өңір көрсетіледі.
3. Қазылар алқасы плакаттың көркем безендірілуін бағалағаннан кейін конкурстың 2-ші кезеңі - плакатты таныстыру жүргізіледі. Плакатты таныстыруды конкурсқа қатысушы команда ұзақтығы 5 минуттан аспайтын көркемөнерпаздық құралдар арқылы кез-келген шағын сахналық нысанда (үгіт бригада, мюзикл және т.б.) жүргізеді. Жазылған фонограмманы пайдалануға жол берілмейді, барлық қатысушылар рөлдерді өз дауыстарымен орындайды.
5. Конкурс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
1) плакат бойынша – плакат мазмұнына тақырыптың сәйкестігі, плакаттың мазмұнын көрсетудегі кәсіби деңгей, композициялық сауаттылық және плакатты таныстыруды аяқтау;
2) плакатты қорғау бойынша – команданың шығармашылық бастамасы, орындау шеберлігі, материалды көрсетуі, әндер мен өлеңдерді пайдалану, музыкалық безендіру;
5. Плакатты безендіру мен оны қорғауды қазылар алқасы бригадасының әрқайсысы барлық өлшемдер (плакат және плакатты қорғау) бойынша 5 балдық жүйе бойынша бағалайды, нәтижелері қосылып, орташа нәтиже шығарылады. Ең жоғарғы балл саны – 10.
27. Қауіпсіз дөңгелек.
1. Конкурсқа 4 велосипедші қатысады. Есепке барлық қатысушылардың 2 кезеңдегі балдарының жалпы орташа саны кіреді. Ең жоғары балл саны – 12 (әрбір кезеңге 6 балдан).
2. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: велосипедті мәнерлеп айдау және велосипедті автоқалашықта айдау.
1) «Велосипедті мәнерлеп айдаудың» бірінші кезеңі.
Жарыс бір - бірінен үш метр қашықтықта кезек - кезек орналасқан әр түрлі кедергілері («тақтай», «жылан», «қақпа», «алтыбақан», «сегіздік») бар алаңда жүргізіледі.
Айып ұпайлары мынандай жағдайларда белгіленеді:
кедергіні, кеглді өткізіп алу - 10
жерге екі аяқты тигізу (велосипедтен құлау) - 10
жерге бір аяқты тигізу - 5
кедергілерден толық өтпеу - 5
кедергі орналасқан аумақтың жолынан шығып кету - 5;
Кезеңдегі ең жоғары балл саны – 6. Алынған айып ұпайлары үшін мынадай кесте бойынша балдар алынады:
5-10 айып ұпайлары – ең жоғары саннан (6) бір балл алынады;
15-20 ұпайлар – 2 балл алынады;
25 және одан жоғары – 3 балл алынады.
2) Екінші кезең «Велосипедті автоқалашықта айдау».
Жарысушылар велосипедпен автоқалашықтан өтуі керек, бұл ретте олар жол қозғалысының нақты шынайы жағдайларына ұқсас сәттерде бағдарлау білімін көрсетуі керек.
Әрбір қатысушы жол белгілерінің, таңбаларының, реттеуші қимылының талаптарын сақтай отырып, 5 минут ішінде 6 бақылау бекетінен (бұдан әрі – ББ) өтуі керек.
Жарысушыларға ББ-ны өту тәртібі көрсетілген бағыт қағазы стартта беріледі. Егер қатысушы барлық бақылау бекеттерін берілген уақыттан бұрын өтсе, онда ол ЖҚЕ міндетті түрде сақтай отырып, кез-келген бағыт бойынша мәреге жету қозғалысын жалғастырады. Берілген уақыттың аяқталғаны туралы сигнал берілген соң барлық қатысушылар таңдаған кез-келген бағыт бойынша ЖҚЕ сақтай отырып, мәреге қарай барады.
Айып ұпайлары мынандай жағдайларда белгіленеді:
бақылау бекетін өткізіп алса - 10
қарсы қозғалыс жолағына шықса - 10
реттеуші қимылының талаптарын сақтамаса - 10
өту артықшылығын ұсынбаса - 10
жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамаса - 5
бұрылу немесе тоқтау алдын ала
қолмен белгі бермей қимыл жасаса - 3
басқа Жол қозғалысы ережелерін бұзса - 2.
Кезеңдегі ең жоғары балл саны – 6. Алған айып ұпайлары үшін балдар мынадай кесте бойынша алынады:
2-10 айып ұпайлары – ең жоғары саннан (6) бір балл алынады
11-20 ұпай – 2 балл алынады;
