Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом Ережепов Наурыз орг.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1 Жөндеу бөлігіндегі темір жолдың техникалық жай-күйіне талдау жасау

1.1 Теміржол желісінің географиялық орналасу реті

Теміржол желісі Алматы обылысы арқылы өтеді. Алматы обылысы, Оңтүстігінде солтүстік Тянь-Шанның тау жоталары арасында орналасқан. Аймақтың солтүстік-батысы Балқаш көлімен және солтүстік шығыста Іле дәриясымен; ал шығысында Қытаймен шекараласады.Жер аумағының жалпы солтүстік жартысы, солтүстікке аздаған еңістікпен оңтүстік Жетісуға қарай жазықталып кетеді. Балхаш маңында (биіктігі 300-500 м), құрғақ аңғарларлы Бақанаспен қилысады. Бұл өңірде жер бедері ұсақ сусымаалы құм болып кетеді. Аймақтың оңтүстік бөлігін биіктігі 5 000 м дейін жететін жоталаралып жатады. Мұнда Заилискйй Алатау, солтүстік сілемдері Күнгей Алатау деп аталынады. Солтүстік жоталардан бастап тау алды онша үлкен емес жазықтықпен шектеседі. Ал барлық оңтүстік бөлігі- жер сілкінісінің ошағы саналады. Солтүстік жазықтық бөлігінің климаты құбылмалы континентальды, салыстырмалы түрде қыс мезгілінде ( қаңтарда-9-100С) жаздың ыстық мезгілінде (шілдеде 240С) шамасына тура келеді.

Жылдық жауын- мөлшері 110мм ді құрайды. Тау баураындағы жазықтың климаты жылырақ болып келеді, мұндағы жауын шашын мөлшері 500-600мм шамасында болады. Таулы бөлігінің топырақ түзілісі вертикалды құламалы болып, жылдық жауын-шашын мөлшері 700-1000мм ге дейін жетеді. Тау баурайының жлдық желді уақыты 205-225 күн шамасыда болады. Солтүстік және солтүстік батысының жер беті негізінен жарылған жыралар болып келеді, мұндағы бірден ір өзен Іле өзені. өзеннің Балқаш көліне құяр тұсы атпақты жыралардан құралады. Тау баураының оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда кіші-кірім өзеншелерге тола. Көптеген өзеншелердің(Күрты,Каскелен,Талғар, Иссык,Түрген, Чилик,Чарын және т.б.) басы таудан басталып әдетте Іле өзеніне жетпей құмдарғасіңіп немесе жер суаруға бұрылып әкетіледі.

Таудың баурайында көптеген кіші тұщы көлдер ( көбінесе Алматы көлемінде және басқа) сонымен қатар минералды қайнар көздер (Алма-Арасан және басқа) кездеседі.[4]

Топырақты өсімдік жамылғылары әртүрлі: жазық бөлігінде жартылай елсіз және шөлді болып келеді. Шөлді бөлігінде шөл өсімдіктерінен жұсан және қалың саксаул өседі. Көктемде жер беті қоңыр саздақ құбылмалы топырақты болып өзгеріп отырады. Өзеннің Балқашқа құяр тұсындағы батпақты жағалау атыраулары мен Іле өзенінің алқаптарында қалың өскен шілік, шалғын және әртүрлі жасыл өсімдіктер өседі, орман –тоғайлары негізінен тұзды тұнба топырақтарға өскен тал мен шілік ұталардан тұрады. Таудың 800м ден жоғарлаған бөлігінде шөлді алқап жұсанды- ақ бетегелі белдікпен алмасады. 1500-1700м биіктіктегі белдіктер таулы өсімдікті топырақта өскен қылқан жапырақты ормандардан (Тянь-шан шыршасы, самырсын майқарағай т.б.) тұрады. Таудың 2800м ден жоғарлаған белдеуінде тұндралық тау топырақтарында өскен аласа өсетін алтайтауы шалғыны мен бұта -бүргенді жамылғылармен алмасады.

Табиғаты. Алматы обл-ның аумағы солтүстігінде Балқаш к. арқылы Сарыарқаның оңт. Сілемдерімен (Шолақ, Қызылсаяқ, Қоскеліншек, Қызылтас, Табақкентатар, Қараүңгір, т.б.), солт. Шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұнқырымен бөлінген), шығысында Жетису (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңт.-шығысында солт. Тянь Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатаумен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңт.-батысында Шу Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу Іле тауларының Айтау, т.б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солт. Батысында Балқаш к. Арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы әр түрлі пікір бар. А.Гейс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзенінің орнына солт. шығыстағы Аягөз, оңт. шығыстағы Іле өзендерін атайды.

Жер бедері.Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш коліне үласатын солт. бөлігі көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық щөгінділерінен түзілген. Басым бөлігін Сарыесік – Атырау, Тауқұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың оңт. және оңт.-шығыс бөлігі таулы келеді. Солт.-шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауларының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Олыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері көмкерген. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік шоқысы Бесбасқан орналасқан. Тау сілемдеріне 1300 – ден астам мұздық бар, олардың жалпы аумағы 1,3,мың -ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқын, т.б.) өз маңындағы жазық өңірге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңт. – шығысы Солт. Тянь Шань сілемдерінің Іле, Күнгей, Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Облыстың оңт.батысы мен батысында Шу, Іле, аласа таулары және Жусандала, Қопа, Бозой, Қараой, үстіртті жазықтары жайғасқан. Тарбағатай жотасы мен Жетісу Алатауы аралығын ауқымды Алакөл ойысы алып жатыр. Бұның батысындағы жазық жағалау Балқаш көліне, оңт.-шығыс жағы Жетісу қақпасына жалғасады.

Климаты. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.[5]