Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАҚЫРЫП 4.5.ТАҢДАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

2.3 Эксперименттік сипаттағы курстық жұмыстар

Анықтау, бақылау, қалыптастыру эксперименттерін пайдалану арқылы орындалады. Анықтау эксперименті негізінде студент эксперименттік жолмен зерттелінетін педагогикалық жүйенің жағдайларын анықтайды. Құбылыстар арасындағы байланыс фактілерін табады. Қалыптастырушы эксперимент жағдайында студент нақты педагогикалық міндеттерді шешу бағыттарын, арнайы шараларды пайдаланады. Эксперимент сипаттағы курстық жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларды ескеру керек:

  • таңдаған тақырып бойынша жарық көрген жұмыстарға теориялық талдау жасау;

  • шешілмеген мәселелерді анықтау;

  • зерттеудің мақсат, міндеттерін, болжамын белгілеу;

  • эксперимент жүргізуге дайындық;

  • зерттеу нысанасын, әдістерін таңдау;

  • эксперимент жүргізу;

  • эксперимент қорытындысын шығару.

Кустық жұмыстың құрылымының үлгісі:

  1. титул беті;

  2. жоспары;

  3. кіріспе;

  4. негізгі бөлім;

  5. зерттеу нәтижесін талдау;

  6. қорытынды;

  7. ұсыныстар;

  8. әдебиеттер тізімі;

  9. қосымша.

2.4 Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар

Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай тиіптегі курстық жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән–жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды.

Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар:

  • тарихи материалдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау;

  • жүйелілік талдау;

  • құрылымдық талдау;

  • статистикалық талдау.

Кустық жұмыстың құрылымы:

  1. титул беті;

  2. кіріспе;

  3. зерттелінер құбылыстың пайда болуын, дамуын іздестірудің педагогикалық шарттары;

  4. жұмыстың мазмұнын, формасын, әдістерін жетілдіру;

  5. қорытынды;

  6. әдебиеттер тізімі;

  7. қосымша.

3 Курстық жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары

  1. Кәсіптік оқыту оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабақтар өткізу әдістемесі.

  2. «Технология» және кәсіптік оқыту бағдарламаларының тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары.

  3. Сабақ өткізудегі оқытудың инновациялық әдістерін қолдану.

  4. Оқутушы (өндірістік оқыту шебердің) сабаққа дайындалуы.

  5. Сабақтан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру.

  6. Сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру.

  7. Мектептен тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру

  8. Белсенді оқыту әдістері бойынша сабақты ұйымдастыру

  9. Проблемалық оқыту әдістерін қолданып сабақты ұйымдастыру

  10. Оқушылар білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексерудің әдістемесі

4 Курстық жұмыстарды орындау жоспары және кезеңдері

Курстық жұмыстарды орындаудағы оның жоспарын, мазмұнын құру зерттеу жұмысының құндылығын арттырады. Бұл жөнінде әрбір ғылымның, әрбір мәселенің зерттелу аясымен даму кезеңдеріне көптеген ғалымдар құрылымдық мән беруде. Мысалы:

  1. Я.С. Турбовскойдың зерттеулерінде озық тәжірибені ғылыми – практикалық тұрғыда оқып меңгеру әдістемесі озық тәжірибені оқып меңгерудің тарихи–логикалық құрылымын, педагогикалық ғылымда мұғалімнің білім, іскерлік дағдыларының қалыптасу құрылымын ұсынады.

  2. Г.К. Нұрғалиева салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің индуктивтік әдіс құрылымын 4 кезеңге, ал Б. Наварочинский, Т. Вилех, М. Пенхерский 3 кезеңге бөліп көрсетеді.

Сондықтан ғалымдардың ғылыми–зерттеу жұмыстарды орындау барысындағы зерттеу жұмыстарының кезеңдерге, құрылымдарға бөліп қарастыру тәжірибесіне сүйене келе, курстық жұмыстарды орындауды жоспарлауда және ұйымдастыруда өзара байланысты 5 кезеңге бөліп қарастыра келе, төмендегі үлгі ұсынылады:

1 – кесте - Курстық жұмыстарды орындау кезеңдерінің үлгісі

Кезең реті

Кезеңнің міндеттері

Жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

1

2

3

4

1

1. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау

1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау

2.Зерттеу жұмысы туралы мәселемен танысу

3. Тақырып кафедраға тіркету

2. Шамаменжұмыстыңорындалужоспарынқұру

1. Берілген әдістермен танысу

2. Курстық жұмыстың тақырыбының түйінді сұрағын анықтау

3. Жұмыс жоспарын жетекшімен бірге талдап, нақтылау

2

1. Ақпараткөздерінтаңдау

1. Бір дәптер арнап, оны курстық жұмыстың жоспарына байланысты бөліп, әрсұрағын бөлек беттерге жазу

2. Әр сұрақ бойынша әдебиеттерді белгілеу

3. Қажетті ойларды, деректерді, сандық көрсеткіштерді жазып алу

1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

2. Курстық жұмысқа кіріспе жазу

1. Тақырыптың өзектілігін негіздеу

2. Зерттеу мәселесін, нысанасын және пәнін белгілеу

3. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау

3. Зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтау

1. Педагогикалық–психологиялық зерттеу әдістемесі бойынша әдістерді оқу, таңдау

4. Орындалған жұмыс туралы жетекшіге есеп беруге даярлық

1. Жетекшіге курстық немесе дипломдық жұмыстың барлық материалдарын көрсету

3

1. Зерттеуді жүргізуге даярлық өткізу

1. Зерттеу жүргізу

2. Курстық жұмыстың 1-бөлімін жазу

1.Бөлімнің мазмұны, жеке сұрақтар бойынша жүйелі түрде талқылануы қажет.

3. Есеп беруге даярлық. Жазылған бөлім материалын жетекшімен талқылау

1. Барлық материалдарды жетекшіг екөрсете отырып, кеңес алу

4

1. Курстық жұмыстың кіріспесі мен 1- тарауын толықтырып редакциялау

1. Жетекшінің кеңесі бойынша ескертулерді толықтыру

2.Грамматикалық және стилистикалық жағдайларды редакциялау

2. Зерттеу нәтижесін өңдеу

1. Өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану

2. Кесте, график, суреттер құру

3. Курстық жұмыстың негізгі бөлімдерін жазу

1. Зерттеудің нақты материалдарын орнымен пайдалану

2. Иллюстрациялардың орнын анықтау

3.Нақты материалдарды түсіндіріп, негіздеу

4. Өзіндік зерттеу нәтижесін талқылау

1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

4. Практика үшін ұсыныстар мен қорытынды белгілеу

Ұсыныстар даярлау

5. Зерттеу жұмысының аяқталған бөлімін жетекшімен талқылау, толықтыру

Толықтырулар жазып қосу

5

1. Зерттеу жұмысының барлық бөлімін өңдеп, редакциялау

1. Жетекшініңескертулерінорындау

2. Иллюстрациялардың орналастыруды нақтылау

3. Әр бөлімді грамматикалық және статистикалық өңдеуден өткізу

2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау

Әдебиеттер тізімін құру

3. Шенді бетті даярлау және курстық жұмыстың жоспарын нақтылау

Жұмыс жоспарын жазу

4. Курстық жұмысты компьютерге басу

Әр жолдың арасына 1интервал қалдыру

Әр бөлімді жаңа беттен бастау

Әр тақырыпты ерекшелеп, астын сызу

5. Басылған жұмысты оқып шығып, жұмысты түптеуге бөлу

Жұмыстың тексерілген

мәтінін даярлау

6. Дайын жұмысты кафедраға сын пікірге беру

Курстық жұмыстың дайын макеті