Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан с..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆
  1. Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеу ді мысал келтіре отырып жіктеңіз

Іріктеу ( орыс. выборка ) - жанасатын тетіктердің тозған жерін немесе түйісуі жеткіліксіз саңылау жерлерін толықтыратын жөндеу немесе құрастыру операциясы. Тікелей зерттеуге тиісті әлеуметтанушылық зерттеу объектісі элементтерінің белгілі бір дәрежеде шектелген жиынтығы

Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

Жиынтық- оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы (7).

Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

Мысал:

“N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:,N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B- халықтың жалпы саны, ал C- 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен,жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісінбілдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады (8).

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

  1. Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз

Эксперимент (ғылыми тәжірибе). Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи. Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.

Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:  1) лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;  2) табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.  Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.  Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді.

  1. Ауытқушылық мінез-құлықты гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының зерттеу пәні ретінде дәлел келтіре отырып сипаттаңыз. «Девиантты» және «деликвентті» мінез-құлық түсініктеріне анықтама беріңіз

  2. Ч. Ломброзо және У. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.

  3. Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз

  4. Бұрын болған әлеуметтік рөлдер мен қазір пайда болған жаңа әлеуметтік рөлдер тізімін келтіріңіз. Салыстармалы талдау жасаңыз. Жаңа әлеуметтік рөлдердің пайда болуына әсер еткен факторларды талдаңыз

  5. Орта таптың басқа таптардан өмір бейнесі, құндылықты бағыттары, білімі, жұмыспен қамтылуы және т.б. белгілері бойынша әлеуметтік айырмашылықтарын сыни сипаттаңыз. Қазақстандағы орта таптың толығу каналдарын көрсетіңіз. Өз жауаптарыныңызды дәлелдеңіз

  6. «Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз

  7. Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.

  8. Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз

  9. Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.

  10. Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз

  11. Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.

  12. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).

  13. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

  14. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

  15. Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.

  16. Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз

  17. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

  18. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

  19. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

  20. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.

  21. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.

  22. Субмәдениеттің қалыптасуын тудыратын себептерді көрсетіңіз. Адамның қандай да бір субмәдениетке жататынын көрсететін белгілерді атаңыз. Контрмәдениет басым түсетін қоғамның әлеуметтік топтарды мысалға келтіріңіз. Өз жауабыңызды дәлелдермен тұжырымдаңыз

  23. Әлемнің әртүрлі елдерінде байқалатын ұлтаралық менсінбеушілік пен этникааралық жанжалдардың негізгі себептерін факторлармен түсіндіріңіз. Ситуацияны талдай отырып, осы себептердің алдын алатын әдістерді айқындаңыз

  24. Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз

  25. Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз

  26. Бір мамандар адамдардың кедей болуы өздеріне байланысты дейді, яғни адамдар ештеңе істемейді, биікке көтерілу үшін қарқынды жұмыс істегісі келмейді, жағдайын жасауға ұмтылмайды. Басқа мамандар, кедейшілік – бұл экономикалық дағдарыс, соғыс, төтенше қауіпті жағдайлар, ірі қоғамдық трансформациялар, сонымен қатар, физикалық әлсіздік, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде адамдардың еркінен және тілегінен тыс болатын жағдай деп ойлайды. Осы көзқарастардың қайсысы әділетті. Сіз өз көзқарасыңызды факторлар арқылы дәлелдеңіз

  27. Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз

  28. Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынантүсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

  29. Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

  30. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.