Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет_каз2015.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157 Кб
Скачать
☆

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңы

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Бүйрек ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.

Есеп 8

44 жастағы ер адам дәрігерге мынандай шағымдарын айтады: төс артындағы қысып ауру ұстамасы,ол оң жақ иыққа,қолға,жауырынға беріледі ұзақтығы 3-5 минут.Ауырсыну жүргенде және баспалдақпен екі саты көретілгенде байқалады, тыныштықта ауырсыну қайтып кетеді.Ауырғанына 3 ай болды.

Объективті тексергенде: температура 36,6 С.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі таза,май шел қабаты қалыңдаған,артық жиналған. Тынысы везикулярлы,ТЖ-16 минутына.Жүрек тоны анық,ретті. Тамыр соғысы 84 минутына,АҚ 120/80 мм сын.бағ.Абдоминалды патология жоқ.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Есірткі дәрі-дәрмектерімен улану кезінде жедел көмек көрсету

.Есеп 9

Үйге жедел жәрдем шақырылды. Сырқат 40 жаста жүрек тұсының қатты қысып ауруына, сол жақ иыққа, қолға, бұғанаға жайылады. Ұстама 2 сағат бұрын басталды.Нитроглицеринді қабылдау ешқандай әсер бермеді.Аурудың басталуын жұмыстағы стресстік жағдаймен байланыстырады.

Объективті тексеру: жағдайы орташа ауырлықта. Сана сезімі анық, температура 36,8С. Науқас мазасызданып,күйгелектенген. Тері жамылғысы бозғылт. Везикулярлы тыныс,тыныс алу жиілігі минутына 20 рет.Жүрек тоны ретті,анық минутына 92 рет. АҚ 110/70мм.сын.бағ. Абдоминалды патология жоқ.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Есірткі дәрі-дәрмектерімен улану кезінде жедел көмек көрсету

Есеп 10

Дәрігерге 21 жастағы әйел адам келді. Тамақтан кейін эпигастри аймағындағы ауырсыну сезіміне,кекіруге,қыжылдауға шағымданады. Тамақтану тәтрібі бұзылған. Ауырғанына 2 жыл болған.

Объективті қарағанда: температура 36,6 С.Жағдайы қанағаттанарлық.Терісі таза.Тілінде ақ жабын бар.Іші жұмсақ,эпигастри аймағында сәл ауырсыну. Басқа мүшелерде еш өзгеріс жоқ.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.

5. Барбитураттармен улану кезінде жедел көмек көрсету

.

Есеп 11

А., есімді ер адам 36 жаста дәрігерге мына шағымдарын айтты: тамақ ішкеннен 30 минуттан кейін ішінің жедел ауруына,жеңілдік әкелетін құсыққа шағымданады.Кейде науқас өзі әдейі құсады ауырсыну сезімін басу үшін.Тәбеті жақсы,бірақ тамақтан кейін ауыратын болғандықтан ішуді тоқтатады.Ауырғанына көп жылдар болды.Әсіресе көктем мен күз айларында жиі ауырады. 20 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді.

Объективті тексергенде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Терісі және шырышты қабаты бозарған,май шел қабаты қалыптан аз дамыған. Өкпеде және жүректе патологиялық өзгеріс жоқ.Тілде тұнба бар. Ішке пальпация жасағанда эпигастрий аймағының ауырсынуы. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды.

Тапсырма:

1.Болжама диагноз қойыңыз

2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Мұмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Науқасқа көмек көрсетіңіз,емдеу әдісін,алдын алу жолын айтыңыз.