Ііі Қорытынды
Қарастырылып отырған мәселе әлемдік тарих пен мәдениет ғылымдарының аз зерттелген, көп жағдайда мәдениеттанушылар мен тарихшылар тарапынан талас тудырып келе жатқан, адамзат тарихнамасының алтын парақтарының бірі деуге негіз бар. Себебі, «Астана идеясы қазаққа не берді?» деген сұрақ барша халықты ойландырмай қоймады деп білемін. Олай деуіме түрткі болғаны – Астана талай зерттеушілердің ықыласын туғызған сан қырлы феномен. Қат-қабат астары мол Астана феноменінің өзегі тарихы терең қазақ мемлекеттігінің нышаны, қазақтың төл болмысы, қазақ ұлтының жасампаздық келбеті болуы тиіс және солай болып та жатыр. Бұған дейін де ұлылардың мекені мәртебесі бар Астана жобасы соңғы 25 жылдың бедерінде жалпыұлттық идеологияның құрамдас бөлігіне айналды. Астана идеясының мәні - отарсыздануға жасалған бетбұрыс, қазақтануға бағытталған ұлы көш еді. Осының арқасында мемлекетқұраушы ұлтқа кең мүмкіндіктер туып, орысы көп Арқада ұлттық идеология үстемдік алып, сан жылдар сіресіп қалған құлдық сананың көбесі сөгіле бастады. Сондықтан Астана елорда болғалы Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында өрлеу басталды деуге толық негіз бар.
Астананы жасау, орнықтыру тәуелсіз елдердің бәріне тән. Дүние жүзінің бүкіл елдері «мемлекетті нығайтудың негізі - астананы нығайту» деп біледі. Астанасы мықты болмаған ел - әлсіз ел. Өйткені астана - мемлекеттің символы, тәуелсіздіктің символы. Сондықтан да астананы нығайту мәселесі - үлкен саясаттың құралы, яғни мемлекеттің абыройы, ар-ұжданы. Мұнымен бірге, «мемлекеттің болашақтағы келбеті, ондағы қалалар қандай болуы тиіс, елдегі үлкен қалалар кімге қарап үлгі алуы керек» деген сан сауалдар мені қызықтырды.
Арий тайпаларын зерттей отырып, бұл халықтың тектілігін байқадым. Аталған бірлестіктің қалай тұрмыс кешкендерін, олардың өзіндік ерекшеліктерінің бар екендеген білдім. Көптеген жағдайларды қарастыра отырып, Елбасымыздың идеясына қайран қалдым. Бұған себеп – Сарыарқаның төсінде менкен еткен арий тайпаларының қасиеттілігі мен рухани байлықтарын ескере келе, бүгінгі Қазақстан Астана сол бірлестің өзіне тән мәдениетін сақтағандығы. Бүгінгі таңда аталмыш қаламызда көптеген әсем де зәулім ғимараттар, оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда. Қаланың дәл осылай өркендеп дамуы – арийлер тайпасының мәдениетінің жалғасы іспеттес.
Назарбаев – шебер көшбасшы. Астана құрылысының бүге-шүгесіне дейін өзі қадағалап, рет-ретімен жасап шыққанын білдік. Иә, Нұрсұлтан Назарбаев – болашақты болжай білетін саясаткер. Ол сөзден іске көшетін адам. Нұрсұлтан Назарбаев - идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын ұлы Көшбасшы. Назарбаев - шын мәнінде Халықтық Президент деп құрметтеймін.
Зерттеу барысында фундаментальді тақырыбымызға тікелей қатысы бар зерттеу жұмыстарын саралау, талдау арқылы біршама қорытындыға келдік.
Жұмыстың нәтижелері:
Астана қаласының-Еуразия құрлығының ортасында орналасуы тек қана әлеуметтік-экономикалық маңызды шешім ғана емес, сонымен бірге әлем халықтарының тарихи- мәдени, этникалық-миграциялық қарым-қатынастарын реттейтін орталыққа айналуына әкеліп соқты.
Ақмола өңіріндегі Ботай қонысы және оған ұқсас көне адамзат, мәдени ошақтары- көнеарий тайпаларының атамекені болып табылады.
Бұдан 5000-3000 жыл ғұмыр кешкен қазақстандық арийлердің Жер шарының батысы мен шығысына қоныс аударуы- Ұлы арийлер мұралары мен озық тәжірибелерінің тотальдік интеграциялануға мәжбүр болуы- табиғи пассионаризм белгісі деп санаймыз.
Сарыарқа даласында Тынық мұхитынан келетін жылы ауа массалары мен Солтүстік мұзды мұхиттан келетін суық ауа массалары түйісіп атмосфералық циркуляция орталығын қалыптастырады. Табиғаттың мұндай құбылыстарын тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу –кешегі қазақ даласында ғұмыр кешкен арийлердің климаттың күрт өзгеруіне байланысты батыс пен шығысқа миграция жасауға мәжбүр болған себептерін ашуға мүмкіндік туғызды.
Макроэкономикалық интеграцияның әлемдегі этникалық топтар мен діни конфессиялардың бірігуіне де үлкен септігін тигізетініне Астана қаласында өткен әлем діндері конфессияларының Ұлы жиыны (Астана, 2005 жыл) дәлел.
Зерттеу нәтижелерінің негізінде жасалған ұсыныстар:
Тарих, мәдениеттану және басқа оқулықтарда үнді арийлері және ирандық арийлер сияқты қазақстандық арийлер атты арнайы тақырып енгізілсе;
Жастарға жан-жақты кешенді тәлім-тәрбие мен білім беру мақсатында Ақмола өңіріндегі көне арий ұлыстары (протоқазақтар) жөнінде түрлі оқулықтар , бейнеқұжаттар, фотосуреттер мен компьютерлік жобалар құрастырылса.
Елбасымыздың идеялары мен «Мәңгілік Ел» идеясын қарастыра отырып, мектеп табалдырығында жүрген жас жеткіншектерге түсіндіріліп, мағынасын анықтап жеткізсе деген ұсыныстарым бар.
