2015 Жылы Raimbek компаниясының қолдауымен, Қазақстан үшін бірегей ғылыми-ойын-сауық нысаны – Алматы хайуанаттар бағының ғаламдық қайта құру жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
Қорытынды
Қорыта
келгенде, біз маркетингтік орта фирма
өзіне пайдалы мүмкіндіктерді іздеуге
және қауіп-қатердің алдын алуға
негізделген сферадан тұратынын ұқтық.
Оған кәсіпорынның нарықпен байланысты
қалыптастыруға әсер ететін барлық
факторлар күші жатады. Маркетингтік
орта факторлары үнемі өзгеріп
отыратындықтан, фирма оны толыққанды
зерттеп, оның барлық даму тенденцияларын
ескеру қажет. Біздің мысалымыздағы
«Raimbek group» компаниясының басты мақсаты
табиғи өнімдерді пайдаланып, адам
ағзасына пайдалы, әрі дәмді өнімдер
шығару, ең бастысы отандық өнім.Егер
фирма ары қарай өзінің тауарларының
сапасын арттырып, маркетингтік ортаның
тағы басқа факторларын зерттеп, ескеріп
отырса, болашақта үлкен жетістіктерге
жетіп, Қазақстан беделін әлем дәрежесіне
көтереді деп сеніммен айтуға болады.
Яғни, фирма маркетингтік ортаның
неғұрлым жақсы және терең зерттеп, оның
факторларының өзгерістерін мұқият
бақылап, анализ жасаса, соғұрлым қатерлі
жағдайлар тез табылып, жұмыстың пайдасы
артады.