- •II. Қорытынды
- •III.Пайдаланылған әдебиеттер
- •1.Қазақстан Республикасының су ресурсы
- •2.Орталық Қазақстан облысының гидроресурс қоры
- •3.Балқаш көлінің гидрологиялық маңызы және проблемалары
- •Балқаш экологиясы
- •4.Суды тазалаудың жаңа технологиялары
- •5.Орталық Қазақстан облысын сумен жабдықтау және су мәселесі
- •6.Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету
6.Су қауіпсіздігін және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы экономика салаларын сумен қамту маңызды мәселе болып табылады, оны шешу мемлекеттің жемісті дамуы үшін қажет. Қазіргі заманғы жағдайда су ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетика мен экономиканың басқа салаларын, қоршаған табиғи ортаның тұрақтылығын айқындайтын басты фактор болып табылады. Тағы су санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қолдауда басты рөлді атқарады. Қазақстан Республикасының жер үсті су ресурстары жылдың орташа сулылығы бойынша 99,6 текше метрге (бұдан әрі – км3) бағаланады, оның ішінде 52,2 км3 Қазақстан аумағында құрылады және 47,4 км3 көршілес аумақтардан келеді (Қытай Халықтық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы). Қазақстан өзендерін суландыратын негізгі көз мұздықтар болып табылады, олардың алаңы шамамен 2 мың км2 тең, көлемі – 98 км3 аса. Қазақстан аумағы бойынша 85 мыңға жуық өзен мен уақытша ағын сулар ағып өтеді, оның ішінде 8 мыңнан аса өзендер ұзындығы 10 км-ден асады. Аумақ бойынша өзен желісінің қалыңдығы тең емес. Ол солтүстікте 0,03-тен 0,05 км/км2 дейін, шөлейт аймақтарда азаяды, сондай-ақ жақсы ылғалды аудандарда 0,4-тен 1,8 км/км2 дейін құрайды. Қазақстан аумағының 1 км-де жылына 40 мың м3 өзен суы бар. Жерасты суларының жалпы пайдалану қорлары 15,44 км3/жылына немесе болжамды ресурстардан 38%-ға жуық құрайды. Пайдалану қорларының ішінде тұщы су 13,52 км3/жылына немесе жалпы санынан 88%-ға жуық құрайды. Нысаналы мақсаты бойынша жерасты суларының барланған қорлары былайша бөлінеді, км3/жылына: шаруашылық-ауыз сумен қамту (ШАҚ) – 5,76; өндірістік-техникалық сумен қамту (ӨТҚ) – 1,4; жерлерді суландыру (ЖС) – 8,26; бальнеологиялық мақсаттар (минералды сулар) – 0,014. Су шаруашылығы есептері бар су ресурстары қазіргі заманғы деңгейде экономика саласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратындығын көрсетеді. Жалпы, 2000 жылдан кейін (әсіресе соңғы 3-4 жылда) елімізде экономиканың ауқымды өсуі байқалған, алайда, суды тұтыну көлемінің ауқымды өсімі байқалмаған. Бұл өнеркәсіптік өндірістің технологиялық циклінде суды аса тиімді пайдаланумен және суармалы егіншілікте дағдарыс кезеңінің жалғасуымен байланысты. 2012 жылы су алу Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 21,4 км3 құрады, лимит бойынша 26,5 км3. Оның ішінде есепті жылы барлығы – 18,4 км3 пайдаланылды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер 0,72 км3, өнеркәсіптік – 5,2 км3, ауыл шаруашылығы барлығы 9,1 км3, балық шаруашылығы 0,27 км3, басқалары 1,77 км3. 2012 жылы барлығы 1,13 км3 жерасты суы алынған. 2. Негізгі проблемаларды талдау Ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімдердің болмауы салдарынан Орта Азия аумағының трансшекаралық өзендері бойынша күрделі жағдай туындаған, онда елдер тәуелсіздік қағидаттарына негізделген ұлттық су стратегиясын іске асырады. Тәжікстан Әмудария өзені бассейнінде Рогун ГЭС салу туралы мәселені белсенді түрде қарауда, Қырғызстан Сырдария өзені бассейнінде Қамбарата ГЭС пайдалануға енгізуді жоспарлаған. Өзбекстан белгіленген мемлекетаралық лимиттерден артық Сырдария ағысын 3 км3 жуық өз аумағына жинауды жоспарлаған. Ертіс, Жайық, Тобыл, Үлкен және Кіші Өзен трансшекаралық өзендері бойынша Қазақстан және Ресей су қатынастарында шешілмеген бірқатар проблемалар бар. Қытай Іле және Қара Ертіс трансшекаралық өзендер бассейндерінде белсенді су шаруашылығы қызметін жүргізуде. Трансшекаралық бассейндерде мемлекетаралық су бөлу саласында Қытай қалыпты түрде қатаң ұстанымды алып отыр. Су-энергетикалық ресурстарын пайдалану бойынша мемлекетаралық міндеттерді орындау талдамасы 1992 жылдан осы уақытқа дейін бір ретте бірде-бір келісім барлық тараптармен толық көлемде орындалмағанын көрсетті. Оның негізгі себебі су ресурстарын басқару бойынша мемлекетаралық құқықтық базаның жетілдірілмеуі және сулы-жағармай-энергетикалық алмасудың өзара пайдалы және тиімді тетігінің болмауы болып табылады. «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарды және 82,9 мың адамды құрады. Санитариялық нормаларға жауап бермейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке дейін төмендеді. Бағдарламаны іске асырудағы нақты жағымды нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен қамтамасыз ету проблемасы осы уақытқа дейін сақталып отыр. Орталықтан сумен қамтуға ауылдық елді мекендердің қолжетімділігі 12 %-ға ғана өсті және 41 %-ды құрады. Бүгінгі күні АЕМ жалпы санынан – 7 031-ден ауыз сумен қамтамасыз етілмегендерге (проблемалы) 3 849 АЕМ жатқызылған халық саны 3 миллионға жуық адам немесе барлық ауыл халқынан 40 %. Су қажеттілігінің жылдам өсуіне байланысты болашақта су тапшылығы күтілуде, осы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі және әлеуметтік дамуы үшін негізгі кедергі болуы мүмкін. 3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Соңғы 50 жылда трансшекаралық суға байланысты әлемде 500-ге жуық даулы жағдайлар туындаған, 200 жуық шарттар талқыланған және қол қойылған. Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттермен су қатынастары жекелеген Үкіметаралық келісімдер негізінде реттеледі. Үкіметаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес құрылды және қызмет етеді: 1) Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясы; 2) Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясы; 3) Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану бойынша Қазақстан-Қырғыз комиссиясы; 4) Арал теңізі бассейндері өзендерінің су ресурстарын пайдалану бойынша Мемлекетаралық Үйлестіру Су шаруашылығы комиссиясы (бұдан әрі – МҮСК).
Қорытынды:
Орталық Қазақстан су қорына,гидрологиялық байлық жағына келгенде жұтаңдау. Маңызы бар жер асты ,жерүсті сулары,көл,өзен,канал деген сияқты су жолдары тіпті жоқ десе де болады.Әйткенмен ,мысалға Балқаш көлі мен Ертіс өзенінен қолдан тартылып салынған Ертіс-Павлодар жасанды каналы айтуға болады. Аталған екі су қоры да өндірістік мақсатта,яғни ауыр өнеркәсіп темір металлургиясында және түсті металлургияда қолданыс аясында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://kk.wikipedia.org/, malimetter.kz/
Referatkaz.kz/, kazakstannyn-su-resurstary.
Гидроресурсы суши М.А.Великанов 126-153стр
Гидрология Средней Азии, А.Гостунский
Гидрология рек, А.Н.Важнов 44-59 стр.
