С бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығының жағдайы, онда жүргізіліп жатқан ауқымды жоспарлар мен стратегиялық бағдарламалардың орындалуы мал шаруашылығыныңқазіргі ахуалын көрсетеді. Осы жоспарлар мен бағдарламалар танысуда ғаламтордың көмегі зор. Ғаламтордан мал шаруашылығы туралы мәлімет көп болғанымен олардың сенімділгіне күмәнім болды. Себебі, онда көбінесе тек бір жақты көз-қарас көрсетілген. Сол себепті, үкімет сайттарын қолдануға тырыстым. Оларға ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі сайттары. Одан бөлек алынған сауалнама да зерттеу жұмысының сапасын арттыруда үлесін қосты. Сауалнаманың артықшылығы онда адам саны көп болып әрқайсысының жеке ойының болуы. Онда өз ойын білдіруге шектеу болған жоқ. Сауалнамаға көп уақыт кеткенімен, ондағы жауаптар мағыналы және ауқымды болды. Дегенмен, сауалнамада тек Оңтүстік Қазақстан облысының түрғындары болғандықтан көп көз-қарас оңтүстік жақтан болды. Яғни, сұрақтарға жауап бергенде көбіне оңтүстіктің жағдайын сипаттады. Басқа өңірдің жастары болғанда, неғұрлым кең көрінісін алуға мүмкіндік берер еді.
Зерттеу жұмысы кезінде мал шаруашылығының нақты жағадайын білу мақсатымен, осы саладағы маманнан сұхбат алынған болатын. Осы саламен ұзақ уақыттан бері айналысып жүргендіктен алдыңғы кезеңдерді толықтырып отырды.
Зерттеу нәтежиелерін алып, олардың маңыздылығы бойынша бөліп, мал шаруашылығының жағдайын толықтай зерделеу үшін GAP әдісін қолдандым. Бұл әдіс мал шаруашылығының қазіргі деңгейін анықтауға, болашақтағы жағдайы мен жасалынатын жұмыстарды бөліп, толықтай ашып көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның Оңтүстік өңірдегі мал шаруашылығының жағдайы мен одан түсетін өнімдердің республика нарығындағы маңызына GAP талдау (қазіргі-болашақ)
Мал шаруашылығының қазіргі жағдайы мен нарықтағы маңызы |
Мал шаруашылығының болшақтағы жағдайы мен нарықтағы маңызы |
Болашаққа деген мақсатқа қол жеткізуге арналған жолдар |
Қазір мал шаруашылығы тұрақты даму үстінде және жыл сайын көбірек көңіл бөлінуде. Қазақстан ішінде сұраныс бар, уақыт өте тауар сапасы артып, жақсаруда. Ішкі сұранысты қамтығагымен, шет елге экспортталуы аз. Салыстырмалы түрде сапасы әлсіздеу, бағасы қымбатырақ болып тұр. Мал шаруашылығына мемлекеттен бөлінетін көмек аз және ол көмек барлық шаруашылықтарға көрсетілмейді.
|
Қазақстан мұнайға тәуелділгін азайтып, ел экономикасы әр түрлі дамыған салалардың жиынтығынан құралуы керек. Сол кезде қиындықтардан оңай шығамыз, мысалы: дағдарыс. Сол салалардың бірі мал шаруашылығы болуы керек. Қазақстан жері мал шаруашылығымен айналысуға тиімді болғандықтан, осы саланы қолға алуымыз керек, яғни көбірек көңіл бөлу. Сонда Қазақстан экономикасының дамуына үлкен үлес қосар едік. Тек ішкі сұраныс емес, өнімнің экспортталуы ЖІӨ-нің өсуіне әкеліп, экономиканың тұрақты дамуыана жол бастайды. |
Ең алдымен, мал шаруашылығына мемлекеттік көмекті көбейту. Көмек қатарына несие, субсидия жатады. Алынатын өнімдерді бірегей стандарттық тексеруден өткізіп, оларды шет елдік импорттарынан кем қылмай жасау. Осы шараларды қолға алу үшін бағдарламаларға және жоспарларға өзгерту енгізу керек. Әсіресе шаруашылықтардың дамуына көп көңіл бөлінуі керек.Шаруашылықтарды тексеруден өткізіп, қойылатын салықтарды азайтып, сапалы өнім шығаруға үгіттеу керек. Ал, мемлекеттен берілетін несиелерге олар жаңа технологиялармен қамтамасызданып, тауарға тек оң әсерін тигізеді. |
