- •Бағдарлама мазмұны
- •Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы
- •Көмірсутекті шикізаттарды алғашқы өңдеу технологиясы. Мұнайды өңдеудің бағыттары және ғылыми негіздері
- •Мұнай көмірсутек шикізатын бөлу және алғашқы өңдеудің негізгі әдістері
- •Көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеу технологиясы. Екінші қайта өңдеудің термиялық процестері
- •Мұнай фракцияларын өңдеудің термокаталитикалық процестері
- •Мұнайды өңдеудің ағындық жүйесі және төмен қайнаушы фракцияларын өңдеу процестері
- •Химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары
- •2.2. Гидромеханикалық процесер мен аппараттар
- •2.3. Жылу процестері мен аппараттары
- •2. 1 Химиялық технология процестерінің теориялық негіздері
- •2.4 Масса алмасу процестері және аппараттары
- •3. Хө Еңбекті қорғау
- •Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары
- •3.2 Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы және өндірістік санитария
- •3.3 Қауіпсіздік техникасының инженерлік негіздері
- •3.4 Өрттің алдын алу және өртті сөндіру негіздері
- •3.5 Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік ғимараттар мен үймереттерді жобалағанда еңбекті қорғау талаптары
- •Әдебиет
Көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеу технологиясы. Екінші қайта өңдеудің термиялық процестері
Мұнай мен газды алғашқы өңдеу өнімдерін қайта өңдеу – құрылымын өзгертіп өңдеу процестерінің классификациясы.
Көмірсутекті шикізаттарды өндіру және өңдеу технологиясының теориялық негіздері туралы негізгі ұғымдары; органикалық заттарды өңдеу процестерінің (термиялық крекинг, каталитикалық крекинг, каталитикалық риформинг, гидро-гендеу және полимерлеу процестері) физика-химиялық негіздері.
Көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу процестерінің режимі мен жылулық қасиеттері; термиялық процестердің типтері мен мақсаты;
Дистиллятты шикізаттың термиялық крекингі, мақсаты, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы; принципиалды технологиялық схемасы. Ауыр шикізатты висбрекингтеу қондырғысы; ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы, технологиялық схемаларының түрлері; мұнай шикізатын пиролиздеу қондырғысы, мақсаты; техникалық көміртекті өндіру; мұнай битумдарын өндіру.
Мұнай фракцияларын өңдеудің термокаталитикалық процестері
Каталитикалық процестер, классификациясы мен мақсаттары. Каталитикалық крекинг процесінің катализаторлары, процестің химизімінің, механизімінің негіздері. Процестің кинетикасы, негізгі факторлары. Каталитикалық крекинг процесінің өндірістік қондырғылары. Процестің материалдық және жылулық тепе-теңдігі. Алынған өнімдердің сапалары мен қолданылуы. Каталитикалық крекингтің негізгі аппараттары мен жабдықтары.
Каталитикалық риформинг процесі. Катализаторлары. Процестің теориялық негіздері. Риформингтің негізгі факторлары. Каталитикалық риформингтің өндірістік қондырғылары. Ароматты көмірсутек өндіруге арналған каталитикалық риформинг.
Бензиннің пентан-гександы фракциясын каталитикалық изомерлеу. Каталитикалық изомерлеу процестің негізгі факторлары мен технологиясы. Процестің технологиялық жүйесі мен теориялық негіздері.
Гидрогендеу процестері: гидротазалау, гидрокрекинг. Гидрогендеу процестерінің химизмі мен механизмі, катализаторлар мен олардың әсер ету механизмі. Процестің технологиялық өнідірістік жүйесі.
Мұнайды өңдеудің ағындық жүйесі және төмен қайнаушы фракцияларын өңдеу процестері
Зауыт газдарының қасиеттері, компоненттерге бөлу және оларды отын және мұнай химия синтезінің шикізаты ретінде өңдеу: Өндірістік ГФУ және АГФУ қондырғылары.
Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу, алкилат жоғары октанды бензиннің компоненті. Процестің мәні, негізгі факторлары мен технологиясы. Каталитикалық алкилдеудің өндірістік қондырғылары.
Газ түріндегі олефиндерді полимерлеу. Өндірістік қондырғылары.
МӨЗ сипаттамалары мен классификациясы. Отынды және комплексті әдістер бойынша мұнай өңдеудің ағындық схемалары. Автомобиль бензиндерін алудың перспективті процестері.
Мұнай шикізатының құрылымын өзгертіп өңдеуде қоршаған ортаны ластаушы көздер (тасталымдар).
Химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары
Химиялық технологияның негізгі процестерінің түрлері. Стационарлы және стационарлы емес процестер. Үздіксіз және мерзімді әрекетті процестер. Химиялық технология процестері мен аппараттарының халық шаруашылығы және экологиялық проблемаларды шешудегі орны. Химиялық технология процестері мен аппараттары пәнінің дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. Қазақстан және шет ел ғалымдарының химиялық технология процестері мен аппараттары туралы ғылымға қосқан үлесі.
