- •Календарный план подготовки дипломного проекта
- •Мазмұны
- •I Дербес деректердің қорғау тарихы және құқықтық негіздері
- •1.1 Дербес деректерді қорғаудың тарихи алғышарттары және халықаралық-құқықтық негіздері
- •1.2 Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының қалыптасуы және бүгінгі күнгі жағдайы
- •II Заты дербес деректер болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтар
- •2.1 Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
- •2.2 Азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
2.2 Азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
Қазіргі әлем қоғамдастығының ақпараттық серпіліс заманына аяқ басқандығына бәріміз куә болудамыз. Себебі заманауи өркениет адам қызметінің барлық салаларында дерлік қолданылатын жаңа телекоммуникациялық технологияларға тікелей бағынышты. Олар азаматтардың өмір салтын, олардың қарым-қатынас жасау тәсілін де өте қатты өзгеріске ұшыратты. Алайда мұндай прогрестің қоғам үшін жағымсыз жақтары да бар – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, соның ішінде жеке өмірін қорғау сияқты тұлғалардың ажырамас құқығы сияқты ұғымдар ақпараттандыру саласы үшін мәнсіз термиге айналды.
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық мемлекеттердің, басқару органдарының, ұйымдардың, жеке тұлғалардың жаһандық ақпараттық электрондық желілерде, айналымдағы ақпаратқа, оның нақтылығына, қорғалғандығына, қауіпсіздігіне тікелей тәуелді екендігі жасырын емес. Сонымен қатар ақпараттық және желілік технологиялардың қоғамның барлық саласына енуінің даму процесі бұдан әрі жалғасатыны да сөзсіз. Даму процесі ақпараттандыру саласында қылмыс түрлерінің артуына алып келді. Сондықтан аталған саладағы қылмыс түрлерінің алдын алу, онымен күрес түрлері мен жолдарын қарастыру ақпараттық технологиялар саласындағы қоғам қауіпсіздігін сақтау үшін аса маңызды екені анық.
Осыған байланысты 2014 жылы қабылданған ҚР жаңа Қылмыстық кодексінің 7-тарауы ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Мұндай жеке тарау бұрынғы қолданыста болған қылмыстық кодекстерде болған емес және осы тарауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық Ерекше бөлімнің әрбір тарауында арнайы баптар арқылы көрсетілген ретте жүзеге асыралатын.
Мемлекетіміздің экономикалық, ғылыми дамуының нәтижесінде бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке тарауға біріктіріп, әрбір қылмыс құрамының ерекшеліктеріне, қоғамдық қауіптілігіне және құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттеріне заңдылық сипаттама беріліп, жауаптылық негіздері айқындалуы өмір қажеттілігінен пайда болған құбылыс. Бұл тарауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 205-213 баптарында көзделген. Енді ҚК-тің «Азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату» деп аталатын 211-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрылымдарының жеке құрамдарына талдау жасаймыз.
Талданып отқан қылмыстық құқық бұзушылықтың (211-бабы 1-бөлігі – қылмыстық теріс-қылық, 211-баптың 2,3-бөліктері - қылмыс) қоғамдық қауіптілігі азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді құқыққа сыйымсыз таратудан азаматтардың жеке қауіпсіздігіне төнетін қауіптен тұрады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісін қолжетімділігі шектелген дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды.
Дербес деректерге электрондық, қағаз және материалдық жеткізгіште тіркелген белгілі бір субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер жатады. ҚР-ның 2015 жылы 24 қарашада қабылданған «Ақпараттандыру туралы» заңының 1-бабының 60-тармағына сәйкес электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қолжетімділігі бойынша дербес деректер жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектелген дербес деректер болып бөлінеді. Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер – ҚР-ның заңнамасында құпиялықты сақтау туралы талаптары қойылмаған немесе субъектінің келісімімен еркін қол жеткізуге болатын дербес деректер. Қолжетімділігі шектелген дербес деректер – ҚР-ның заңнамасында қолжетімділік шектелген дербес деректер. Қолжетімділігі шектелген ақпараттың түрлеріне байланысты ғалымдардың мынадай ойлары бар. В.А. Копыловтың көзқарасы бойынша қолжетімділігі шектелген ақпараттың түрлері мынадай болады:
Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпарат;
Өндірістің жаңа тәсілдерін және коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат;
Жеке құпия ретінде қорғалатын дербес деректер;
Өзге де қолжетімділігі шектелген ақпарат.54
А.А. Фатьянов құпияның негізгі бес түрін көрсетеді:
1) Коммерциялық құпия;
2) Банктік құпия;
3) Кәсіптік құпия;
4) Дербес деректер;
5) Қызметтік құпия.55
Ресей Федерациясының заңнамасы мұндай ақпараттар шеңберін әлдеқайда анықтап қойған:
Дербес деректер;
Тергеу және сот ісін жүргізу құпиясы;
Қызметтік құпия;
Кәсіптік құпия;
Коммерциялық құпия;
Ресми ақпарат жарияланғанға дейінгі жаңа пайдалы модельдің немесе өндірістік үлгінің мәні туралы мәліметтер.56
Қолжетімділігі шектелген ақпарат деп, осы ақпараттарға құқығы бар субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатымен ақпаратқа қолжетімділікті шектеуді айтамыз. Байқап отқанымыздай, ғалымдар қолжетімділігі шектелген ақпараттар қатарына дербес деректерді жатқызған. ҚР-ның заңнамасы қолжетімділігі шектеулі дербес деректер тізбесін анықтаған. Ол ҚР-ның Үкіметінің 2016 жыл 26 ақпанда қабылданған «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген(Қосымша1).
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. «Ақпараттандыру туралы» заңына 1-бабының 57-тармағына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық жеткізгіште, интернет-ресурста және (немесе) ақпараттық жүйеде қамтылған ақпарат. 1-баптың 46-тармағына сай интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс.
Дербес деректерді тарату деп, әрекеттер нәтижесінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беру немесе өзге де әрекеттермен дербес деректерге қолжетімділікті ұсыну түсініледі.57 Ресей ғалымы О.А. Пальчиковская дербес деректерді тарату деп, кінәлі адамның кез келген тәсілмен ең болмағанда бір тұлғаға хабарлауын түсіну қажет деп санайды. Г.Н. Борзенковтың пікірінше, дербес деректерді тарату деп, аталған мәліметтерді үшінші тұлғаларға заңсыз беруді тану қажет. И.А. Юрченко назарымызды мынаған аудартады: «Дербес деректерді тарату – бұл әрекет басқа тұлғаға мәліметтерді жариялау түріндегі сыртқы көріністен ғана тұрмайды, тағы бұл әрекеттің нәтижесі маңызды. Яғни, мәліметтер басқа тұлғаның игілігіне айналады». ҚР-ның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес дербес деректерді таратуға, егер бұл ретте субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылмаса, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, жол беріледі. Дербес деректерді жинаудан бұрын мәлімделген мақсаттары шеңберінен шығатын жағдайларда оларды тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңының 24-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сай дербес деректер тиесілі субъектінің меншік иесіне және операторға қолжетімділігі жалпыға бірдей көздерде дербес деректерінің таратылуына келісім беруге немесе бас тартуға құқығы бар.58 Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тәсілмен келiсiм береді (кері қайтарып алады). Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректердi жинауға, өңдеуге берген келісімді, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе не орындалмаған міндеттемесі болған кезде кері қайтарып ала алмайды. Дербес деректерді қамтитын жүйенің меншік иесі ретінде мемлекеттік орган, заң жүзінде өзінің пайдалану, иелену және билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға танылады. Дербес деректерді қамтитын жүйенің операторына дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғаумен айналысатын мемлекеттік орган, жеке немесе заңды тұлға жатады.
Дербес деректерді қамтитын жүйенің меншік иесі немесе операторының келісімінсіз дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату болып табылады.
Дербес деректер жүйесін электрондық жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы беру не заңсыз ақпараттық жүйеге қолжетімділікті ұсыну тәсілдері арқылы таратылуы мүмкін. Бірақ тарату тәсілдері қылмыстық іс-әрекетті саралауға әсерін тигізбейді. ҚР-ның «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес 1-баптың 12-тармағына сәйкес ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап біледі және осы зардаптардың туындауын қалайды. Қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалады, бірақ қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс адам.
Талданып отқан ҚК-тің 211-бабы 2-бөлігінде адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, пайдакүнемдік ниетпен, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасау деген қылмыстық құқық бұзушылықтың сараланған құрамдары көрсетілген.
ҚК-тің 31-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уәделескен адамдар қатысса, онда ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.59 Адамдар тобының қай уақытта уәделескені маңызды емес, тек қылмыс жасалған уақытқа дейін уәделессе болғаны. Ал, егер адам өзіне осы қылмыстан материалдық пайда алуды көздесе, онда қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалған болып есептеледі.
Атқарып отқан лауазымына байланысты берілген құқықтар мен міндеттерге байланысты мемлекеттік функцияларды атқаруға құзыретті адамның лауазымдық міндеттерінен тыс әрекеттерді жасау адамның қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасау болып табылады.60
ҚК-тің 211-бабы 3-бөлігінде 1,2-бөліктеріндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыстық топпен жасау, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер қылмыстың ерекше сараланған құрамдарын құрайды.
Егер қылмысты қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген топ жасаса, онда ол қылмыстық топпен жасалған қылмыс деп танылады.61 Яғни, ҚК-тің 211-бабы 1,2-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жоғарыда аталған топтардың біреуімен жасалса, онда қылмысты қылмыстық топпен жасалған деп саралауға болады.
ҚК-тің 3-бабының 4-бөлігіне сәйкес ауыр зардаптар – адам өлімі, екі немесе одан да көп адамның өлімі, жәбірленушінің немесе оның жақынының өзін-өзі өлтіруі, ірі немесе аса ірі залал келтіру, келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптар. Яғни осы келтірілген ауыр зардаптар мен қылмыстық әрекеттердің арасында себептік байланыс болуы керек.
ҚК-тің 211-бабы 1-бөлігі қылмыстық теріс қылық, 2-бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады, ал 3-бөлігі ауыр қылмыстар санатына жатады.
ҚК-тің 211-бабының 147-баппен қылмыстар жиынтығын құрайтын жағдайларды қарастырайық. ҚК-тің 211-бабы 1-бөлігі бойынша азаматтардың дербес деректерін қамтитын электронды ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз таратуды ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып жасаған не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасалған іс-әрекеттер ҚК-тің 147-бабы 3-бөлігі бойынша жиынтықта сараланады. Азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпарттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдаланумен болса, онда ҚК-тің 211-бабы 1-бөлігі 147-баптың 3-бөлігімен жиынтықта қарастырылады. Азаматтардың дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз жинап және өңдесе, содан кейін құқыққа сыйымсыз таратса, онда ол ҚК-тің 211-бабы 1-бөлігі және 147-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. ҚК-тің 147-бабының 1-бөлігінде көзделген дербес деректерді заңсыз жинау және өңдеу әрекеттері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, онда ҚК-тің 211-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен жиынтықта сараланады. Дәл осы іс-әрекетті қылмыстық топ жасаса, онда ол ҚК-тің 147-бабы 1-бөлігі және 211-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен жиынтықта сараланады.
Қорытындылай келе, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар ҚК-тің жаңадан енгізілген тарауы болып табылады. Бұл тараудағы қылмыстың қол сұғатын объектісі ақпарат. Ақпараттың ерекшелігі тек қағаз жүзінде ғана емес электрондық жеткізгіштерде болады. Сәйкесінше қылмыстық құқық бұзушылықтар компьютерлік білімді, жаңа технологияларды, интернет желісін пайдаланып жасалады. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтармен тиімді күресудің және алдын алудың құқықтық шарасы ол құқық қорғау органдарындағы арнайы мамандардың кәсібилік мәселесі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және күресуге бағытталған «CERTkz» және ІІМ-не қарайтын «К» бөлімі жұмыс атқарады. Бұл өз кезегінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, табуға, алдын алуға өз ықпалын тигізеді.
Осы бөлімшеде қарастырған мәселе ҚК-тің 211-бабы мен 147-бабын қылмыстық жиынтықта қарау. Бұл қарастырған мәселенің тәжірибелік маңызы зор. Себебі осы алынған теориялық білімдер негізінде аталған екі бап бойынша қылмыстарды жиынтықта дұрыс саралауға өз әсерін тигізеді.
1 Право на неприкосновенность частной жизни в Республике Казахстан ; Сборник материалов экспертной встречи – Астана, 2009 , 7с.
2 Балашкина И.В. Особенности конституционного регулирования права на неприкосновенность частной жизни в Российской Федерации//Право и политика. 2007. №7 .92с.
3 Абаев Ф.А. Историко-правовые препосылки формирования и тенденции развития института персональных данных в трудовом праве// Пробелы в российском законодательстве. 2013.№5.136с.
4 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. 10.121948. АҚЖ«Әділет» интернет ресурсы
5 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт. 16.12.1966. АҚЖ«Әділет» интернет ресурсы
6 Г.Кужукеева, Ю.Натарова, Г.Красильникова(по общей редакцией).Пособие для граждан по доступу к информации.2010.51-52с.
7 Курникова И.А. Понятие «персональные данные» в российском и зарубежном законодательстве//Отечественные архивы. 2004.№6.36с.
8
9
10
11 Право на неприкосновенность частной жизни в Республике Казахстан ; Сборник материалов экспертной встречи – Астана, 2009 , 81с.
12
13 Еуропалық Кеңестің «Дербес деректерді автоматты өңдеу кезінде жеке тұлғаны қорғау туралы» 28.01.1981.
14 Г.Кужукеева, Ю.Натарова, Г.Красильникова(по общей редакцией).Пособие для граждан по доступу к информации.2010.61-62с.
15 В.В.Мамонов Конституционно-правовой статус человека и гражданина в Республике Казахстан. Автореф. дисс...канд. юрид. наук. Алматы.2004. 31с.
16 К.Ж.Асылханов К вопросу об исторических аспектах развития уголовно-правовой охраны частной жизни на территории Республики Казахстан//Вестник Института законодательства Республики Казахстан. 2011. №1(21)101с.
17 Аталған мақала. 101б.
18 Аталған мақала.101б.
19 Аталған мақала. 101б.
20 К.Ж.Асылханов К вопросу об исторических аспектах развития уголовно-правовой охраны частной жизни на территории Республики Казахстан//Вестник Института законодательства Республики Казахстан. 2011. №1(21) 103с.
21 Аталған мақала. 103б.
22 Конституция КазССР 20.04.1978. ИС«Параграф» интернет ресурсы
23 Қазақстан Республикасы Конституциясы 30.08.1995. АҚЖ «Әділет» интернет ресурсы
24 Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы заң 28.11.2005. АҚЖ «Әділет»
25 Аталған заң. АҚЖ «Әділет»
26 ҚР-ның Қылмыстық кодексі 16.07.1997. АҚЖ «Әділет»
27 ҚР-ның Азаматтық-процестік кодексі. 31.10.2015. АҚЖ «Әділет»
28 ҚР-ның «Ақпараттандыру туралы» заңы. 11.01.2007. АҚЖ «Әділет»
29 Л.К.Терещенко Правовой режим персональных данных//Журнал российского права. 2014.№12.43с.
30 ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі. 18.09.2009. АҚЖ «Әділет»
31 ҚР-ның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңы.21.05.2013. АҚЖ «Әділет»
32 ҚР-ның Қылмыстық кодексі 16.07.1997. АҚЖ «Әділет»
33 ҚР-ның Қылмыстық кодексі 03.07.2014. АҚЖ «Әділет»
34
35 Г.Б.Романовский Право на неприкосновенность частной жизни. Москва. 2001. 80с.
36 М.В.Баглай Конституционное право РФ. Москва. 1998. 181с.
37 И.Л.Петрухин Личные тайны(человек и власть). Москва. 1998. 11с.
38
39
40
41
42
43 В.Новиков Понятие частной жизни и уголовно-правовая охрана ее неприкосновенности//Уголовное право. 2011. №1.44с.
44 Аталған мақала. 45б.
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
