Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016 жылы емтихан сратары Саясаттану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
500 Кб
Скачать
☆
  1. Саяси сана: түсінігі, құрылымы, функциялары.

Саяси сана - саяси өмірдің субъективті жағын, саясатттың рухани негізін қамтитын кең ауқымды категория. Саяси сана қоғамдық сананың бір нысаны, ол қоғамның саяси өмірімен байланысты қалыптасып дамиды, дара адамның, әлеуметтік топтың, қауымның түпкілікті мүддесін бейнелейді. Саяси сана дегеніміз – түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін, соған сәйкес олардың саяси билікке қатынасын бейнелейтін білімнің, идеялар мен көзқарастардың, сезімдер мен көңіл-күйлердің жиынтығы.

Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:

а) танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;

ә) идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;

б) коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;

в) болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;

г) тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.

Саяси сана екі деңгейде – саяси психология және саяси идеология түрінде өмір сүреді.

Саяси теорияны қарастырмас бұрын теория дегенімдің өзі не деген сұраққа жауап беріп көрейік. Сонымен “теория” сөзі көне грек тілінде белгілі бір нәрсеге оның мәнін ұғу мақсатында ойлы көзбен назарыңды тік қадау дегенді білдірген. Бүгінгі таңдағы ғылымда теория дегенде – белгілі бір түсініктер мен тепе – теңдіктерден шығарылып, түрлі компоненттері өзара қисынды тәуелділікте болатын тұтас білім кешенін түсінеміз. Теория әлемді танудың айрықша бір формасы ретінде қашан да белгілі бір философиялық – дүниетанымдық ұстанымдармен байланысты болғандықтан да саяси теория мен саяси философияны ажырата алу өте қиын мәселер қатарына жатады.

Саяси теория басты назарды саяси әлемнің құбылыстарына: құрылымдар мен функцияларға, институттар мен субъектілерге, саяси жүйелердің типтері мен формаларындағы олардың мінез – құлқына, рөлдері мен өзара қарым-қатынастарына және т.б. аударады.

Саяси психология - саяси сананың төменгі деңгейі. Оны саяси қатынас субъектілерінің практикалық санасы деуге болады, үйткені ол – адамдардың саяси мінез-құлқы мен іс-қимылдарына түрткі жасап, қалыптасуына себепкер болатын рухани құрылымдардың жиынтығы. Саяси психология адамдардың қоғамда алатын орнына, топтық жіктелуіне, күнделікті тыныс-тіршілігіне, өмір-салтына, сондай-ақ билік институттарымен іс жүзіндегі қарым-қатынастарына байланысты стихиялық түрде қалыптасатын болғандықтан, оның құрамында сезімдік, көңіл-күйлік, эмоциялық элементтер басым түсіп жатады.саяси психология жеке адамдардың, әлеуметтік топтар мен ұйымдардың саяси үрдістерге қатысты көңіл толқуларын, үмітін немесе түңілуін қамти отырып, саяси жүйенің мән-мағынасына, билік тұтқасының пәрменділігіне айтарлықтай әсер жасайды. Сондықтан да саяси психологияға табан тіреп сүйенген идеология неғұрлым ықпалды болмақ.

Саяси сананың функциялары:

• Әлеуметтік топтың түпкілікті мүддесін анықтай отырып, оның қоғамдағы, саяси үрдістегі орнын, саяси биліктен қарым-қатынасын көрсету;

• Саяси субъектінің мақсатын нақтылап, сол арқылы оның саяси іс-әрекетінің бағыт-бағдарын белгілеу;

• Билік тұтқасын жүргізіп отырған саясаттың, тұтас саяси жүйенің мән-мағынасына баға беру;

• Адамдардың саяси-әлеуметтену процесіне, қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына, ықпал ете отырып, қоғам мүшелерін белсенді саяси іс-әрекетке жұмылдыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]