- •Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы автомобиль саласының дамуы.
- •Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы автомобиль саласының дамуы.
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1. Кәсіпорынның сипаттамасы
- •1.2 Кәсіпорынның өндірістік құрамы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Бастапқы мәліметтер
- •2.2 Техникалық қызмет пен жөндеу бойынша жылдық өндірістік бағдарламаны есептеу
- •2.2.2 Цикл ішінде бір автомобильге келетін кж, тқк санын анықтау
- •2.2.3 Жыл ішінде бір автомобильге келетін және жалпы автопарк бойынша тқк санын анықтау
- •2.2.4 Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
- •2.3 Бөлімшенің технологиялық есептеулері.
- •2.3.1 Агрегаттар жөндеу бөлімінің сипаттамасы
- •2.3.2 Бөлімшедегі жұмысшылар санын анықтау
- •2.3.3 Технологиялық жабдықтарды таңдау
- •2.3.4 Өндірістік бөлім ауданын есептеу
- •3 Ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық процесс сызбасы
- •3.2 Жұмыс және демалу режимін таңдау
- •4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шаралары
- •4.1 Жарықтандыруды есептеу
- •4.2 Ауа алмастыруды есептеу
- •4.3 Агрегаттар бөлімшесіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары
- •5 Конструкторлық бөлім
- •5.1 Ұсынылған құралдың мақсаты , құрылысы
- •6.1.2. Көмекші жұмысшылардың еңбек ақысы үстеме төлемдерімен
- •6.1.3 Итқ еңбек ақысы үстеме төлемдерімен
- •6.2 Шеберхананың материялдық техникалық қамтамасының жоспары
- •6.3 Жалпы шығындар сметасымен өзіндік құнды жоспарлау
- •6.3.1. Шығындар сметасы
- •6.3.2. Адам сағат бөлімше жұмысының өзіндік құнын есептеу
- •6.4 Бөлімшенің қаржылық жоспары
- •6.5 Жобаның эканомикалық тиімділігі.
- •6.6 Жобаның технико – экономикалық көрсеткіштері
- •7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.3.4 Өндірістік бөлім ауданын есептеу
Агрегаттық бөлімінің ауданы мына формуламен анықталады:
Fз= Кпл×∑Fжб ; (2.39)
Мұндағы : Кпл – жабдықтардың орналасуына байланысты тығыздық коэфициенті Кпл=4 / 1/ әдебиетінің 82 бетінде
∑Fжб – құралдардың ауданының қосындысы
Fз= 4×12.563=50.2 м2
Агрегаттық бөлімшесінің ауданын анықтау барысында 50,2 м2 шықты, стандартқа сәйкес плиталардың ұзындығына байланысты. Мен бөлімшенің ұзындығын 9 м , ал енін 6 м деп қабылдадым.
3 Ұйымдастыру бөлімі
3.1 Технологиялық процесс сызбасы
Автотранспорт кәсіпорындарында техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен ағымдағы жөндеудің (АЖ) технологиялық процесі мен оның ұйымдастырылуы өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс бекеттері мен жұмыс орындарының санымен, әрбір қызмет түрінің технологиялық ерекшелітерімен, барлық жұмыс көлемін мамандануына және механикаландырылуына байланысты үлестірілу мүмкіншіліктеріне қарай анықталады.
ТҚК мен АЖ аймағына автомобильдер жуу-тазалау аймағынан кейін жіберіледі.
Автомобильдер жуу-тазалау жұмыстарынан кейін техникалық жағдайын бағалау үшін дигностикалаудан өткізіледі. ТҚК мен АЖ жұмыстары қажеттілікке байланысты орындалады
Автотранспорт кәсіпорындарында жылжымалы құрамға ТҚК мен АЖ келесі әдістері қолданылады: мамандандырылған бригадалар әдісі; кешенді бригадалар әдісі; агрегаттық-учаскелік әдіс; операциялық-бекеттік; агрегаттық-аймақтық және т.б.
Мамандандырылған бригадалар әдісі ұйымдастыруының мәні – бұл әрбір ТҚК мен АЖ түрін жұмысшылардың мамандандырылған бригадалары орындайды. КҚК, 1-ТҚК, 2-ТҚК және агрегаттар жөндеумен айналысатын жеке бригадалар арнайы мамандығы бар, белгілі жұмыс көлемін ғана істейтін жұмысшылардан тұрады Жұмыстарды мұндай ұйымдастыру кезінде әрбір учаске мен аймақтың біртектілігі мен мақстаы сақталады, жұмысшыларды басқару мен ұйымдастыру жеңілдейді, Алайда бұл әдістің кемшілігі ТҚК сапасының төмен болуы және автомобильдерді әрбір бригадаға тасымалдау уақты шығынын айтуға болады.
Кешенді бригадалар әдісі 1-ТҚК, 2-ТҚК және АЖ жеке бір автомобильдер тобына орындайтын бөлімшелердің ұйымдастырылуымен сипатталады. Бұл жағдайда тек КҚК мен агрегаттарды жөндеу жұмыстары ғана орталықтандырылға түрде орындалады. Кешенді бригадалар берілген жұмыс түрлерін орындай алатын әртүрлі мамандығы бар орындаушылармен жабдықталады. Бұл әдістің кемшілігі жұмыс сапасының төмен болуы және автомобильдерге ағын түрінде қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауы, жөндеу жұмыстарының көлемінің артуы болып табылады.
Агрегаттық-учаскелік әдіс барлық жөндеу жұмыстары өндірістік бөлімшелерге бөлінумен сипатталады. Әрбір өндірістік учаске автомобильдің жеке агрегаттары мен тораптарын жөндеуге мамндандырылады, олар өздерінің учаскежегі жұмыстардың сапасына толық жауап береді.
Агрегаттық-учаскелік әдіс тиімді болып саналады. Автомобильдер санының аз болуы, қосалқы бөлшектер шығынын тиімді қолдану мүмкіндігі, ТҚК мен АЖ өндірістік бағдарламасының төмен болуы осы әдісті таңдауға негіз бола алады. 1-суретте агрегаттарды жөндеудің технологиялық схемасы келтірілді.
Сурет 1 Агрегаттарды жөндеудің технологиялық схемасы
