- •«Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыздандыру»
- •2015-2016 Оқу жылы
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Курс тақырыбы 1.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің құрылу блогы(ааж).
- •9 Сурет.
- •Курс тақырыбы 1.2. Серверлер мен жұмыс станцияларының аппаратты-бағдарламалық платформалары.
- •Курс тақырыбы 1.3. Серверлік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу тәртібі.
- •Курс тақырыбы 1.4. Ааж-ның арнайы бағдарламалық пакеттері мен администрациялау утилиттері.
- •Курс тақырыбы 1.5. Серверлік, клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлері.
- •Курс тақырыбы 1.6. Клиенттік бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату және сүйемелдеу.
- •Курс тақырыбы 1.7. Қойылған міндет шеңберінде клиенттік бөлімнің бейімделінуі.
- •Қолданылатын әдебиеттер
Курс тақырыбы 1.2. Серверлер мен жұмыс станцияларының аппаратты-бағдарламалық платформалары.
Сабақ тақырыбы: Автоматтандырылған ақпараттар жүйесін бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамын таңдау.
1-тапсырма. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасының көмегімен топ студенттерінің мәліметтер қорын құру қажет. Кесте өрістері төменде берілген:
1. Код
2. Тегі
3. Аты
Нұсқау: Бастау=>Бағдарламалар=> Microsoft Office Access 2007 (Пуск=>Программы=>Microsoft Office Access 2007) әмірлер тізбегімен бағдарламаны ашу қажет:
1-сурет.
Осы ашылған терезеден мәліметтер қорының дайын шаблоны арқылы кесте құруға болады немесе Файл=>Құру=>Жаңа мәліметтер қоры (Файл=>Создать=>Новая база данных) әмірінің көмегімен өз қалауыңызша кесте құруға болады. Файл=>Құру (Файл=>Создать) әмірін орындап файлға ат беру керек, мысалы: студенттер.mdb. Файлға ат бергеннен кейін Құру (Создать) батырмасын басу қажет (2-сурет):
2-сурет. Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі
Кесте құрудың екі әдісі бар: кесте тәртібі және құрылымдаушы. Егер кесте тәртібі таңдалса басты беттегі Өріс және бағаналар (Поле и столбцы) терезесімен жұмыс істеу қажет. Егер кесте құрылымдаушы көмегімен құрылатын болса мәліметтер қоры кестесінің өрістерінің аты және түрі жазылады. Office Access 2007 бағдарламасын мәліметтер түрінің 11 түрі бар: мәтіндік, Мемо өрісі, сандық, күн/уақыт, ақшалық, есептеуіш, логикалық, OLE нысанасының өрісі, гиперсілтеме, ендіру және алмастыру шебері.
Студенттер туралы мәліметтер қорының өріс атауларын және түрін енгізу керек (3-сурет):
3-сурет. Конструктор режимінде кесте құру
Енді кестені толтыру қажет.
4-сурет. Кестені толтыру
Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың 3 тәсілі бар:
Автоформа.
Формалар шебері.
Қолдан құру.
Осы кесте негізінде форма құру үшін Создание мәзірінен Форма батырмасын басу жеткілікті:
5-сурет. Форма
Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.
Access – те сұраныс құруға арналған құрал ( ішкі программа ) да сұраныс деп аталады.
Сұранысты өрістерін сортталғантүрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.
Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар:
Фильтрлеу.
Қарапайым сұраныс шебері.
Сұраныстар конструкторы.
Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте.
Сұраныс шеберінің көмегімен қарапайым сұраныс құруға болады. Мысалы негізгі кестеден информатика мамандығы бойынша оқитын студенттер тізімін бөліп алу қажет. Ол үшін Создание мәзірінен Мастер запросов батырмасын басып, Простой запрос батырмасын басып, ашылған терезеден қажетті өрістерді таңдау қажет:
6-сурет. Қарапайым сұраныс құру
Ашылған терезеден Простой запрос таңдап аламыз. Келесі қадамда бізге қажет бағаналарды таңдап аламыз:
7-сурет. Өрістерді таңдау
Келесі қадамда Далее-Готово батырмасын басу қажет.
8-сурет. Тізімді шығару
Оқыту бөлімі бағанына барып, грант жазбасына жалауша қою қажет:
9-сурет. Қажет жазбаны таңдау
Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады:
10-сурет.Сұраныс нәтижесі.
Өз бетінше мына тапсырмаларды орындау қажет:
1. Ақылы бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
2. 5-пен оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар
3. Ақылы күндізгі бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
4. Математика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
5. Информатика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.
MS Access 2007 бағдарламасында келесі кестелерді құрыңыздар:
1. Мектептегі бір сыныптың мәліметтер қорын құрыңыздар
2. Кафедра оқытушыларының мәліметтер қорын құрыңыздар
3. Банк қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
4. Кітапхана қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
5. Дүкен қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
6. Қаладағы кинотеатр желілерінің мәліметтер қорын құрыңыздар
7. Сатылатын пәтерлердің мәліметтер қорын құрыңыздар
8. Сатылатын автомобильдердің мәліметтер қорын құрыңыздар
Сабақ тақырыбы: Linux дистрибутивтері.
Linux дистрибутивтері деп (Linux ядросын қолданатын амалдық жүйелердің жалпылама атауы) — амалдық жүйенің құрылымдаушылар тарапынан толыққанды жасақталып көпшілік қолданысқа шығарылған түрлерін айтамыз.
Жалпы, Linux ядросы ашық GNU лицензиясымен таратылғандықтан кез-келген амалдық жүйелерге негізделген маман қайнар кодтың негізінде өзінің дистрибутивін жасақтай алады. Қазіргі таңда Linux дистрибутивтерінің ақылы да тегін түрлерін көптеп кездестіре аласыз.
Жұмыстың мақсаты:
Microsoft Office Access мәліметтер қорында күрделі МҚ құруды, мәліметтер схемасында кестелердің арасына байланыс орнатуды, күрделі сұраныстар, формалар және есеп берулерді құруды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:
Екі кестеден немесе одан да көп кестеден тұратын мәліметтер қорын құру үшін ең алдымен мәліметтер қорын жобалау қажет. Мәліметтер қорын жобалау дегеніміз – мқ қанша кестеден тұратынын анықтау, кестелердің өрістерінің атын анықтау, байланыс орнатылатын кесте өрістерін анықтау және т.б.
Мысалы, 4 курс студенттері туралы Мәліметтер деп аталатын мәліметтер қорын құрайық. МҚ екі кестеден тұратын болады. Олар: Студенттер және Балл деп аталады. Студенттер кестесінің өрістерінің атын Констурктор режимінде 1-суреттегідей етіп толтырыңыз.
1-сурет. Студенттер кестесі
Балл кестесінің өрістерінің атын Констурктор режимінде 17.2-суреттегідей етіп толтырыңыз.
2-сурет. Студенттер кестесі
Енді кестелерге мәліметтерді енгізбес бұрын, олардың арасына байланыс орнатамыз. Кестелер арасындағы байланыстың үш түрі бар. Олар:
- бірдің бірге қатынасы;
- бірдің көпке қатынасы;
- көптің көпке қатынасы.
Бірдің бірге қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі бір жазу екінші кестедегі бір жазуға сәйкес келеді.
Бірдің көпке қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі бір жазу екінші кестедегі көп жазуға сәйкес келеді.
Көптің көпке қатынасы дегеніміз бірінші кестедегі көп жазу екінші кестедегі көп жазуға сәйкес келеді. Бұл байланыстың түрі сирек кездеседі.
Кестелердің арасына байланыс орнату үшін лентадағы Мәліметтер қорымен жұмыс=>Мәліметтер схемасы (Работа с базами данных=>Схема данных) батырмасына басамыз (3-сурет).
3-сурет.
Мәліметтер схемасы терезесі пайда болады. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама мәзірден Кесте қосу (Добавить таблицу) командасын орындаймыз. Экранда Кесте қосу сұқбат терезесі пайда болады. Балл және Студенттер кестелерін белгілеп Қосу (Добавить) батырмасына басамыз (4-сурет). Кесте қосу сұқбат терезесін жабамыз.
4-сурет. Кесте қосу сұқбат терезесі
Мәліметтер схемасы терезесінде екі кесте пайда болады (5-сурет).
5-сурет.
Балл кестесінің Код өрісіне тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жібермей Студенттер кестесінің Код өрісіне дейін тышқанның курсорын созып апарамыз. Экранда Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұқбат терезесі пайда болады (17.6-сурет). Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) (кілттік өрістегі жазулар қайталанбау үшін), Байланысқан өрістердің өңдеу (Каскадное обновление связанных полей) (егер бір кестенің кілттік өрісіндегі жазуға өзгеріс енгізілсе, екінші кестедегі сол жазу автоматты түрде өзгеру үшін), Байланысқан жазуларды өшіру (Каскадное удаление связанных записей) (егер бір кестенің кілттік өрісіндегі жазу өшірілсе, онда екінші кестедегі сол жазу автоматты түрде өшірілу үшін) өрістеріне жалауша қоямыз.
6-сурет. Байланысты өзгерту сұқбат терезесі
Кестелердің арасына бірдің бірге қатынасы орнатылды (7-сурет).
7-сурет. Екі кестенің арасындағы байланыс
Екі кестені бірден толтыру үшін форма пайдаланамыз. Форма құру үшін лентадан Құру=>Форма шеберіне (Создать=>Мастер форм) батырмасына басамыз (17.8-сурет).
8-сурет.
Экранда Форма құру (Создание форм) сұқбат терезесі пайда болады (9-сурет).
9-сурет.
Кестелер
мен сұраныстар (Таблицы и запросы)
өрісінен
Студенттер
кестесін таңдаймыз. Бар
өрістер (Доступные поля)
өрісіндегі барлық өрістерді
батырмасы арқылы Таңдалған
өрістер (Выбранные поля)
өрісіне өткіземіз. Тура осылай Балл
кестесіндегі
өрістерді өткіземіз. Тек Код
өрісін қалдырамыз (10-сурет).
10-сурет.
Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз. Форманың түрін таңдаймыз. Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз. Форманың стилін таңдаймыз. Форма шеберінің соңғы сұқбат терезесінде форманың атын Жалпы форма деп енгіземіз. Мәліметтер енгізуге арналған форма терезесі пайда болады (11-сурет). Өзіміз ойдан 10 студенттің мәліметтерін енгіземіз (12-сурет).
11-сурет.
12-сурет.
Формаға мәліметтерді енгізіп болғаннан кейін кестелерді ашып тексеріп көрейік (13-сурет).
13-сурет.
Өзіндік жұмыстар
1. Екі кестеден тұратын «Кітапхана» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
2. Екі немесе үш кестеден тұратын «Ресторан» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
3. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Супермаркеет» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
4. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Сән салоны» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
5. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Автодүкен» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
6. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Кинотеатр» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
7. Екі немесе одан да көп кестеден тұратын «Университет» мәліметтер қорын құрыңыз. Кестелердің арасына байланыс орнатыңыз және оларды толтырыңыз.
