- •1. Коллоидтық жүйелердің ерекшеліктерін және жіктелуін түсіндіріңіз.Жіктелуі бойынша мысал келтіріңіз.
- •2. Колоидтық жүйелерді алу әдістерін қалай сипаттауға болады?
- •3. Дисперстік жүйелерді зерттеуге арналған қандай оптикалық әдістерді білесіздер? Ультрамикроскопия негіздіерін түсіндіріңіз.
- •4.Дисперстік жүйелердің қандай молекулалық-кинетикалық қасиеттері болады деп ойлайсыздар? Броундық қозғалыстың статистикалық теориясының маңызын қарастырыңыз.
- •5. Колоидтық жүйелердегі және шынайы ерітінділердегі диффузияны салыстырыңыздар.
- •6.Жоғары дисперстік жүйелердегі және идеалды ерітінділердегі Осмос құбылыстарын салыстырыңыздар.
- •7.Седиментациялық анализдің көмегімен қандай жүйелерді сараптауға болады? Стокс заңы.
- •8. Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Гиббстің “артық шамалар” әдісін қарастырыңыз.
- •9. Беттік керілу анықтамасы, өлшем бірлігі, анықтау әдістері. Беттік керілудің күштік және энергиялық сипаттамаларын салыстырыңыз.
- •Деп алуға болады. Мұндағы r – капиллярдың ішкі радиусы.
- •10. Жұғу құбылысын қалай сипаттауға болады?
- •11.Капиллярдың бойымен сұйықтың көтерілуі капиллярдың радиусымен қалай байланысты? Оны қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады?
- •12.Капиллярлық қысым. Лаплас теңдеуінің практикалық маңызын көрсетіңіз.
- •13. Гиббс теңдеуі арқылы газ-сұйықтық бөліну шекарасындағы адсорбциясы мен беттік керілудің байланысын қалай көрсетуге болады? Заттың беттік активтілігі дегенді қалай түсінесіздер?
- •15. Ленгмюрдің адсорбциялық изотермасы теңдеуінің маңызын қалай түсінесіздер?
- •16. Әрекеттесуші массалар заңы. Адсорбция жұмысы.
- •17. Шишковский теңдеуі мен Траубе ережесінің термодинамикалық негізделуі.
- •18. Қатты дене- газ шекарасындағы адсорбция. Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбциясы теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •19. Адсорбцияның Поляни потенциалдық теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •20. Бэт (Брунауэр,Эммет,Теллер) полимолекулалық адсорбциясы теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіз.
- •21. Молекулалаық адсорбцияның қандай заңдылықтарын білесіңдер.
- •22. Электролиттер адсорбциясының ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
- •23.Қос электрлік қабат теорияларының негіздерін бір-бірінен айырмашылығын критикалық бағалаңыздар.
- •24.Штерн теориясының басқа қэқ теорияларынан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •25. Электрокинетикалық құбылыстар. Электроосмос құбылысына сипаттама беріңіз.
- •26. Электркинетикалық потенциалға қандай факторлар әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?
- •27. Қос электрлік қабаттың пайда болу механизмдері қандай болады деп ойлайсыз?
- •28.Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы. Тұрақтылық факторларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Гидрофобты коллоидтардың коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесін қалай түсінесіздер
- •30. Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын крикитикалық бағалаңыз.
- •31. Лиофобты жүйелер коагуляциясының Дерягин –Ландау-Фервей-Овербек (длфо) теория негіздері.
- •32. Лиофобты жүйелер. Эмульсиялар, эмульсиялардың жіктелуін түсіндіріңіздер. Мысал келтіріңіздер.
- •33. Лиофобты жүйелер. Көбіктер, көбіктердің сипаттамалары.
- •34. Дисперсті жүйеледің реологиялық қасиеттері.
- •35. Дисперсті жүйелердің тұтқырлығы.
- •36. Ажыратушы қысымның құрамшыларына сипаттама беріңіз.
- •37. Бөлшектер арасындағы әрекеттесудің потенциалды энергиясын сипаттаңыз.
- •38. Электркинетикалық құбылыстар. Электрофорез құбылысына сипаттама беріңіз.
- •39. Қос электрлік қабаттың құрылымына сипаттама беріңіз.
- •40. Қос электрлік қабаттың пайда болуының механизмдерін атаңыз.
5. Колоидтық жүйелердегі және шынайы ерітінділердегі диффузияны салыстырыңыздар.
Диффузия
дегеніміз жүйедегі молекулар, иондар
немесе коллоидты бөлшектердің хаосты
жылулық қозғалысының әсерінен олардың
концентрациясының өздігінен теңесу
процесі. Яғни диффузия молекулалардың
жылулық қозғалысының макроскопиялық
көрінісі, сол себепті температура
жоғарылаған сайын, диффузия да тез
жүреді. Диффузия қайтымсыз процесс, ол
концентрацияның толық толық теңесуіне
дейін жүреді, себебі бөлшектердің хаосты
таралуы жүйенің максималды энтропиясына
сәйкес келеді. 1885
жылдан бастап Нэрнст диффузияның пайда
болу себебін осмостық қысыммен
түсіндірген?
Диффизия
нәтижесінде массаның тасымалдануы жылу
мен электрдің тасымалдану заңдылықтарына
ұқсас. Осы ұқсастықты пайдалана отырып,
1855 жылы Фик диффузияның бірінші заңын
ұсынды:
(1)
Мұндағы:
m – диффузияланған зат мөлшері;
D –
диффузияланатын бөлшектер және орта
қасиеттеріне тәуелді диффузия
коэффициенті;
dc/ dx – концентрация
градиенті;
s – диффузия өтетін аудан;
τ – диффузия ұзақтығы;
Теңдеудің оң бөлігіндегі минус таңбасы dc/ dx туындысы теріс мәнге ие болатындықтан қойылып отыр, себебі х-тің мәні жоғарылаған сайын, концентрация c шамасы төмендейді. (1) – ші теңдеуден төмендегідей түрде де беруге болады.
(2)
і
д
–диффузияның меншікті ағымы деп аталатын
шама. Ол аудан бірлігіне тең көлденең
қима арқылы уақыт бірлігінде диффузия
нәтижесінде тасымалданатын зат мөлшерін
сипаттайды.
Егер концентрация градиенті тұрақты болса, диффузиялық ағын уақыт өте келе өзгермей, жүйеде стационарлық диффузия процесі орнығады. Бұл жағдай үшін мына теңдеуді жазуға болады.
dc/dx=-1,
s=1 және τ=1
деп алсақ,
m=D, яғни, концентрация градиенті 1-ге тең болған жағдайда диффузия коэффициенті уақыт бірлігінде аудан бірлігі арқылы диффузияланған зат мөлшеріне тең, және ол см2/сек-пен өлшенеді. Алайда диффузия өте баяу жүретіндіктен уақыт бірлігі ретінде секунд емес тәулік алынады. 1908 жылы Эйнштейн D диффузия коэффицентін Т жүйенің абсолютті температурасымен, η дисперсиялық орта тұтқырлығымен және r дисперсті фаза бөлшегінің радиусымен байланыстыратын теңдеуді қорытып шығарды. Эйнштейн теңдеуі
K= R / NA – пропорционалдық коэффиценті
Формасы сфера тәріздіге ұқсас бөлшектер үшін В = 6πηr тең болғандықтан: Мұндағы В- бөлшек және орта арасындағы үйкеліс коэффициенті. R – универсал газ тұрақтысы;
Т – абсолюттік температура;
NA – Авагадро саны;
η – ортаның динамикалық тұтқырлығы;
r – бөлшек радиусы;
π – осмостық қысым;
Теңдеуден көріп отырғанымыздай диффузия коэфициенті абсолютті температураға тура пропорционал, ал орта тұтқырлығы мен бөлшек радиусына кері пропорционал. Коллоидтық бөлшектер өлшемі қарапайым молекулар өлшемімен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, коллоидты жүйедегі диффузия коэффициенті төмен болады. Эйнштейн теңдеуін пайдалана отырып, егер D, Т, η белгілі болса, 1 моль заттың массасын анықтай аламыз. Ол үшін алдымен бөлшек радиусын есептеу керек.
r = kT / 6πηD
1 моль зат үшін оның массасы келесі теңдеумен анықталады
М = 4/3 π r3ρ NA
ρ – әдетте белгілі дисперсті фаза тығыздығы.
Яғни
диффузия коэфициентін өлшеу арқылы
(сан жағынан 1 моль зат массасына) тең
заттың молекулалық массасын анықтауға
болады.
Шынайы ерітіндідегі диффузияның
өту себебі молекуланың жылулық
қозғалысымен байланысты. Ал коллоидты
жүйелердегі дисперсті фаза диффузиясының
пайда болу себебі де, бөлшектердің
броундық қозғалысымен тікелей байланысты.
Броундық қозғалыс пен диффузия арасында
байланыс болғандықтан, ығысу проекциясының
орташа квадраттық мәні
және
диффузия коэффициенті D арасында да
байланыс болу керек. Бұл байланысты бір
– бірінен тәуелсіз түрде 1905 жылы
Эйнштейн, ал 1906 жылы Смолуховский
анықтады.
Иондардың, молекулалардың немесе коллоидты бөлшектердің ретсіз жылулық қозғалыс ( коллоидты системалар үшін броундық қозғалыс) кезіндегі концентрацияны теңестіру бағытында өздігінен жүретін процесін диффузия деп атайды. Демек, диффузия өздігінен жүретін процесс ретінде барлық дисперсті системалар үшін, газдарға арналған Фик заңына бағынады. Фиктің бірінші заңына байланысты диффузия жылдамдығы өзі диффузияланатын аудан мен концентрациялық градиентке тура пропорционалды:
dm/dt = −DS dC/dx
Мұндағы dm – диффузияланған зат массасы; dt – шексіз аз уақыт; S - берілген зат диффузияланған аудан; dC/dx − концентрация градиенті немесе концентрация кемуі; dC − концентрция; dx − концентрациясы кеміген бөлік; D − диффуізия коэффициенті, ол әрбір дисперсті системаның диффузиялану қабілетін сипаттайды. Бұл коэффициент концентрация градиенті 1-ге тең болғанда бір шаршы сантиметр ауданнан 1 сек-та диффузияланып өткен масса мөлшерін көрсетеді. Егер диффузия процесі кезінде диффузия коэффициенті өзгеретін болса, онда оған орай концентрция градиенті де өзгереді. Олай болса уақытқа байланысты концентрация өзгерісінің жылдамдығын, яғни dC/dt туындысын анықтау керек. Ол Фиктің екінші заңын өрнектейтін теңдеумен анықталады:
dC/dt = Dd2C /dx2
