- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
- •07_01_Терапиялық стоматология қаз
07_01_Терапиялық стоматология қаз
$$$018
34 жастағы науқас тамақ ішкенде, сөйлескенде пайда болатын ауру сезіміне, ауызда ашып ауыратын эрозиялардың пайда болуына шағымданды. Осыған ұқсас жаралар жылына 2-3 рет (күзде және көктемде) төрт жыл бойы шығып келе жатқан туралы айтты. 7-10 күнде өздігінен жазылып кетеді. Анамнезден: үйдегі шаңға аллергиясы бар, асқазан-ішек ауруымен (дисбактериоз) ауырады. Регионарлық лимфа түйіндері аздап ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ауыз қуысында тілдің оң жақ бүйір беткейінде және өтпелі қатпарының сол жағында ақ-сұр қағымен жабылған, көлемі 0,5-0,6 см, дөңгелек формалы, гиперемияланған жиекпен қоршалған эрозиялар байқалады. Осы аурудың салыстырмалы диагностикасын қандай патологиямен жүргізу керек:
А) біріншілік мерез
В) трофикалық жара
С) созылмалы қайталамалы герпестік стоматит
D) көптүрлі экссудативті эритема
Е) жаралық-некротикалық стоматит
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілік }= 3
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
07_01_Терапиялық стоматология қаз
$$$019
32 жастағы науқас 1 күн бұрын пайда болған тамақ ішкенде, сөйлескенде, ауызда ауырсыну туғызатын, ашитын жараларға шағымданды. Атап өтерлігі мұндай жағдай 2-3 жыл бойы жылына 1-2 рет пайда болып отыратынын атап өтті, өз бетінше емделген. 3 күн бұрын созылмалы тонзилиттің өршуіне байланысты ЛОР-дәрігерге қаралған. Объективті: ауыз қуысында қатты таңдайдың сілемейлі қабығында 2 ауырсыну туғызатын шекаралары ұсақ фестонды (тегіс емес), пішіндері дұрыс емес, ашық қызыл түсті, өлшемі 0,8х0,5 см эрозиялар анықталды. Қоршап жатқан сілемейлі қабық аздап қызарған, ісінген. Осы патологияда цитологиялық зерттеулердің нәтижелері:
А) Құрылымсыз массалардың көп болуы, эритроциттердің және ыдыраған нейтрофилдер көптігі
В) Тцанк акантолитикалық жасушалары
С) Фузобактериялар және спирохеталар, терең ыдырау сатысындағы нейтрофилдер
D) Пирогов-Лангханс алып жасушалары
Е) Алып көп ядролы жасушалар
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілік}= 3
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
07_01_Терапиялық стоматология қаз
$$$020
48 жастағы науқас ауызының кеуіп, ауызы өртенгендей күйетініне, тілінде ақ түсті қақтың бар екендігіне шағымданды. Ауырғанына екі апта болған. Анамнезде құрамында глюкокортикостероидтар бар дәрі-дәрмектермен бронх демікпесінен ұзақ уақыт бойы емделгені анықталды. Тексеріп қарағанда тіл арқасында, жұмсақ таңдайда, ұртта жойқын ірімшік массасына ұқсас ақ түсті қақ бар. Оны алып тастағаннан соң, сілемейлі қабықшаның беткейі тегіс, қызарған, тіл бүртіктері тегістелген. Осы патологияны жалпы этиотропты емдеуде тағайындалатын препарат:
А) Супрастин
В) Ацикловир
С) Аугментин
D) Ретинол ацетаты
Е) Флуконазол
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілік}= 3
{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)
{Курс}=6
{Семестр}=12
