Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЦСС.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
350 Кб
Скачать
☆
  1. Байланыс желісі деген не?

Байланыс желісі — байланыс объектілерін, цифрлы деректерді (мәліметтерді) өзара жалғастыратын құралдар жүйесі. Ол сымды Байланыс желісі, радиорелелі Байланыс желісі, оптикалық Байланыс желісі, акустикалық Байланыс желісі, т.б. болып ажыратылады. Сымды Байланыс желісі аспалы және кабельді Байланыс желісінен тұрады. Байланыс желісі ретінде жоғары кернеулі желі де пайдаланылады.

20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950—1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956—1957 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960—1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск—Алматы, Самара—Атырау—Жаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996—1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола—Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1.856.997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.[4]

Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды

  1. EWSD жүйесі және оның құрылымы.

Байланыстағы сандық желілер пәні

№3-ші Билет

  1. Аналогты телефон желілері.

  2. Аудандық ГТС дегеніміз не?

  3. DLU блогының негізгі элементтері.

Байланыстағы сандық желілер пәні

№4-ші Билет

  1. Сименс EWSD жүйесін құрастыру принциптері.

  2. АТС дегеніміз не?

Автоматты телефон станциясы (АТС) (Автоматическая телефонная станция (АТС)) - бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы. АТС-ке алғашқы патент (US Patent No. 447918 10/6/1891) 1889 жылыамерикан өнертапқышы Элмон Строуджерге берілді. АТС жұмыс істеу принципі мынадай: құралдардың жұмыс істеуі абоненттіңбақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. АТС-тегі әрбір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі барлық іс-әрекеттер, тығыз байланысқан процестердің күрделі жиынынан тұрады. АТС құрылғысы жалғаушы құралдардан, сигнал беруші құралдардан,басқарушы құралдардан тұрады. АТС құрылғысының негізгі жалғаушы құралдарына іздегіштер мен жалғағыштар жатады.

АТС-тің түрлері

АТС-тің түрлері төмендегілер жатады:

-машиналық;

-электромеханикалық (декадты-қадамды және координатты, квазиэлектронды);

-электронды;

-цифрлық (дәстүрлі және IP).