Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП тема 3 электив ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Колликвативті туберкулез

Колликвативті туберкулез (колликвативный туберкулез скрофулодерма - Scrofuloderma) ауызда сирек кездеседі. Ауру тілдің немесе ұрттың терең қабатында түйін пайда болудан басталады. Түйін ауырмайды, біртіндеп үлкейеді, төңірегінде қабыну реакциясы болмайды. Біраз уақыттан кейін түйіннің орта бөлігі ыдырап, жыланкөзбен тесіледі және түйіршікті іріңді жалқық бөлінеді де бетінде жаралы аймақ пайда болады. Жара баяу дамиды, табаны бетінде сұр-сары түсті қағы бар грануляциялық тінмен жабылады және бірнеше айдан соң жазыла бастайды.

Колликвативті туберкулезді гуммозды (түйінді) мерезден және актиномикоздан ажырата білу керек.

Мерез түйіні де тіл және ұрттың терең қабаттарында орналасуы мүмкін. Ол ыдырағаннан кейін пайда болған жаңа кратерге ( ) ұқсайды және жиегі тығыз білікке ұқсас болады.

Актиномикоз кезінде де өте тығыз түйіндер пайда болады және олар ыдырай бастағанда беттерінде бір немесе бірнеше жыланкөздер ашылады, жара сирек жағдайда пайда болады. Жыланкөзден сұр-сары түсті түйіршікті іріңді жалқық бөлінеді және онда көп мөлшерде сәулелі саңырауқұлақтар друзы ( ) анықталады.

Тіс дәрігерінің туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің әдістері (ескертпе).

Стоматологиялық көмекке сүйене отырып науқастардың шағымын сұрау барысында, алдымен тыныс алу жолдарына көңіл бөлу керек (бронхит, өкпенің қабынуы). Осы ауруға күмән болған жағдайда емдеуге дейін, тексеруден алдын және туберкулезге қарсы деспансерде диагностика жасаудан бұрын флюогрография түсуге жолдама беру керек. Кез келген терінің және шырышты қабықтардың белгісіз көріністері кезінде егерде ол түйінді, ойық жаралы және папулонекротикалық белгілерді қамтыса туберкулез болуы мүмкін.

  1. Науқаста жөтел, белгілі бір уақыт аралығында қақырық болса ауыз қуысында, мендалинада, жұтқыншақта туберкулезің жеңіл түрі көрінеді.Сонымен қатар салмақ жоғалтуы, сонымен қатар туберкулездің басқа симтомдары байқалады.

  2. Туберкулездің жедел және жедел асты түрінде, әсіресе ойық жаралы науқас саливацияға, тамақты қабылдау барысында және шайнау кезіндегі ауру сезіміне, кейде диспагияның болуына шағымданады. Тілдің зақымдануы кезінде инфилтративті түрінде де, тағамды қабылдау барысындағы ауруға ғана емес сонымен қатар сөйлеу кезінде де ауруға шағымданады. Туберкулез кезінде жұмсақ таңдайда ұқсас симтомдар байқалады.

  3. Қорылдау және дауысытың өзгеруі.

  4. Құлақта ауру сезімі.

  5. Жұтынудағы ауру сезімі жұтқыншақ асты маңының зақымдалуының белгісі болып табылады, ауру интенсивті түрде өтуі мүмкін.

  6. Ауыз қуысындағы люпома және қызыл иектің ісінуі пайда болады.

  7. Тексеру кезінде дауыс байламының және жоғарға тыныс жолдарының басқа аймақтары жаралануы мүмкін.

  8. Қақырықты зеріктеу барысында туберкулездің миробактериясы анықталады.

  9. Кеуде қуысының ренгенограмасында туберкулез кезінде өкпенің арнайы зақымдалуы анықталады.

  10. Ауыз қуысының туберкулезі кезінде травматикалық немесе автозы ойық жара, актиномиказа және мерезді ойық жаралы қатерлі көріністер болуы мүмкін.

  11. Биопсиялық материалмен гистологиялық зерттеудің көмегімен деференциялды диагностика эпителидты және Перагов-Лангханс жасушаларынан тұратын гранулеманы идентификациялау мақсатымен жүргізіледі. Тілдің ойық жаралы көріністері кезінде биопциялық материал ұсынылады.

  12. Біріншілік туберкулез ауыз қуысында аз кездеседі.

  13. Туберкулездің ашық түрімен ауырған науқастарда стоматологиялық көмекті арнай химиотерапия басталғаннан кейін, яғни екі төрт айдан кейін көрсету керек.

  14. Бет жақ аймағындағы туберкулезбен ауыратын науқастар арнайы фтизиотриялық ауруханада емделеді.

  15. Жалпы ем жергілікті іс шаралармен толықтырылуы қажет: Ауыз қуысының санациясы және гигиеналық мазмұн.

  16. Оперативті араласулар көрсеткіштері бойынша, соның ішінде сүйек тінінде туберкулезге қарсы ем және ауыз қуысының шектелген праестерінде қатал жүргізіледі.

  17. Периодонт туберкулезбен зақымдалғанда сол тісті жұлып тастайды.

  18. Туберкулезбен ауырған науқас екі жыл дәрігердің бақылауында болу керек.

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитінің дамуы

Жаралы- некротикалық Венсан гингивиті негізінен жедел қабыну сияқты алтьрация түрінде дамиды. Жедел Жаралы- некротикалық гигивит 25-30 жас аралығында адамдар зақымдалады. Ереже бойынша,қызыл иектің қабынуы жедел респираторлы ауруларда, суықтауда С және басқада витамндердің жетіспеуінен психоэмоциональді стресс кезінде өршиді. Бұл аурулар ағзаның жалпы төзімділігін төмендетеді және имуналогиялық бұзылыстарға әкеледі (жергілікті, жалпы). Бұл ауыз қуысында сапрафитті және анаэпты флоралардың дамуы дизбиоздың дамуына әкеледі.(фузобактерия, спирохеталар т.б.)

Қызыд иектің зақымдалуының артықшылығы анаэробты флоралардың дамуына жағдай туғызатын белгілі бір ережелерге сай: ауыз қуысының гигиенасының дұрыс емес көрсеткіші, тіс жегі қуыстарының болуы, ақыл тістің қиындатып жарып шығуы.

Ереже бойынша жаралы- некротикалық Венсан гингивиті ауыз қусына санация жасалмаған , стоматологқа баруға қорқатын адамдарда кездеседі. Ағзаның жалпы қарсыласуын және ауыз қуысындағы жергілікті имунитеттітөмендетуінде маңызды рөл атқаратын зиянды әдеттер- есірткі қабылдау және т.б.

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитімен ауыратын науқастың шағымы

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитімен ауыратын науқастардың шағымында әрқашан тіс тазалау барсында тіс қанағаштығы байқалады.Ауру сезімінің болмауы стоматологқа баруды қажет етпейді, бірақ бұл көріністер өздігінен жоқ болып қыс, көктем мезгілінде қайта пайда болады. Бұл жаралы- некротикалық Венсан гингивиті катаралді гинвивиттің дамуы нәтижесінде пайда болатынын көрсетеді.

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитінің клиникасы

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитімен ауыратын адамдар қызыл иекте қатты ауру сезіміне, тағам қабылдаудың қиындауына, аузынан жағымсыз иістің шығуына байланысты стоматологқа қаралады. Әдетте науқастар жұмсақ тамақтарді жиі пайдаланады және тістерін тазаламайды. Қызыл иектегі өзгерістер жалпы әлсіздіктер, бас ауруымен,ғ дене температурасының жоғарлауы аденамиямен дамиды.

Жаралы- некротикалық Венсан гингивитімен ауыратын науқастардың сыртқы келбетін тексеру әдісі

Тексерілу барыснда терінің базаруы кейде интокциякация кезінде дәнді ісіктер байқалады. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезіндегі ауру сензімі. Әрқашан ауыздан шығатын жағысмсыз иіс (галитоз). Бұл анаэробты ақуыздың бөліндісінің нәтижесі. Сондықтан да ауыздан шығатын иіс иіс ірің сияқты. Кей жағдайларда ауыздың галитозы жалпы аурулардың себебінен болуы мүмкін. Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс сілекей бөлінуінің жетіспеушілігінен күшейуі мүмкін. Жаралы некротикалық Венсан гингивиті даму барысында ең алдымен сілекей бөлінуінің жоғарылауымен , кейіннен сілекей тұтқыр болып және оның бөлінуі төмендейді.

Жаралы некротикалық Венсан гингивитімен ауыратын адамның ауыз қуысын қарап тексеру.

Ауыз қуысын қарап тексергенде тістерде көп мөлшерде микробты қақтар, тамақ қалдықтары, тіс тастары байқалады. Тіс аралық емізікшелер, маргинальды қызылиек жеңіл алынатын сұр түсті некротикалық қақтармен жабылған. Жаралы некротикалық венсан гингивиті кезінде қызылиек зақымдануы жақтың бір немесе екі жағында да болуы мүмкін. Ошақты зақымдалу көбінесе төменгі жақтың үшінші үлкен азу тістердің жарып шығуы қиындауы кезіндегі ретромолярлы аймақта және төменгі жақтың алдыңғы тістерінің аумағында байқалады. Процесс өршігенде сілекей саны азаяды, соған байланысты секроторлық иммуноглобулин А төмендейді, лизоцим саны төмендейді.

Жаралы некротикалық Венсан гингивитінің диагностикасы.

Оның диагностикасы әдетте қиындық тудырмайды. Шағымдары: ауыз қуысындағы клиникалық көріністер, жалпы симптомы кіреді. Басқа да аурулар кезінде қызылиектің өзгеруі дифференцалды диагностика мақсатында міндетті түрде қосымша тексеру әдістері жүргізілуі қажет.

Жаралы некротикалық Венсан гингивиті кезіндегі қосымша тексеру әдістері.

ЖНВГ кезіндегі рентгендік тексеру әдісі. Рентгендік тексеру дифференцальды диагностикасы пародонтитпен бірге.

ЖНВГ кезіндегі бактериоскопиялық тексеру әдісі.

Бактериоскопиялық тексеру фузобактериялар мен спирохетолардың анықталуы үшін керек. Өткізгіштік және инфильтрациялық жансыздандыру кезінде қызылиектің некротикалық бөлімі жұлынады. Жараның беткейін қырып алу әдісі бойыншы, яғни жедел эксковатордың үлкен размерін қолдана отырып, тексеруге қажетті материалды алады. Оны заттық әйнекшеге қояды, 20-30мин кептіреді және азорэозинмен кептіреді. Микроскопияда некрозды кокктар және де басқа флоралардың қабаттары байқалады. Хейлинг өзінің тексеру жұмыстарында спирохеталардың және фузобактериялардың эпителий жасушаларына терең енуін дәлелдейді.

ЖНВГ қырындының цитологялық тексеру әдісі.

Жараның қырындысының цитологялық тексеруі бейспицификалық қабыну процестерінің көріністері үшін. Тексеру барысында мазокта байқалады: нейтрофильдердің шөгінділері, фагоцитарлы нейтрофиль, көп мөлшерде фузобактериялар және спирохеталар. Өзгермейтін эритроциттер, лимфоциттер анықталмайды.

ЖНВГ кезіндегі серологиялық тексеру әдісі.

Мерездің, АИВ инфекциялардың болмауы үшін серологиялық және де басқа тексеру әдістері жүргізіледі.

ЖНВГ кезіндегі емдік шаралар

ЖНВГ емінің мақсаты жедел белгілерін алшақтату және пародонтопатогенді микрафлроа санын азайту және парадонт тіндерінің регенерация процесіне жағдай туғызу.

ЖНВГ пародонтологиялық емінің сатылары

Пародонтологиялық ем-бұл комплексті және индивидуальды іс әрекет, жалпы және жергілікті емді қамтиды. Олүш емдік кезеңнен тұрады:

  • емнің жедел фазасы

  • емнің жедел асты фазасы

  • диспансерлік бақылаудың және динамикалық емнің фазасы

ЖНВГ жедел фаза емінің кезеңі

Жедел фаза емі- бұл маңызды кезең. Бұл жергілікті анаэробты флораға, арнайы шайғыштарды қолдануға, тістегі шөгінділер мен некротикалық қызыл иекті тазалауға, қабынуға қарсы әсер етеді. Сонымен қатар улануды дәрежесін төмендететін, организмнің қорғаныс күштерін арттыратын, асқынулардың алдын алатын шаралар да жатады.

ЖНВГ жеделдеу фазасын емдеу жедел көріністерді жойғаннан кейін жүргізіледі. Бұл құрылымға кіретіндер:

  • Науцқасқа тіс тазалау ережелерін үйрету

  • Жеке гигиенаға арналған арнайы заттарды тағайындау

  • Ереженің дурыс орындадуын қатаң қадағалау(тісжегі детекторларымен тексеру)

  • Кәсіби гигиена мен реминирализациялық терапияныф кең көлемде жүргізу

  • Жергілікті қабынуға қарсы терапия жүргізу

  • Тістің қатты тіндерінің тісжегілік емес зақымдануларын емдеу

  • Бітемесі бар тістерге ревизия жүргізу

  • Бұзылған тістерді жұлу

Бұл кезеңде науқасқа ортодонт, ортопед, хирург-парадонтолог ақыл кеңес беру қажет.

ЖНВГ кезіндегі диспансерлік бақылаудың кезеңдері:

  • Ауыз қуысының гигиенасын қадағалау

  • Кәсіби гигиена мен ремтерапияны жүргізу

  • Қажет болған жағдайда ортодонтиялық емдеу, ортопедиялық емдеу

  • Қолдаушы терапия

Алғашқы қабылдауға келген кездегі емдеу жоспары

Тістерді, тілді, ауыз қуысының шырышты қабатын, қызыл иекті жылы ерітінділермен:

  • 0,06 % хлоргексидин биглюканат немесе гексикон ертітіндісі;

  • 0,5 % сутегінің асқын тотығы

  • 1% калий перманганаты ерітіндісі мен шаю

Жансыздандырудан кейін тіс тастарын ,тіс шөгінділерін,қызылиектің шырышты қабатын,ауыз қуысын антисептиктермен шаю қажет.Жергілікті емдеу антибактериальды заттармен қолданумен аяқталады:

  • Метронидазол хлоргексидин ерітіндісінде

  • Метрагилдента

Қызылиекте некроз ошақтары бар болған жағдайда эпителийзацияның жүруін стимулдейтін заттарды қолдануға баолмайды.(шырғанақ майы,солкосерил жақпа майы және т.б).

ЖНВГ кезіндегі жалпы емдеу жоспары

ЖНВГ кезінде тағайындалады:

  1. Бактерияға қарсы заттар – нитроимидазол.

  • Метранидазол 250мг күніне 3 рет;

  • Тинидазол 500мг күніне 1рет

  • Нитазол 250мг күніне 2 рет

Науқастың ауыр жалпы жағдайында (жоғары температура,тұмау,баспа және т.б) нитромидазолдармен қосымша антибиотиктер тағайындайды:

  • Эритромицин 250 мг 4-6 сағат сайын;

  • Сумамед 500мг күніне 1рет

  • Рулид 150мг күніне 2 рет

  • Цифран СТ 250/300 мг күніне 2 рет

  1. Пробиотиктер- тірі микроорганизмдер ортасынан алынатын бактериялық препарат. Олар қалыпты микрофлораға теріс әсер көрсетпейді.

Пробиотикалық препараттар:

  • Линекс апта ішінде екі капсуладан күніне үш рет

  • Биоспорин апта ішінде екі дозадан күніне екі рет

3. Қабынуға қарсы стеройдты емес дәрілер. (ҚҚСЕД) - қабынуға қарсы ,анальгетикалық,қызуды түсіретін әсері бар,қабынудың простагландин-медиатор синтезін ингибирлейтін әсері бар препараттар,оларға:

  • Аспирин күніне 0,3-0,5-тен 2рет

  • Индометацин (метиндол) 0,25-тен күніне 2 рет

  • Кетопрофеннің лизин тұзы – ОКИ

  • ОКИ – гранулят 80 мг ,1 пакет күніне 2-3рет

  • Шайқау үшін ОКИ ерітінді күніне 2 рет

4. Антигистаминді препараттар- организмнің гистаминге әсерін төмендеті,оларға :

  • Диазолин 0,05-тен күніне 2 рет

  • Табегил 0,001-ден күніне 2 рет

  • Лоратадин (кларитин) 0,01-ден күніне 1 рет

  • Супрастин 0,025-тен күніне 2 рет

5. Иммунитет тұрақтандырушы препараттар – ағзаның иммунды реактивтілігінің төмендеуінен болған Венсанның жаралы-некротикалық гингивиті кезіндегі иммунологиялық бұзылыстарды түзетуге арналған препараттар.

Имудон- күніне 10 таблеткадан сору үшін,ем жүргізі уақыты 10 күн.Аурудың профилактикасы үшін күнінен 6 таблеткадан, ем жүргізу уақыты 20 күн,жылына 2,3 рет.

Препараттың негізі болып ауыз қуысының негізгі микрофлорасының микроағзалар лизатынан тұратын поливалентті антигенді кешен болып табылады.

Фармокологиялық әсері:

  • Фагоцитарлы белсенділікті жоғарылатады;

  • Сілекейдегі лизоцим құрамын жоғарылатады;

  • Антидененің өндірілуіне жауап беретін иммунокомпетентті жасушалар санын өсіреді және күшейтеді;

  • Ауыз қуысының қорғаныс жүйесінде маңызды рольді атқаратын SIgA санын жоғарылатады;

  • Полиморфтыядролы лейкоциттердің қышқылдық метоболизмің төмендетеді

  • Эндогенді интерферонның синтезін индукциялайды

6. Витаминді кешендер капиллярлардың сынғыштығы және өткізгіштін төмендету, зат алмасу үрдісін қалпына келтіру үшін ауыз қуысының шырышты қабығының регенерациясын жылдамдату үшін, ағзаның резистенттілігін жоғарылату үшін қолданады:

  • Аскорутин күніне 3-4 рет 1 таблеткадан

  • Аскорбин қышқылы 0,1 күніне 3рет 1 таблеткадан

  • Декамевит жоспар бойынша

  • Алфавит жоспар бойынша

  • Центрум жоспар бойынша

Сұйық тағамдарды,ақуызға, дәрумендерге бай көмірсусыз тағамдарды уақытылы қабылдауды тағайындайд.

Ауыз қуысының гигиенасын сақтау маңызды: науқас дәрігерге барғаннан кейін қарала басталған күннен ақ тісін күніне 2-3 рет тазалау керек, тіс щеткасы бастапқыда жұмсақ кейін орта қаттылықтағы тіс щеткасын пайдалану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]