Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FarmakologiaCessia_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

2.Жалпы фармакология: анықтамасы, терминдер, концепциялар.

Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельс еңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.

Дәрілік заттардың адам ағзасына әсері. Фармакодинамика және фармакокинетика Фармакалогилада дәрілік заттардың фармакокинетикалық  және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында  қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады.+ Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.

Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі: Сандық Сапалық Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты  болды. Заттардың химиялық құрылысы  және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады. Дәрілік заттардың әсерлері: Дозалар, концентрация; Дәрілік заттарды қайталып қолдану; Дәрілік заттардың әсерлесуі; Дәрілік  заттарға тәуелді заттар; Miss belt - уникальный корсет с эффектом утягивания Я не учусь и не работаю, а живу БОГАЧЕ олигархов. Система ... Дәрілердің әсері көп дәрежеде, олардың дозасымен анықталады. Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді.Әдетте дозаның жоғарылауыменн латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды. Тәуліктік дозаға әсері – бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын доза деп атайды. Дозаны граммен немесе грам үлесімен белгілейді.Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық дозаны табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары дозасын жылдам түзу қажет ететін болса, онда бірінші доза соңғылардан жоғары болады. Кейбір жағдайларда препараттың дозасы курстық емге көрсетіледі, әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанға маңызды. Қайталап қолдану – олардың әсері жоғарылауы жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Бірқатар заттардың әсеренің ұлғаюы, олардың кумуляциялану қабілетіне байланысты болады. Фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады. Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән, олар өз бөлінеді немесе ағзаға тұрақты байланысады. Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинақталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Функционалдық деп – бұл кезде зат емес, әсер жинақталады. Алкоголизм кезінде ОЖЖ нде функциясының үдемелі өзгеруіне маскүнемдіктің дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда зат жылдам тотығады, тіндерде тез сіңіріледі. Оның тек нейротропты әсерлері ғана сіңіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]