- •Мазмұны
- •1.Әдебиетке шолу
- •1.1 Қызанақтың дақылының жалпы сипаттамасы және халық шаруашылығындағы маңызы (морфологиясы мен биологиясы)
- •1.2 Қызанақтың агротехникасы.
- •1.3 Қызанақ сорттарының ерекшеліктері мен сапалық көрсеткіштері.
- •2. Зерттеу жұмысы болған жерге сипаттама
- •2.1 Зерттеу жұмысы болған институт жағдайы
- •2.2 Зерттеу болған жердің топырақ-климат жағдайлары
- •3. Зерттеу нысаны және әдістемелері
- •4. Зерттеулер нәтижелері
- •4.1 Қызанақ сорттары мен будандарына фенологиялық байқаулар және биометриялық өлшемдер жүргізу
- •4.2 Қызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының морфологиялық ерекшеліктері
- •4.3 Қызанақтың дақылдың сорттары мен будандарының негізгі ауруларына төзімділігі
- •4.4 Қызанақ дақылының зерттеліп отырған сорттары мен будандарының өнімділігі және сапалық көрсеткіштері
- •5. Қызанақ дақылының сорттары мен будандарын өсірудің экономикалық тиімділігі
- •7. Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
1.Әдебиетке шолу
1.1 Қызанақтың дақылының жалпы сипаттамасы және халық шаруашылығындағы маңызы (морфологиясы мен биологиясы)
Алқалар тұқымдасына 2300-дей түр, 85 туыс жатады. Көпшiлiгi жабайы өсетiн шөптесiн өсiмдiктер. Сиректеу жартылай бұталары да кездеседi. Алқалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң сыртқы түрi алуан түрлi. Соған қарамастан, олардың барлығын бiрiктiретiн ортақ белгiлерi болады. Жапырақтары кезектесiп орналасады. Жай жапырақтар. Жапырақ тақталары тұтас немесе жиегi тiлiмделген болып келедi. Гүлдерi негiзiнен дұрыс гүл. Тек аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi бұрыс гүл болып табылады. Тостағаншасы 5 бiрiккен жапырақшадан тұрады, күлте саны 5, олар да бiрiккен болып келедi. Аталықтарының саны 5, олар бос орналасады, 2 аналығы бар. Гүлiнiң формуласын былай жазуға болады:
* ♂♀ Т(5)К(5)Ат.5 Ж(2)
Қызанақ негізгі көкөністік дақыл болып табылады. Ғылыми түрдегі латынша атауы Lycopersicon esculentum Мill. Қызанақтың отаны Оңтүстік Америка құрлығы. Мексикандықтардың ата-тегі оны «томатель» деп атаған, осыдан қазіргі томат атауы пайда болған, ал итальялықтар «помидор», яғни «алтын алма» деп қошеметтеген. Қызанақ 1778 жылдан бастап көкөніс дақылы ретінде белгілі [4].
Жемісінде 4-7% құрғақ зат, 2-24% қант, 0,3-0,6% органикалық қышқылдар, 0,6% азотты заттар, 0,5% минералды тұздар бар. Дәрумен мөлшері бойынша ол апельсинмен лимоннан кейінгі орында. Онда 20-23 % С дәрумені, 0,6% каротин, сондай-ақ В1, В2, РР дәрумендері бар. Құрамындағы магний мен темірі бойынша қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде алдыңғы қатарда. Қызанақтан 125-тен аса азық-түлік түрлері дайындалады.
Қызанақтан қалдық қалмайды , қабығы мен тұқымы да пайдаланылады. Әртүрлі дәрумендер мен тұздардың болуы, олардың консервілерде және шырында жақсы сақталатындығының арқасында, қызанақ жоғары құнды ем-дәмдік қасиетке ие [4].
Қазіргі кезде көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде маңызды орын алады. ТМД елдерінде ол 370 мың гектар жерге аудандастырылған. Орташа өнімі – 150-170 ц/га, қорғаулы жерде – 8-10 кг/м2 . Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі. 2014 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызанақ бүкіл егістіктің 72,3% қамтыса, шаруа қожалықтары 25,2 %-ын қамтыды. Қызанақтың негізгі егістіктері Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында. Ең жоғары өнімділік Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында(294,4 ц/га). Қазақстанмен салыстырғанда Израильде қызанақтың орташа өнімі біршама жоғары(3000 ц/га). Қазақстанның солтүстігінде қызанақ 4 мың гектар жерге егіледі[5].
Тұқымдарымен егіліп өсірілгенде ашық алаңда кіндік тамырлары құнарлы, борпылдақ, жұмсақ топырақтарда 150 см-ге дейінбойлайды, ал көшеттерімен өсірілгенде 70-80 см-ден артық өспейді. Тұқымының пішіні жайпақ, үшбұрышты – бүйрек пішендес, қою түкті,мың тұқымның массасы 2,7-3,3 г.
Қызанақтың морфологиясы. Сабақтары өсіп-дамуының алғашқы кезінде тік өседі, кейіншөптектес өсімдік болғандықтан, жемістерінің салмағымен жан-жағынажайылып жатаған болып қалады, жуан болғанымен морт сынғыш болады. Вегетациялық кезеңінде жапырақтары кезектесіп өседі, осы жапырақтардың қолтық қойнауынан жанама өркендері өсіп шығады, болашақта осы жанамаөркендерде жемістер пайда болып, өнімдерінің көбеюіне зор ықпалынтигізеді. Жапырақтары мен сабақтарында желімтек жұққыш бөлетін түктерболады, бұл түктер ылғалды артық мөлшерде буландырудан қорғайды.Гүлдері кішкене, сары түсті, шашақ гүл шоғырына жиналған. Гүлшоғыры – бұйра, шашақ, жемістері – шырынды, жеміс 2-4 жəне көпұялы. Бұлұялар əрбір сорттың айырмашылықтарына байланысты түстері, үлкенді-кішілі пішіндерімен əр сорттарына тəн ерекшеліктерімен белгілі болады.[5]
Қызанақ дақылының өсіп-өну кезеңіндегі бұталарының түрлері: детерминанттты-бұтақсыз, бірінші негізгі сабағы 6-7 жапырақтан өсіпжетілгеннен кейін шоқ гүлімен тоқтайды, индетерминатты-бұтақсызорталық сабағының 8-11 жапырағы өсіп жетілген соң гүл шоғыры басталады,екі-үш жапырақтан кейін кезекті гүл шоғырларымен негізгі сабағы шексіз өсебереді. Сидам бұтақсыз (детерминатты), бұтақты (индетерминатты),қарапайым бұталы түрлерге бөлінеді.Негізгі сабақтарының биіктігі – аласа қарапайым бұталы (36 см-дентөмен), аласа (30-50 см), орташа (детерминатты), бұтақсыз сидам (51-90 см),өте биік (индетерминатты) (150 см-ден биік).Буынаралықтары – қысқа (5 см-ден қысқа); орташа (5-10 см); ұзынырақ(10 см-ден ұзын).Жапырақтарының түрлері – қарапайым, жапырақ аралық (тіксабақтыларға тəн), олар ерте пісетін сорттарда, картоп жапырағына ұқсасдөңес-ойыс болатын, кеш пісетін сорттарда болады. Жапырақтардың аумағы – кішкене (15 см), орташа (15-25 см), үлкен (25 см-ден үлкен).Жапырақтардың түсі – қою жасылдан жасыл көкке дейін.Жапырақтардың беттері – тегіс, орташа, қалың дөңес-ойыс,қыртыстанып қатпарланған.Жапырақтарының пішіні - үлкен (кең) жұмыртқа тəріздес, не болмасасопақша, үлкен қандауырлы, ланцеты, кішіне бөлек, бөлшекжапырақшаларда құралады (ланцетная – қандауырлы). Гүлдену түрлері (типі) - қарапайым, жай ғана (бұтақтанбайтын), (бірқайталап) – аралық бұтақтанатын, күрделі (көп бұтақтанып) гүлдейді. Гүл шоғының ұзындығы – қысқасы (12 см-ден кем), орташасы (12-15см), ұзынырағы (25 см –ден ұзын).
Гүлдердің түрлері - жан-жаққа тармақталған, тығыз, жиі тармақталмаған. Бірінші гүл шоғырының орналасуы – биік емес – (6-7 жапырақтан),орташасы (8-9 жапырақтан кейін), жоғарлауы (9-11 жапырақтан кейін).Жемістердің сыртқы пішіні – тегіс, жазық, жалпақ жемістердің индексі дегеніміз – диаметрінің биіктігіне қатынасы, (индекс 0,5-0,6) жалпақ, домалақша (0,7-0,8), домалақ (0,9-1,1), эллипстəріздес (1,1-1,3), ұзынсопақша(1,2-2,3), алмұрт тəріздес (1,3-1,4), цилиндр тəріздес (1,4 биік). Жемістерінің салмағы - өте кішкене ( 20 граммнан аз), кішкене (21-50),орташасы (51-100), ірісі (101-200), өте ірісі (200 г-нан салмақты).Жемістерінің беттері – шырайлы қабықтары нəзік, жұқа, нəзік, нашар,орташа, қатты күшті қабыршақты.Піскен жемістердің түстері – лимон түстес – сары, қызыл сары;таңқурай түстес, ашық қызыл, қызыл, күлгін-қызыл, күлгін, қоңыр – күлгін.Жемістер ұяларының орналасуы – түзу, түзу емес.Жеміс ұяларының сандары – аз (2-3 ұя), орташа (4-5), көп (6-10), өтекөп (10-нан көбірек).Жемістердің ішіндегі тұқымдар саны – көп емес (50-ге дейін), орташа(50-125), көп (125 данададан да көбірек).Өсіп-өну кезеңнің ұзақтығына байланысты сорттардың бөлінулері: өтеерте пісетіндері тұқымдары егілгеннен кейін жаппай көктеуінен жемістеріпіскенге дейін 75-100 күн, ерте (100-110), орташа ерте (111-115), орташа кеш(116-120), кеш (120 күннен де ұзағырақ) [6].
Қызанақ өнімдерін жинауда көптеген қиындықтарға байланысты бірмерзімде пісіп жетілетін өнімдерді 85% дейін пісетін сорттарды жинапалатын болғандықтан, ол сорттарға қойылатын талаптардың ең бастысы жемістері комбайнмен жинағанда жарылмайтын, сабақтарынан тезжұлынатын, құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері көбірек болғаны, жеке– ұйым шаруашылықтарына өте ұтымды жəне тиімді сорттар шығарылсажəне олар шаруашылықтарға енгізіліп пайдалануға рұқсат етілгсе, өте жақсыболар еді – дейді көкөнісшілер[3].
Қызанақтың биологиясы. Қызанақ – жылу сүйгіш дақыл. Оның өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура: күндіз +20+25°С, түнде +12+15°С. Температура +15°С-тан төмендесе қызанақ гүлдемейді. +10°Сөсуін тоқтатады, ал +1,5°С температурада опатболады. Соныменқатаролүшінөтежоғары температура да қауіпті болып табылады. Температура +33°С–қажеткенде, өсімдіктің өсуі баяулайды, ал +35°Сболғанда фотосинтез тоқталады; егер осы кездеауаныңсалыстырмалыылғалдылығытөмендесе, ондатүйінітүсебастайды. +25+30°Сжәнетопырақтыңорташаылғалдылығынаөскін 5-6 тәуліктепайдаболады. Топырақтыңтемпературасы +11°С -дан аспаса, ондатұқымдарыөнбейді. Бірақтермиялықөңдеуденөткентұқымдар +8°С, тіпті одан да төмен температурада біркелкіөскінбереалады.[4]
Жарыққа қоятын талабы өте жоғары, көлеңкелі жерде нашар жемістенеді. Жылыжайда қыста әлсіз жарықта гүлдеуі өскін пайда болғаннан 80-85 тәулік өткен соң ғана басталады, ал көктемдік дақыл ретінде өсіргенде – 40-45 тәулікте гүлдейді. Ауаның ылғалдылығына жоғары болғанда өсімдік саңырауқұлақ ауруларына шалынғыш келеді. Одан басқа, тозаңқаптан тозаң шашылмайды, ендеше гүлдердің ұрықтануы да жүрмейді. Олар үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы – 50-60 %. Топырақ ылғалдылығына қызанақ өсу кезеңінде орташа (60-70 %), ал жемістену кезеңінде жоғары (80-90%) талап қояды [4].
Топыраққа және қоректік заттарға талабы. Қызанақты өсіру үшін топырақ белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: жоғары бос топыраққа (65-75%), ылғал сыйымдылығы барынша аз 45-50%, ауа сыйымдылығы 20-25%, тығыздығы - 0,4-0,6 г/см3. Сондықтан топырақтың құрамында барынша бос және су өткізгішке ие құрамдауыштар енеді. Қызанақтың өнімділігі мен олардан алынатын өнім сапасына оңтайлы топырақ-климаттық жағдайларынан басқа өсімдіктің топырақтық қоректенуі де ерекше әсер етеді. Оңтайлы суару режимдерін қамтамасыз ету дақылдың өнімділігін 60-тан 100%-ға дейін, кейде одан да көпке арттырады. Қызанақ өз кезегінде органикалық, минералдық және микротыңайтқыштарға өте сезімтал келеді. Өнімнің шығымдылығына, сапасы мен олардың сақтауға төзімділігіне әсер ететін минералдық азықтың негізгі элементтері – азот, калий, фосфор, кальций, магний. Сол себептен тыңайтқыш енгізуде өте мұқият болу керек. Мысалы: азот тыңайтқышының артық болуы вегетациялық мүшелерінің күшті дамуына алып келіп, ол өз кезегінде өнім сапасы мен жеміс қалыптасуын тежейді. Фосфор тыңайтқышы жеміс қалыптасу процесін жеделдетіп, олардың қанттылығын арттырады. Калий тыңайтқышы жеміс бойындағы құрғақ зат мөлшері мен жеміс жетілуіне әсер етеді. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады.
