Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мнайды-жинау-жйесі.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
519 Кб
Скачать
☆

1.5 Мұнайгаздылық

Жетібай кен орны субендікті жазықтықты ірі антиклиналдық қатпарға үйлескен. Юра горизонтының құрылымдық бет бойынша оның өлшемдері 22х6 километр көтерілу амплитудасы 65 метр болған кезде. Құрылым айтарлықтай жатық, құлау бұрышы тереңдік бойынша 2қ-тан 5қ-ққа дейін өседі.

Терең барлау ұңғыларымен кен орнында жоғары триастықтан бастап төртік жасқа дейінгі шөгінді тау жыныстарының үш километрлік қалыңдығы, олардың ішіндегі юра жүйесінің шөгінділері өнеркәсіптік мұнайлы болып табылады.

Юра жүйесі төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлімдермен көрсетілген. Юра шөгінділері құмтастар, алевриттер, саз балшықтар, аргиллиттердің жалпы қалыңдығы 1300 метр болатын қабатшалардың кезектесіп келуімен сипатталады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 10-120 метр. Отаңғы юра бөлімдері аалендік, байостық және баттық ярустардың шөгінділерінен тұрады. Аалендік ярустық қимасында ХІІ және ХІІІ горизнттар бөлінген. Шөгінділердің жалпы қалыңдығы 165-200 метр. Байостық яруста ХІ, Х, ІХ, ХІІІ, ХІІ горизонттар бөлініп көрсетілген. Шөгінделерінің жалпы қалыңдығы 335-365 метр.

Баттық яруста ХІ, V, ІV, ІІІ өнімді горизонттар бөлініп тұр, ярустың жалпы қалыңдығы 225 метр. Келловейлік ярустың төменгі жақ бөлігінде І және ІІ өнімді гоизонттары айқындалған. Жоғарғы бөлімнің жалпы қалыңдығы 450-460 метр. Бор жүйесінің шөгінділерінің қалыңдығы 1200 метр, палеогендік және неогендік қабатта сәйкесінше – 170-200 метр және 100-125 метр. Кен орнының өнімді қалыңдығы оның аудан және қима бойынша бір теңсіздігімен сипатталатын күрделілікке ие. Юра шөгінділерінің қимасында 13 өнімді горизонттары айқындалған, оларға мұнай және газ кеніштері үйлескен.

Газ кеніштері І горизонтта, мұнай кеніштері ІV горизонтта, V (Б1+Б2+В1+В2+В3), VІ (Б2+Б3), VІІ (1-6,8+9), VІІІ (а4), ІХ (3+4), Х,Х2 (5,6+7,8+9) және ХІІ горизонттарда, ал мұнай кеніштері В11 (Б1+Б2), ІІІ (1+2+3+4+5+6), VІ (а1+а2+а3,Б1+Б2+Б3), ІХ (1+2+3+4+5) және ХІІІ горизонттарда. Қима мен аудан бойынша өнімді горизонттарының құрылысын сипаттайтын мұнай кенішінің сыйымдылық-сүзгілену қасиеттерінің құрылысын айқындап нақтылау 2-ші кестеде көрсетілген. ХІІІ горизонтта, оның қалыңдығы орташа алғанда 53 метрді құрайды, А және Б екі бумасы көрінеді, олардың әр қайсысында сәйкесінше төрт үш қабат орнықтырылған. А бумасының «аң және «а2ң, «а3ң, «а4ң қабаттарына екі мұнайгаздылы және бір мұнайлы кеніштер үйлескен. Олардың газдық бөлігінің өлшемдері 12,8х2,4 және кеніштікі 14,6х3,5.

Газ бөлігінің қуыстық көлемі Мпор=0,82; 5,8х1,2 километр және кеніштікі 13,6х3,5 километр, Мпор=0,6 кеніштігі 12,5х4,0 километр.

Б-бумасының «Б», «Б2+Б3» қабатына екі мұнайгазды кеніне байланысты. Олардың өлшемдері сәйкесінше газдық бөріктікі ІІХ,1,75 километр және кеніштікі 17,2х5 километр, Мпор=0,16 газдық бөліктік 3;8х1,4 километр және кеніштікі 16х4,2 километр Мпор=0,02.

VІІІ горизонт жоғарыда жатқан горизонттан қалыңдығы шамамен 4-17 метр болатын сазды бөліммен бөлінген.

Горизонт, жалпы қалыңдығы 150-160 метр болатын горизонт бағынышты мәнге ие, қуаты аз өткізбейтін ерекшеліктері бар бір текті тұтас қалыңдықтықтағы құмтасты-алевролиттік жыныстармен көрсетілген. Коллектор қима бойынша да және аудан бойынша да жақсы ұсталған, күнделікті тараумен сипатталады. Кейін қабаттық, төбелі, табан суы бар мұнайгаздылығы. Газ бөлігінің 6,2х2 километр, мұнайлы бөлігі 7,5х3,2 километр, Мпор=0,38

Горизонт астының тиімді қуаттылығы едәуір кең ауқымда толқиды 3,6-дан 20м дейінгі аралықта және орташа алғанда 8, м-ге тең. Горизонт асты VІІІ а+б қабаттың, төбелі шекті суары бар мұнайгаздылы кенішті білдіреді. Көтерілудің төбе алдындағы бөлігі солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай шығыңқы бұрыштармен күрделенген, олардың екеуі негізгі төбе келеді.

Нақтылы корреляциямен кеніштің нұсқа сыртындағы аумағындағы батыс күшклинал (655 ұңғы) және оңтүстік қанат (68 ұңғы) ауданында VІІІ а+б горизонт тастының жоғарыда жатқан УП горизонтымен бірігіп кеткендігінің екі онша үлкен емес аймақтары белгілі болған.

2 кесте – Қима мен аудан бойынша қабаттардың құрылысы мен таралу сипаттамасы

Гори-зонт

Бума

Кеніштер

Қабаттар

Бірге құйылу

Коэфф-ті

КРД, бірлік

Бірге құйылу к.сл, бірлік

Горизонт-ң

жату тереңдігі

м,

мөлшері

индексі

АА

Аа1

11

а1

0,98

0,18

2065

Аа2+а3

22

Аа2+а3

0,90

0,51

2170

Аа4

11

а4

0,63

0,06

ББ

ББ1

11

ББ1

0,93

0,05

ББ2+Б3

22

ББ2+Б3

0,98

0,94