22Билет 22.18дин.1инде
22.2 6нын 1инде Естіп қабылдау арқылы бала дыбыстарды бір-бірінен ажыратуды үйренеді. Бұл жердегі мақсат балада дыбыстарды бағыттала тыңдауын және оның өзара ажырата алу қабілеттерін қалыптастыру. . 22.3 1-тапс.Дыбысты буында, пароним сөздерде дұрыс айту. Са-ша сым-шым Со-шо ас-аш Су-шу ос-ош Сы-шы ус-уш Сай-шай ыс-ыш Сал-шал асық-ашық Асыл-ашыл асыл-ашыл Қасық-қашық ста-шта-ста 2-тапс. С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз. С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы сәл ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады. Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұсқсайды. Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі, жылы ауа пайда болады.Тілді төмен са-са-са – би билейді жараса! Тілді жоғары ша-ша-ша – біздің шана тамаша! 3-тапс.«Кім зейінді?» ойыны. Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп, буынды қайталайсыңдар. са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу 4-тапс. Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар. Мысалы: сана, сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина. 5-тапс.«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны. Логопед: Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар. Мыс, Шора мен Самал (шанамен ойнады).Пештің қасында сары (мысық отыр).Саягүл сары (сиырды сауды).
25 Билет
25.1. Балалардың сөз жасам дағдыларын дамыту, олардың әсері. Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу ең алдымен балаларды жаза білуге, жазу дағдыларды қалыптастыруға негіз болады.Сөздердің жасалу жолдарын үйрету. Интеллектісі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің граммматикалық құрылымы кешігіп, ерекше өзінің жетілмеуімен ерекшеленеді де, аграмматизмдер, грамматикалық жалпылауды қажет ететін тапсырмаларды орындағандағы қиындықтарымен сипатталады. Сөзжасам және сөзөзгертудің морфологиялық формаларымен қатар сөйлемдердің синтаксистік құрылымдары жеткіліксіз қалыптасқан.
25.2. Әріптік гнозис қалыптасуында жүргізілетін жаттығулар. Әріптік гнозис қалыптасуында жүргізілетін жаттығулар. Әріптік гнозис – сол жақ жарты шардың самай-артқында локальданады, жарты шарлардың тілдік доминанттығына ие болады. Кейбір адамдарда әріптік гнозис өкілдігі оң жақ жарты шарда болады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түріне қарай жаттығу жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.
25.3. Әр түрлі сигматизм түрлерін түзетудің спецификалық тәсілдері. 1.Сигматизм – гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық /с,сі, з, зі ,ц/ және ызың /ш,ж,ч,щ/ дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында ең көп тараған түрлері.С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, С дыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес. 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы африкативті компоненттерін алуға болады. дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/. Жаттығуда ысқырынған дыбыс қалыптасқан соң - С және С' дыбыстарының айырмасына назар аудару керек.Өте қиын жағдайда тілдің бүйірлері жоғарғы азуларға жабысуын тілдің ұшы төмеңгі күрек тістерге тірелуін камтамасыз ететін айна алдындағы артикуляциялық гимнастика ұсынылады. Осы мақсатта тілді «күрек», «жырашық» түрінде сыртқа шығару, тілге таңдай сорғызу және сол қалыпта төменгі жақты жоғары, төмен қозғау тіл бүйірлерін азуларға жапсыру, сол кезде тіл ұшын төменгі күрек тіске тіреу сияқты жаттығулар пайдалы.
