Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақпараттық желілер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

4.Желілік қосымшалардың архитектурасы. Қарапайым және коммутациялық желілер.

Желі — бұл мәліметтерді жіберу және өңдеу құрылғылармен құрылған объектілердің жиынтығы. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым, есептеуіш желіні бірінен кейін бірі бит жүйесіне келетін тәуелсіз құрылғылармен өзара байланысқан ақпарат жіберуді анықтады. Желі әдетте қолданушының өзімен жүргізіледі және кейбір аумақты алады да, аумақтық белгісі боынша келесідей бөлінеді: Локальдық есептеуіш желі (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан. ЛЕЖ әдетте қандай да бір ұйымның шекарасында орналастырылады, сондықтан оларды корпоративті деп атайды. Бөлініп тармақталған компьютерлік желілер әртүрлі ғимараттарда, қалаларда және мемлекеттерде орналасқан, глобальды немесе Wide Area Network (WAN) аумақтық, аралас және глобальды болады. Осыған байланысты глобальды желілер төрт негізгі түрде болады: қалалық, аумақтық, халықаралық және транснациональды. Мысал ретінде өте үлкен масштабтабөліп тармақталған желілерді атап өтсек: Internet, EUNET, Relcom, FIDO. Ортақ жағдайда желінің құрамына келесі элементтер кіреді: желілік компьютерлер (желілік адаптермен қамтамасыз етілген); байланыс каналдары (кабельдік, спутниктік, телефондық, цифрлық, волоконды-оптикалық, радиоканальды және т.б.); сигналдардың әртүрлі жағдайда қайта құрылуы; желілік жабдықтар. Желіні екі түсініктеме ажыратады: коммуникациялық желі және ақпараттық желі. Коммуникациялық желі мәліметтерді жіберу үшін арналған, және де ол мәліметтерді қайта құруға байланысты есептерді орындайды. Компьютерлік желілер физикалық қосылу жағдайды қолданудың түрлерімен ажыратылады. Ақпараттық желі ақпараттарды сақтауға арналған және ақпараттық жүйелерден тұрады. Компьютерлік желілердің қорында ақпараттық желілердің тобы құрылуы мүмкін: Ақпараттық жүйе деп ақпараттарды жіберуші немесе тұтынушы жүйе деп түсіну керек.

5.Компьютерлік желілердің топологиялары. Жіктелуі. Базалық топологиялар.

11.Кабельдер түрлері. Сипаттамалары, ерекшеліктері мен артықшылықтары.

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа менСолтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс – күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксилді кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км). Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 – 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн.