- •1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •3. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- •3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз
- •18 Bilet
- •Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •19 Bilet
- •1 ) Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
- •Жайнизм[өңдеу]
- •1.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз
- •1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз
18 Bilet
Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
Антикалық философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:1.Сократқа дейінгі кезеңдік философия.Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. 2.Классикалық кезең. Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.3.Римдік-эллиндік кезең. Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Милет мектебі ежелгі грек философиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған, бәрі қайтадан суға айналады дейді. Тіпті жердің өзі су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» негіз ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.Анаксимен – ежелгі грек материалист – философы, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Пифагоршылдық — дүниенің мәні сандық қатынастарда деген принципке сүйенген философиялық ілім ж/е Пифагордан бастау алған. Пифагоршылдық ілімі әуелде ауызша (жасырын) тараған. Пифагоршылдық бірте-бірте Сократ, Платон философиясымен ұштасты. Пифагоршылдыққа негіз болған сан жөніндегі ілім бойынша санды құдірет тұтып, әлемді сандар жүйесі деген. Элей мектебі- Элей қаласында пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Э. м. философия тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды.Ксенофан - Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, олар да Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген ежелгі грек философы. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Софистер -«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик,Екінші тобы- «Кіші софистер»-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика –сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.
2)Жаңа заман философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларын салыстырып, талдау жасаңыз.Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға.Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күш» (Знание – сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері – құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар: 1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. 2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе. 3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. 4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналар мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Рене Декарт. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар»,«Метод туралы ойлар»т.б .Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді.Декарт төрт ережені тұжырымдайды:1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек.Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация. Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады.
3) Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талдаңызМатерия – кеңістікте өмір сүретін, руханилыққа қарама-қарсы «заттық» әлемдердің бірлігі мен тұтастығын айқындайтын арнайы философиялық жалпы ұғым.Физикалық өрістер, элементар бөлшек, атом, молекула, химиялық элементтер, ағзалар, т.б. барлығы материя тобына жатқызылады. Жоғарыдағы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады: материя – жалғыз субстанция, ол жаратылмайды және жойылмайды, оның қасиеттері – қозғалыс, кеңістік, уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана (соңғы қасиет адамға ғана тән).Материяның басты қасиеті – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ.Қозғалысты кез келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол объективті және абсолютті. Сонымен қатар қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отырады.Материалдық дүние шексіз, яғни қозғалыс формалары да сансыз көп. Қозғалыс формаларының Ф.Энгельс 19-ғасырда жасаған классификациясы қазіргі кезде ғылымның жаңалықтарымен толықтырылып, кеңейе түсті.Ол қозғалыстың механикалық,физикалық, химиялық , биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті.Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің формалары болып табылады, кез-келген материя қозғалысы белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асып, кеңістік арқылы орындалады. Уақыттан тыс қозғалыс болмайды, қозғалыс болмағаннан кейін материя да болмайды, сәйкесінше, қозғалыс белгілі бір кеңістік өлшемдерін пайдалана отырып, өзін-өзі іске асырады, демек, кеңістіктен тыс қозғалыстың болуы да мүмкін емес, мұндай кеңістіксіз қозғалыстың мүлде болмауы, материяның да мүлде өмір сүрмеуіне алып келеді. Философия мен жаратылыстану құбылыстарында уақыт пен кеңістіктің шынайы немесе шынайы еместігі жөнінде екі түрлі көзқарастар бар: Біріншісі – уақыт пен кеңістік объективті өмір сүрмейді, біздің санамызды ғана деп санайтын субъективті идеалистік бағыт: Дж. Беркли, Кант,Э.Мах.Екіншісі – уақытпен кеңістік біздің санамыздан тәуелсіз шынайы өмір сүреді деп санайтын материализм, неореализм сияқты бағыттар. Кеңістіктің сипаттары:үш өлшемді – ені, ұзындығы, биіктігі бар; қақ жарылғандай симметриялы бола алады т.б; ал уақыттың сипаттары:бір өлшемді – өткеннен болашаққа қарай жүреді, шартты түрде үш кезеңнен тұрады – өткен, осы шақ, болашақ. Олар біздің санамыздан тәуелсіз яғни, біз оларды бағындырып, уақытты кері қайтарып немесе тездетіп жібере алмаймыз, ол бірқалыпты өз жылдамдығымен жүріп отырады,тіпті адамзат жойылып кетсе де,олар бәрібір бар болып тұрады. Кеңістік пен уақыттың абсолюттілігі – санамыздан тәуелсіз объективтілігінен,шексіздігінен анық байқалса, салыстырмалылығы белгілі бір шарттарман айқындалатындығына байланысты болып келеді. Мәселен, 1916 жылы А. Эйнштейн абсолюттік қозғалыс, абсолюттік уақыт ұғымдарынан бас тарта отырып, өзінің салыстырмалылық теориясын ұсынды: дененің жылдамдығы артқан сайын, оның массасы ауырлап, уақыттың жүрісі баяулай түседі, ол қозғалыс жарық жылдамдығына,яғни,300 000 км/сек жеткен сәтте уақыттың жойылатындығын айтып, кеңістіктің төртінші өлшемі уақыт болып айқындады.
