- •1) Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
- •2) Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;
- •3) Тіркескен сөздер предикативтік емес қатынаста болады (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық).
- •10) Құрмалас сөйлемнің даму жолдары
- •11) Синтаксистік сөз тіркестері мен тұрақты тіркес ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
- •12) Құрмалас сөйлемнің байланысу тәсіліне қарай түрлері
- •13) Қабысу: грамматикалық белгісі, қызметі
- •14) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Инверсия.
- •15) Сөйлем мүшесі, белгілері, құрамына қарай түрлері
13) Қабысу: грамматикалық белгісі, қызметі
Сөздердің байланысу түрлері
№ |
Ереже |
Септеулік |
Мысал |
1 |
Қиысу |
сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық жәнебаяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. |
Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.). |
2 |
Матасу |
сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы |
Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым |
3 |
Меңгеру |
сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс жәнекөмектес септік жалғауларыарқылы байланыс |
алаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу |
4 |
Қабысу |
сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібіарқылы іргелес байланысқан түрі (бірінші сөзанықтауыштың сұрағына жауап береді) |
кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, |
5 |
Жанасу |
сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейдеіргелес тұрып байланысуы; пысықтауыш пен баяндауыштың байланысы |
телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу |
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы
Синтаксистік қатынастың түрлері |
Байланысу түрлері |
Сұрақтары |
Мысалдар |
Анықтауыштыққатынас |
Матасу, қабысу |
Кімнің? Ненің? Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? |
Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй. |
Толықтауыштыққатынас |
Меңгеру |
Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? |
Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу. |
Пысықтауыштыққатынас |
Меңгеру, қабысу, жанасу |
Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен? |
Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б. |
Қабысу — синтаксистік байланыстың жиі кездесетін бір түрі. Сөз тіркесінің бағыныңқы және басыңқы сыңарларының жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі арқылы байланысуы. Қабысу сөйлемде анықтауышты не пысыктауышты өздеріне қатысты мүшелерімен, кейде күрделі мүшелермен байланыстырады. Қабыса байланысатын сөз тіркестері есімді сөз тіркестері мен етістікті сөз тіркестерін жасауға қатысады. Мысалы: алтын сағат, қамыс құлақ, шабан үйрек, жүз адам, бүкіл дүние; лезде келу, жалт бұрылу, ұйқысыз өткізу, екі есе көбею т.б
14) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Инверсия.
Сөйлемдегі сөзердің орын тәртібі Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста колданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.
Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады, көбіне сөйлемнін бас жағында болады да, баяндауыш сөйлемді аяқтап тұрады. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты (Мұстафин). Тек кейде төл сөзді сөйлемнің автор сөзінде (-деді ол дегенде) бастауыш баяндауыштан кейін келуі мүмкін. 2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Мысалы: Қаражанның ашуы көздің жасына да айналды (М. Әуезов). Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес. (Мұстафин). Берілген сөйлемдерде Қаражанның (кімнің?), көздің (ненің?) деген анықтауыштар ашуы, жасына деген анықталушы сөздерінен, жасына (неге?) деген толықтауыш айналды деген толықтайтын сөзінен, еш уақытта (қашан?), мұндай (қалай?) деген пысықтауыштар өздері пысықтайтын қуанған емес деген сөзінен бұрын тұр. 3. Бір ғана анықталушы сөзге қатысты бірнеше анықтауыш сөйлемде былай орналасады: анықталушы сөзге ең жакын анықтауыш зат есімнен болған, одан әрірек сын есімнен, есімшеден және сан есімнен болған анықтауыштар, ең әріде ілік септікті сөзден болған анықтауыш тұрады. Мысалы: Жұмысшылардың жалаңдаған өткір темір күректері жерді қояр емес. Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өленде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!— Дала, Жамбылды тында. Тарт қолыңды Вьетнамнан!— Қолыңды Вьетнамнан тарт. Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.
