Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
воп 612.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жанұялық амбулатория жағдайында темір тапшылықты анемиямен ауыратын науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы».

Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға 32 жасар әйел келді.

  • Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

  • Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

  • Диагноз қойыңыз

  • Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

  • Темір тапшылықты анемиясы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

  • Темір тапшылықты анемияның клиникалық диагностикасы.

  • Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, қанның биохимиялық анализін, жасырын қанға нәжісті тексеруді, ФГДС жасау және олардың нәтижелерін талдау.

  • Темір тапшылықты анемиямен сырқаттанған науқасты жүргізу тактикасы.

«Жанұялық амбулатория жағдайында темір тапшылықты анемиямен ауыратыннауқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)

№

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балмен

бағалау

Дұрыс

орындады

дұрыс орындамады

Орындамады

1

Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма?

1,0

0,5

0

2

Темір тапшылықты анемия ауырлығының критериилері анықталды ма?

1,0

0,5

0

3

Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру

2,0

1,0

0

4

Сидеропениялық және анемиялық синдромдардың клиникасын дұрыс талдады

1,0

0,5

0

5

Болжама диагноз

2,0

1,0

0

6

Зерттеу жоспарын тағайындау

2,0

1,0

0

7

Салыстырмалы диагностика жоспары

1,0

0,5

0

8

ЖҚА, ЖЗА, нәтижесін талдады

1,0

0,5

0

9

Қанның биохимиялық анализінің нәтижесін талдады

1,0

0,5

0

10

Жасырын қанға нәжісті тексерудің нәтижелерін талдады

2,0

1,0

0

11

ФГДС нәтижесін талдады

2,0

1,0

0

12

Емдеу тактикасын анықтады

2,0

1,0

0

13

Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі.

2,0

1,0

0

ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ

20

10

0

Этап бойынша максималды балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Науқас – 32 жасар әйел

Шағымдары: басы айналуы, көз алдында шыбын-шіркей көрінуі, дәм және иіс сезуінің бұрмалануы, жүрек қағуы

Сұрақтың мәні

Актер үшін сұрақ құрастыру

Актердің жауабы

Басы айналуының, көз алдында шыбын-шіркей көрінуінің, жүрек қағуының пайда болуы

Басы айналуы, көз алдында шыбын-шіркей көрінуі, жүрек қағуы қашан пайда болды?

Басы айналуы, көз алдында шыбын-шіркей көрінуі, жүрек қағуы бір жылдан бері бар

Дәм және иіс сезуінің бұрмалануы

Қандай да бір заттарға, иістерге құмарлық пайда болды ма?

Маған ацетонның иісі ұнайды, бор, сазды жеп көргім келеді

Тырнақ, шаштың өзгеруі

Тырнақтарыңыздың, шашыңыздың өзгеруін байқадыңыз ба?

Иә, шашым құрғақ және сынғыш болып кетті, тырнақтарымда көлденең сызықтар бар

Тері жабындысы түсінің өзгеруі

Тері жабындыңыздың түсі өзгергенін байқадыңыз ба? Өзгерсе, бозғылттану қашан пайда болды?

Байқамадым

Постгеморрагиялық анемияны жоққа шығару үшін нәжіс пен зәр түсінің өзгеруін анықтау

Нәжіс пен зәріңіздің түсі өзгерді ме?

Жоқ, зәрімнің де, нәжісімнің де түсі өзгермеді.

Менструациялық қан кетуінің қарқындылығы

Менструацияңыздың сипаты қандай?

Көп мөлшерде, ауыру сезімімен, ұзақ, 7-8 күн бойы.

Тамақтану режимі

Тамақтануыңыз қалай? Етті қаншалықты жейсіз? Диета ұстанасыз ба?

Мен етті сирек жеймін, кей күндері жеңіл тамақтанамын – тек алма, айран ғана қабылдаймын.

Анамнезінен: өзін бірнеше жыл бойы аурумын деп есептейді, басында әлсіздік, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің нашарлауы пайда болған. Бір жыл бойы басы айналуы, көз алдында шыбын-шіркей көрінуі, жүрек қағуы, дәм сезуінің бұрмалануы болған. дисфункционалды жатырлық қан кетулерге байланысты гинекологқа қаралып жүр.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы құрғақ, көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. Тіліндегі емізікшелер тегістелген, езулері жарылған. Шашы құрғақ, тырнақтары көлденеңінен сызылған, жайпақталған. Аңқасы тыныш. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ минутына 17 рет. ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚҚ 120/70 мм сын. бағ. Жүректің шекаралары өзгеріссіз. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімі бар, Курлов бойынша бауыр өлшемі 9х8х7. Зәр бөлуі еркін, нәжісі қалыпты.

Зерттеу жоспары:

  1. ЖҚА: Гемоглобин 75г/л, Эритроцит 3,2х10 12 /л, микроциттер, айқын анизоцитоз, пойкилоцитоз, ТК 0,7 (Hb х3 / эритроциттер санының алғашқы үш цифрасы), Тромбоциттер 192 х 10 9/л, Ретикулоциттер 0; Лейкоциттер 4,1х10 9 /л, Базофилдер 1%, Эозинофилдер 2%, Нейтрофилдер: Таяқша ядролылар 5%, Сегмент ядролылар 67%, Лимфоциттер 20%, Моноциттер 5%, ЭТЖ 15 мм/ч

  1. ЖЗА: Түсі – соломды-сары, Тұнық, Реакциясы – қышқыл (pH 6), Тығыздығы 1012, Микроскопиялық зерттеуде: Эпителиалды жасушалары 1-3 көру аймағында, Эритроциттер жоқ, Лейкоциттер жоқ, Оксалаттар +

  1. Қанның б/х анализі: Сарысудағы темір 5,1 мкмоль/л, Қан сарысуының жалпы темір байланыстыру қабілеті 110 мкмоль/л, қан сарысуындағы 0,3 мкг/л, трансферрин 10 %

  1. Жасырын қанға нәжісті тексеру: теріс

  1. ЭФГДС: Өңеш: өзегі - қалыпты, шырышты қабаты бозғылт түсті. Эзофагокардиалды ауысымның шекарасы қалыпты орналасқан. зақымданулар жоқ. Кардия: кардиалды қыспақ толығымен жабылады. асқазанның кардиалды бөлімінің шырышты қабатының пролапсы – жоқ. Асқазан: деформация - жоқ Ішінде -мөлдір секрет Қатпарлары - тегістелген Перистальтикасы - төмен Антралды бөлімінің шырышты қабаты – бозғылт Ошақты өзгерістер – жоқ. Қалтқы: Толығымен жабылады Шырышты қабаты - бозғылт Дуодено-гастралды рефлюкс - жоқ. 12 елі ішек пиязшығы – деформация жоқ. Шырышты қабатының жарасы - жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]