Қорытынды
Мен өндірістік тәжірибе өту барысында «Азия Кредит Банк» АҚ шығу тарихы, жарғы, шаруашылық қызметімен, атқаратын қызмет түрлерімен, ұйымның құрылымымен толығырақ таныстым. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтап, өндірістік тәжірбиеден өтудегі негізгі мақсатым барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау жүргізуімен таныстым.
Тәжірбие барысында теориялық білімімді іс-жүзінде іске асыра білдім деген ойдамын. Тәжірбие бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптік біліктілікті жетілдіру мақсатында кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің бухгалтерия бөлімін салыстыра қарастырдым. Мемлекеттік мекеменің кәсіпорыннан айырмашылығы, Қазынашылықтан қаржыландырылады, ал кәсіпорынның қаржыландыру көзі болып кәсіпорынның пайдасы мен кірістері болып табылады.
Нарықтық жағдайына қарамастан «Азия Кредит Банк» АҚ бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылаудың өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл бөлінген. Осыған байланысты кәсіпорын экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асыруына және өркендеп дамуына ықпал етуде.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
Пайдаланыдған әдебиеттер тізімі
www.asiacreditbank.kz
www.kase.kz
«Азия Кредит Банк» АҚ КНБ жарғысы
