Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақша аударыл.рентген.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

Рентген сурет 18

Науқастың ортопантомограммасында 15, 25 тістері жоқ. 25 тістің ұяшығында бөгде заттың көлеңкесі байқалады. 16 тіс асқынған тісжегімен емделген, түбір өзектері түбір сыртына шығарыла пломбыланған. Таңдай түбірінде анкерлі штифт бар. Ұрт жақ түбірлер ұшында шекарасы айқын емес сүйек тінінің деструкциясы анықталады.

12,11, 21,22 тістердің жанасу беттері пломбыланған.

36 тіс асқынған тісжегімен емделген. Медиальді түбір ұшында шекарасы айқын сопақ пішінді деструкция ошағы бар, пломбалық материал түбір сыртына шығарылған. Дистальді түбірдің периодонт саңылауы кеңейген, түбір өзек ұшына дейін пломбыланған.

37 тіс асқынған тісжегімен емделген, пломбасы бар. Медиальді түбір өзектің ½ бөлігіне дейін, ал дистальді түбір өзек 2/3 пломбыланған, периодонтта өзгеріс байқалмайды.

47 тіс асқынған тісжегімен емделген, пломбасы бар. Дистальді өзек түбір қшына дейін пломбыланбаған. Медиальді өзектер 2/3 бөлігіне дейін пломбыланған, периодонтта өзгеріс байқалмайды.

Диагноз: периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы 16 тісте., периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы 36 тісте,

Рентген сурет 19

Ортопантомограмма.17,15, 25,26,27,37 тістері жоқ.

15 тістің альвеола ұяшығында бөгде заттың көлеңкесі байқалады.

11 тістің медиальді жанасу бетінде IV класс бойынша тісжегі бар, тіс қуысымен байланыспаған,тіс қуысында дентикл анықталды.

47 тістің сауыты толығымен бұзылған, сақталған түбірлердің бифуркациясында және айналасында сүйек тіні ыдыраған ,шекарасы анықталмайды.

Диагноз: орта тісжегі 11 тісте, IV клас бойынша., периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы 47 тісте

Рентген сурет 20

Ортопантомограмма. 17, 14, 25, 27 тістері жоқ.

11, 12 тістердің латеральді жанасу беттерінде ІІІ класс бойынша тісжегі бар, периодонтта өзгеріс жоқ.

23 тіс өз осінен айналған. 24 тісте тісжегі бар.

37 тіс асқынған тісжегімен емделген, пломбасы бар, түбір өзектерінде пломбалық материал сақталмаған. Дистальді және медиальді түбір өзектері ұшында сопақ пішінде сүйек тінінің сорылуы анықталады.

35 тісте тісжегі қуысы бар, түбір өзегі түбір ұшына дейін пломбыланбаған, периодонтта өзгеріс байқалмайды.

34 тістің сауыты бұзылған, тісжегі ІІ класс бойынша, тіс қуысымен байланысқан. Түбір ұшында периодонт саңылауы аздап кеңейген.

44 тістің дистальді жанасу бетінде тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланыспаған.

47 тісте пломба жартылай сақталған, дистальді жанасу бетінде ІІ класс бойынша тісжегі қуысы бар, тіс қуысында дентикл анықталады, периодонтта өзгеріс жоқ.

Диагноз:орта тісжегі 12 тісте, терең тісжегі 11 тісте, периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы 34тісте, периодонттың гранулематозды қабынуы 37 тісте.

Рентген сурет 21

Ортопантомограмма. Жоғарғы және төменгі тістердің араларында диастема және трема анықталады. 16 тісте шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан тісжегі бар.

14, 15 асқынған тісжегімен емделген, түбір өзектері 2/3 бөлікке дейін пломбыланған, анкерлі штифттері сақталған, периодонт саңылауы кеңейген.

13 тістің мойын бөлігінде пломба бар.

23, 24 тістер пломбыланған.

25 тіс асқынған тісжегімен емделген, түбір өзек ұшына дейін пломбыланбаған. Түбір өзекте анкерлі штифт бар.

26 тісте пломба жартылай сақталған, бұрын асқынған тісжегімен емделген.Таңдай түбірінде пломбалық бар, бірақ түбір ұшына дейін пломбыланбаған.Ұрттық өзектер пломбыланбаған.Ұрттық дистальді түбірдің ұшында периодонт саңылауы аздап кеңейген.

27 тісте тіс қуысымен байланыспаған тісжегі бар, тіс қуысында дентикл анықталады.

47,46 тістер жоқ. 45,44 тістерге жасанды сауыт кигізілген.

42 тіс асқынған тісжегімен емделген, түбір өзек толық пломбыланбаған. Түбір ұшы аймағында дөңгелек пішінді сүйек тінінің ыдырауы анықталады.

35 тіс жоқ. 36 тіске жасанды сауыт кигізілген.Дистальді түбір өзек 1\2 бөлікке дейін пломбыланған,пломбалық материал түбір сыртына шығарылғаны көрініп тұр, түбір ұшында дөңгелек пішінді сүйек тіні ыдыраған.

37 тісте пломба бар,дистальді өзек түбір ұшына дейін пломбыланған, медиальді өзектің сағасында пломбалық материал сақталған,түбір ұшында периодонт саңылауы кеңейген.

Диагноз: периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы 14,15,26,37 тістерде., периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы 42,36 тістерде.