Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қан қысымын өлшеу

Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау. Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады

Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

2.Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3.Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4.Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5.Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6.Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7.Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8.Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) - систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) - диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9.Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

10. Фонендоскоп пен танометрді қолданып болғаннан кейін 70 % спирттің көмегімен екі рет сүртіп, қорабына салып, орнына қоямыз.

а-аппарат Риво-Рочи; манжет, монометр, грушалық бұрандағыш

б-манжетті иыққа қою; в-артериялық қысымды өлшеу.

Тапсырма:

  • Тақырып бойынша стандарттармен жұмыс.

  • «Артериальды гипотензия» туралы, және көмек көрсетуді орындау.

  • «Артериальды гипертензия» туралы, және көмек көрсетуді орындау.

  • Систолалық және диастолалық артериальды қан қысымының қалыпты көрсеткішін айқындауды орындау.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. «Науқастың фунциональды жағдайын бағалау» тақырыбына глоссарий құрастыру

  2. «Науқастың функциональды жағдайын бағалау» тақырыбына граф логикалық кесте құрастыру.

  3. Температуралық парақты толтыру.

  4. Артериальды қан қысымын өлшеу , бағалау және температуралық параққа тіркеу.

СОӨЖ мазмұны:

  • Танометр және фонендоскоппен жұмыс жасауды орындау.

  • Артериялық қысымды өлшеуді жасау.

  • Артериальды қан қысымының өзгерісін сан түрінде параққа жазу және температуралық параққа графикалық түрде жазу.

  • «Артериальды гипотензия», «Артериальды гипертензия», «Артериялық криз» кездерінде көмек көрсету.

  • Танометр және фонендоскопты қолданғаннан кейін зарарсыздандыру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Мухина С.А.,Тарновская И.И. Прак. Руковод. к предмету « Основы сестринского дела». Уч.пособие для мед.училищ и колледжей, 2 издание, изд « ГЭОТАР – Медиа», 2012 г.

  2. Мухина С.А.,Тарновская И.И. Теоретические ОСД: - 2 издание М.,ГЭОТАР – Медиа, 2010 г.

  3. КулешоваЛ.И. « ОСД» : курс лекций, сестринские технологии (издание 2 - ое), Ростов-на-Дону, Феникс, 2011г.

  4. Обуховец Т. П. «ОСД» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс»,2010г (издание 10-ое, стереотипное) под редакцией К.М.Н Б.В. Кабарухина.

  5. ШироковаН.В. и др. «ОСД»:Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.

  6. Яромич И.В. « Сестринское дело и манипуляционная техника», Минск, 2010г.

  7. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «ОСД». Нурманова М.Ш., Матакова Ж.Т., Бейскулова Э.Т., г.Алматы «Sunnur»ТОО, 2011г.

  8. Мейірбикелік іс негіздері. С Қ. Муратбекова – Астана, 2007г.

  9. Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы М. Ш. Нурманова, Ж.Т. Матакова, Э.Т. Бейскулова, Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Осипова В.Л. «ВБИ»: уч.пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2012 г.

  2. ОСД, Ситуационные задачи: практикум Морозова Г.И. – М., 2009г.

  3. Мейiрбике манипуляциясы алгоритмдерi. Д.А.Даулетбаев, М.А.Абабкова, Г.К.Ердесова.-Алматы, 2010.

  4. «Медбикелік іс негіздері жағдаяттық тапсырмалар» А.М. Садыкова, К.О. Даурбаева, Ә.А. Наурызбаев