Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

Термин сөздер

Нобай- эскиз (фр. esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба.

Кескіндеме- бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.

монументті-сәндік-(қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер).

қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар, сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).

фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.

Қылқалам— кескіндемеде, графикада, каллиграфияда негізге (кенеп, қағаз, т.б.) сырлы бояу қабатын жағу үшін қолданылатын құрал. Қылқаламды жануарлардың жүні немесе қылынан қаламсапқа бекітіп жасайды. Сырлы бояулы кескіндемеде Қылқаламның жаққышы (дөңгелек және жалпақ пішінді) қатты қылдан, желімді кескіндеме мен фрескада ұзынша қылдан жасалады.

Мозаика (французша, италянша. – музаларға арналған) – жылтыр тас, қыш тақта, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы.

Бағана - орыс тілінде столб, опора. Құрылыста тіреуіш қызметін атқаратын бөлшек.

Қасбет-архитектуралық элемент. Сәулет әнерінде ғимараттың не құрылыстың маңдай беті. Оның түрі, жасалу ерекшелігі ғимараттың атқаратын роліне, конструкциялық ерекшелігіне және маңайындағы ансамбль ішінде алатын орнына қарай жасалады.

Өлшем – заттың, нәрсенің сапалық және сандық сипаттарының диалектикалық бірлігін көрсететін философиялық категория.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері.

Барокко стиль— көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану.

Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт.

Рококо (фр. rococo), рокайль - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль.

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке қарап оның қай жанр түріне жататынын анықтауға болады.

Тарихи жанр - бейнелеу өнерінің тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді, қоғам өміріндегі әлеуметтік мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған негізгі саласының бірі, Тарихи жанр, негізінен, өткен тарихқа бағытталғанымен де, кейде өз заманындағы күрделі өзгерістерді қамти алады.

Тұрмыстық жанр - бейнелеу өнерінің жанры. Әдетте тұрмыстық жанр туындылары күнделікті тіршілікті немесе қоғамдық өмірді кескіндеп бейнелеу мақсатында жасалады. Тұрмыстық жанрда тұрмыстық кескіндеме басты рөл атқарады әрі жанрлық тақырыптар мұнымен бірге графика мен мүсін саласында да кең көрініс береді.

Портрет — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу.

Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]